НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет89/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   264
1. МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН
ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА 
ҚОСЫЛУ ЖОЛЫНДА
Жаңа ғасыр табалдырығында: 
2000 және 2001 жылғы Жолдаулар
Қ
азақстан үшін де, барлық адамзат үшін де 2000 жыл өліара шақ болды: 
ХХ ғасыр аяқталып, ХХІ ғасыр басталды. Күнтізбедегі бұрын көз үйрен-
беген «2000» деген ерекше санның өзі алда айрықша бір жағдайлар күтіп 
тұрғандай әсер туғызды. Жаңа ғасыр ресми түрде 2001 жылдан басталуға 
тиіс болса да, миллиондаған адамға үшінші мыңжылдық 2000 жылы-ақ кіріп 
келетіндей көрінді. Мұның өзі кәдімгідей пікірталасқа ұлас ты. Мыңжыл-
дықтың ғаламдық психологиясы осындай еді.
Жаңа ғасыр алдымызға тартқан міндеттерді қалай түсінетінімді мен 
Қазақстан халқына Жолдауларымда жан-жақты айтқанмын. 2000 жылдан 
бастап олардың бірте-бірте бедері айшықталып, көкжиегі кеңейе келе, 
2030 стратегиясының алуан түрлі өрнектері көрініс табатын ауқымды па-
норамаға айналды.
Әрбір Жолдау «Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыруға жа-
салған жаңа қадам болып, алдағы жылы атқарылуға тиісті міндеттерді ай-
қындап беріп отырды. Сол 2000 жылдың өзінде-ақ Үкіметке экономиканың 
өсуін қамтамасыз етуге басымдық беретін бесжылдық индикативті және 
онжылдық стратегиялық жоспар дайындау тапсырылды. Сөйтіп біздің 
стратегия біртіндеп нақты да айқын сипат ала бастады.
2000 жылдың 16 қазанында мен Қазақстан халқына «Еркін, тиімді және 
қауіпсіз қоғамға қадам» атты Жолдауымды жарияладым. 2000 жылғы өн-
діріс пен сауда айналымының өсімі жөнінде айта келе, мен 2001 жылы бюд-
жеттік мекеме қызметкерлерінің айлығы 30-40 процентке көбейтілетінін ха-
барладым, сонымен қатар кәсіпкерлерді де жеке секторларда еңбек ететін 
қызметкерлердің жалақысын көтеруге шақырдым. Адамдар өмірдегі оң өз-
герістерді толық сезінетін және жүріп жатқан реформаның жемісін жейтін 
уақыт жетті. Халықтың табысын нақты ұлғайтуды және адамдардың тұрмыс 
жағдайын жақсартуды көздейтін бұл ұстаным бүкіл қоғам тарапынан қызу 
қолдау тапты. 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
177
Сондай-ақ таяудағы бес жылда жүзеге асырылуға тиісті бірнеше 
индикативті мақсат белгіледім: ІЖӨ деңгейін 30 процентке, еңбекақы 
көлемінің өсу қарқынын кемінде 25-30 процентке арттыру, ақшаның 
жылдық инфляциясын 4-5 процент көлемінде ұстап тұру, ІЖӨ-ге шаққан-
да салық түсімінің көлемін 25 процентке өсіру көзделді. 1990 жылдар-
дағы қиыншылықтар артта қалып, біз экономикалық өсу кезеңіне қадам 
бастық.
2001 жылғы Жолдау 2000 жылғы Жолдаудың заңды жалғасы іспетті еді. 
Мен 2001 жылдың 16 қыркүйегінде «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі 
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» атты Жолдауымды: «Біз 
таңдап алған ашық нарықтық экономиканың моделі дұрыс екенін өмірдің 
өзі дәлелдеп берді деп нық сеніммен айтуға болады», деген сөздермен 
бастаған болатынмын.
2001 жылғы Жолдаудың негізгі бөлімінде 2010 жылға дейін орындалуға 
тиісті басымдықтар белгіленген-ді.
Әлеуметтік-экономикалық салада тұрақты әрі бәсекеге қабілетті эко-
номика құру, ІЖӨ-ні екі есеге өсіру, халықтың жағдайын едәуір жақсарту 
міндеттері алға қойылды. Мемлекеттік құрылыста – билік тармақтарының 
өзара қарым-қатынасын жетілдіре түсу және жоспарлы түрде орталықсыз-
дандыру, сайлау процесін жетілдіру көзделді. Сыртқы саясатта – эконо-
микалық ықпалдастыққа бет бұру, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы 
орнын нығайту, аймақтық қорғаныс жүйесіне белсенді қатысу, шекараны 
межелеу шараларын аяқтау, еліміздің ақпараттық және экономикалық қа-
уіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.
2000 және 2001 жылғы Жолдаулар стратегиямызды жоспарлаудың 
бесжылдық және онжылдық кең ауқымын айқын көрсетті. Біз жүйелі мем-
лекеттік тәсіл қолдана отырып, ХХІ ғасырдың есігін жасқанбай ашатын дең-
гейге жеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет