Нұрсұлтан Назарбаев


Жаңа жыл -  әлемнің көптеген халықтары той-



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата17.01.2017
өлшемі10,92 Mb.
#2115
1   2   3   4   5   6   7

Жаңа жыл -  әлемнің көптеген халықтары той-

лайтын ортақ көп ұлтты мереке. Жаңа жыл мейра-

мында қай елде болмасын салтанатты қабылдаулар 

жасалып, көпшіліктің бірігіп тойлауы әлі күнге дейін 

жалғасуда. Жаңа жылды әр халық түрлі деңгейде 

және әр қилы тойлайды. Кейбірі төмендегіше:

Ф

инляндия - Аяз Атаның Отаны. Бұл елде 

негізгі қыс мерекесі 25 желтоқсанда аталады, 

ол Рождество деп танылады. Рождество түні Аяз Ата 

Лапландиядан ұзақ жол жүріп келіп, үй алаңында үлкен 

кәрзеңкеге  салынған  сыйлықты  қалдырады.  Жаңа 

жыл  - Рождествоны қайталау десе де болады. Отбасы 

қайтадан түрлі тамақтарға толған үстел басына жина-

лады. Жаңа жыл түні финдіктер өз тағдырларын білу 

үшін бал ашады, балауыз балқытып, сосын оны суық 

суға құяды.

И

талияда Жаңа жыл күні терезелерден ескі-



құсқыны лақтыру дәстүрі бар. Жаңа жыл 

мейрамы  6-шы  қаңтар  күні  басталады.  Ырымдарға 

сәйкес, бұл сиқырлы түні сыпырғышпен мейiрбан пері 

Бефан  ұшып  келетін  көрінеді.  Ол  кiшкентай  алтын 

кiлтімен есiктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге 

кiрiп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толты-

рады. Ал, жақсы оқымаған балаларға Бефана күлдiң 

шөкiмiн немесе ұсақ көмiр тастап кетедi. Италияндық 

Аяз атаның есімі - Баббо Наталь. Италияда жаңа жыл-

ды ескінің барлығынан босап, жаңа жылды жаңамен 

қарсы  алу  деген  ырым  бар.  Сол  себепті,  жаңа  жыл 

қарсаңында  италияндықтар  өз  терезелерінен  ескі-

құсқыны лақтыратын көрінеді.

Ж

апонияда  ең  жақсы  сыйлық  -  бақыт 



жинауға  арналған  тырнауыш.    Жаңа 

жылдың Жапонияға келгенін  қоңыраудың 108 соққысы 

хабарлайды.    Бірінші  күн  шуағымен  олар  бір-бірін 

құттықтап, сыйлық сыйлайды. Жапондық Аяз атаның 

аты - Сегацу-сан – Жаңа жыл мырза.  Ең танымал жаңа 

жылдық аксессуар – тырнауыштар. Әрбір жапондықта 

оның болғаны дұрыс. Жаңа жылда онымен бақыт жинау 

үшін қажет деп есептейді.

Ш

отландықтар  өртенген  бөшкені  көше 

бойымен  домалатады.  Жаңа  жыл 

мерекесін «Хогмани» деп атайды. Көшелерде мерекені 

Роберт Бернстің сөздеріне жазылған өлеңмен қарсы ала-

ды. Жаңа жыл түні дәстүр бойынша бөшкелерді жағып, 

көшелерді аралатады. Сөйтіп, Ескі жылды жағып, Жаңа 

жылды шақырады. Шотландықтар жаңа жылда олардың 

үйлеріне кім бірінші болып кірсе, келесі жаңа жыл  бойы 

отбасыларында сәттілік пен сәтсіздік соған байланысты 

деп есептейді. Олардың пікірінше, үйге сыйлық алып 

келген қара шашты еркек үлкен сәттілік алып келеді. Бұл 

дәстүр «ферст футинг» деп аталады. 

Ф

ранцуздар шарап толы бөшкені мерекемен 



құттықтайды. Француз Аяз атасы - Пер Ноэль 

– жаңа жыл түнінде келіп, балалардың аяқ киімдеріне 

сыйлықтар қалдырады.  Кімге боб түріндегі жаңа жылдық 

пісірілген бәліш тисе, «боб королі» титулын иеленеді 

және жаңа жыл түні оның бұйрықтарына барлығы көнеді. 

Сантондар  - шыршаның маңына қойылатын ағаш не-

месе саздан жасалған бейнелер. Дәстүр бойынша жақсы 

үй қожасы – міндетті түрде бір бөшке шараппен шоқынып, 

оны жаңа жылымен құттықтап, келесі астықтың табысты 

болуы үшін ішіп қоюы қажет. 

қ

ытайда сені құттықтап жатқан кезде сумен 



құйындырады. Қытайда Будданы шомылту 

дәстүрі сақталған. Бұл күні барлық Будданың статуя-

лары храмдар мен монастырларда құрметпен таза тау 

суымен жуылады. Ал адамдар оларға жаңа жылдық 

жақсы тілектер айтылып жатқан кезде сумен жуынады. 

Сондықтан  бұл  мереке  күні  барлықтары  су  киіммен 

көшеде  жүреді.  Қытай  күнтізбесімен  есептесек, 

қытайлықтардың 48 ғасырлық тарихы бар. Осыған сәйкес 

бұл тарихқа ел 4702 жылы енген. Қытай Жаңа жылының 

мерзімі 21 қаңтар мен 20 ақпан арасында өтеді.

В

енгрияда жаңа жылда ысқыру қажет екен. 

Венгрияда Жаңа жылдың «тағдырлы» бірінші 

секундында ысқыруды дұрыс деп санайды, саусақпен 

ысқырмай,  балалардың  сыбызғысын,  түтік  тесігін, 

ойыншық  ысқырғышын  қолданады.  Олар  дәл  жын-

перілерді қуып, қуаныш пен берекені шақырады деп 

есептеледі.  Мерекеге  дайындалғанда    венгрліктер 

жаңажылдық тағамдардың сиқырын ұмытпайды: бадана 

мен бұршақ рух пен тәннің күшін сақтайды, алма көрік пен 

махаббатты, жаңғақ қасіреттен, сарымсақ аурулардан 

сақтайды, бал өмірді тәтті етеді деп сенеді. Қадірлі дос-

тар! Оқи берсең, біле берсең, жүре берсең, көре бересің 

деген осы да.

Ғаламтор материалдары бойынша әзірлеген

лунара СеРАЖовА, 06101-топ

Жас жігерге табын, білсең сол барың, Бос өткізбей ізде зейнет жолдарын.



Ж.Баласағұн

Педагогика факультеті  5В010300 «Педагогика 

және психология», 5В010200«Бастауышта оқытудың 

педагогикасы мен әдістемесі»,  5В012300 «Әлеуметтік 

педагогика және өзін-өзі тану» бөлімінің жаршысы

Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


11

 



Психологиялық тест

Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса

Педагогика факультеті  5В010800  «Дене шынықтыру және спорт»,  

5В010400 «Бастапқы әскери даярлық» бөлімінің жаршысы 

№1(3), қаңтар, 2012 жыл

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі  * В здоровом теле - здоровый дух            



«Салауатты өмір салты» жаршысын әзірлеуші жауапты редактор - лунара Серажова, 06101-топ, «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы

Шәкірт  баулу  ісімен  айналысқандарға  осы  орайдағы 

әрбір  басылымдарға  үңілу  –  аса  қажетті  іс.  Бұл  бағыттас 

басылымдардағы  жарияланымдардың  қай-қайсысы  да 

жас  толқынды  толыстырары,  өсірері,  тәрбиелері  даусыз. 

Байқауымызша,  университетіміздің    “Өркен”  газетінің  өзге 

дүниелерін айтпағанда сирек те болса жарық көріп тұратын 

шығармашылық  бетінің  университет  жастарына,  студент 

-  шәкірт  қауымына  әсері  көл-көсір.  “Өркен”  бетінде  жастар 

шығармашылығына кезек берілуі, төл туындыларының үзіліссіз 

жариялануы – сүйсінерлік жай. Газетіміздің беті арқылы талай 

талантты жастарымыз өз тырнақалды шығармасын көпшілік 

сарабына ұсынып тұсаукесерін жасап та жүр.

Жас адам табиғаты қашан да күрделі. Албырттығымен, 

шынайылығымен,  қызуқандылығымен,  еліктегіштігімен 

ерекшеленеді. Болашақ өмірінің алғаш сүрлеу-соқпақтары да 

жастық кезеңде қаланбақ. Күш-қайраты, ақыл-есі, қысқасы,  жас 

адамның жан-жақты дұрыс қалыптасуы осы тұстағы естіген-

білгендерімен, көрген-түйгендерімен, іс-әрекеттерімен тығыз 

бірлікте болмақ. 

Әрине, кей тұстарда жастарымыз не істерін білмей санда-

лып, алтын уақытын босқа өткізіп жүретіні жалған ба? Ондайда, 

«ұрынуға қара таба алмай жүрмісің» деп жатады үлкендер. 

Тіпті, СОӨЖ және семинар сабақтарына да қол қусырып келетін 

«ғұламалар» қаншама. Ал адам баласының  жастық кезеңде 

айналысар істері қандай болмақ? Іс-әрекет атаулы көп болар. 

Солардың бастылары - рухани көсеміміз Ахмет Байтұрсынұлы 

айтқандай, «өшпес жарық, кетпес байлық» даналыққа ұмтылу. 

«Өнердің кілті – ғылымда» екенін анық тани отырып, саналы 

түрде  біліммен  қарулану,  сөйтіп,  жан-жақты  толысу,  ілгері 

шабуылға әзірлену. Сөз жоқ, білім - ақылдының қазынасы. Дана 

қашан да білімімен мақтанады. Білек бүге алмағанды білім 

бүгетіні   жастарға мәлім. Ғұлама Шәкәрім айтады: «Құбылған 

әлем  жарысы,  ақылды  жанның  табысы»  деп.  Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтады: « Қазіргі 

бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз 

ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай» деп.

Жас  атаулы  жүре,  оқи,  талаптана  келе  жоғары  сатыға 

жетпек, қосылмақ. Таңдап алған мамандығының иесі ретінде 

қалыптасу, толығу – үнемі шарқ ұрып іздену, басты тауға да, 

тасқа да соғудан туындамақ. Білімділік, іскерлік, табандылық 

қасиеттер осы жолда шоғырланып шыңдалмақ. Біздіңше, жас 

адам бағалы сағаттарын құр ұйқымен өткізбей, көрнекі өнердің 

(сәулет, сымбат, кескін, әуез, сөз өнері) не тірнек өнердің бірінің 

етегінен мықтап ұстауы парыз. Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан 

Әбішұлы:  «  Алыстан  ойламаған,  жақыннан  уайым  табады» 

деген бар. Біз болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек 

ұмтылыс  керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы - Отанға де-

ген шексіз сүйіспеншілік керек»,- дейді. Ал жастардың білім дәмін 

тез тануына, саналы оқуына жәрдем жасау - әр ұстазға қарыз 

іс. Өмірде кездесер кез-келген қиындықты тек білімділікпен, 

ғылымилықпен, тер төгумен жеңуге болатындығына әрбір жас 

адамның көзі анық жетуі тиіс. Басқалай жолдың бәрі тез суалар 

құр далбаса... 

Ендігі  қысқа  сөз  -  “Тағылым”,  “Салауатты  өмір  салты” 

қосымшалары    хақында.  Жалпы,  «Педагогика  және  психо-

логия»,  «Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі», 

«Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық», 

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарында 

оқитын студенттерге арналған жастар жаршыларының жарық 

көруінен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. «Жастар газет оқымайды» 

дей  бергеннен  гөрі,  газетке  жастардың  назарын  аударуға, 

газетті оқу мәдениетіне тәрбиелеуді ойлансақ. Тіпті, облыстық, 

қалалық  жастар  ұйымдары  осы  газет  қосымшаларының 

бірден-бір  қолдаушысы болса  несі  бар. Аталмыш ұйымдар 

“Тағылым”, “Салауатты өмір салты” жаршыларының бетіндегі 

жарияланымдардағы пікір-түйіндерді өз істерінде ескеріп от-

ырса нұр үстіне нұр болар еді. Көпшілік жағдайда студент жас-

тармен қоян-қолтық жұмыс жасауға тиісті жауапты азаматтар 

кабинеттерінен шыға алмай жатады. Не күнделікті сабақтан 

мұрғасы болмай, иә желкесі жар бермейтіні жалған ба?

“Тағылым”, “Салауатты өмір салты” жаршылары бетінде 

қандай мәселелер көтеріліп, қандай тақырыптар қозғалса игі? 

Бұл ретте студент  қауымымен сұхбаттасып көргендегі түйгеніміз 

бір  шоғыр.  Студент  жұртшылығы  газет  бетінен  жастарға 

үлгі  боларлықтай,  ойланарлықтай  пікірталас,  сұхбаттарды, 

адалдыққа, төзімділікке, өз бетімен өмір сүре білуге баулып, 

жігерлендіретін,  рух  беретін  мақалаларды  көргісі  келеді. 

Тағдырлары әр түрлі замандас-құрбылары туралы ойланады.  

“Тағылым”,  “Салауатты  өмір  салты”  жаршылары  бетіндегі 

«Сырласу бұрышы» арқылы жастар өзінің  сырға толы хаттарын 

жолдап, ой бөліскісі келеді. Сөйтіп өмірден өз орнын таба алмай 

жүргендерге септессе, сабақ болар, ақыл айтар, сыр бөлісер 

студент-жастардың  жанашыр беті болса деген ой айтады. 

«Таныс болыңыз» айдары арқылы Қазақ елінің ертеңі болар 

факультетіміздің жас барыстарымен таныстыру да – қажет іс. 

Бұл орайда қаламыздағы кейбір фирмалардың басшылары да 

университеттің күні  кешегі түлегі екенін есте ұстау ләзім. Сондай-

ақ, «Мен елім үшін не істей аламын?», «Өркениетті елдің адамы 

қандай болу керек?», «Салауатты өмір салтын сақтау жолдары 

қандай» деген сауалдар төңірегінде де жастарымыз ой қорытса 

нұрлы іс. Сол секілді студенттік жатақхана тұрғындарының бүгінгі 

тыныс-тіршілігі - ауадай керек тақырып.

Сондай-ақ, белгілі психолог-педагог  ғалымдарымыздың, 

дүлдүл спортшыларымыздың, жерлес ақын-жазушыларымыздың 

жастық    шақ  туралы  әңгімелері,  жас  толқынға  айтар  ақыл-

кеңестері қажет-ақ. Толағай заманға қатысты алуан күйге түсіп, 

толқып жүрген жастарға зиялыларымыздың тілқатар, бағыт 

сілтер кезі келген секілді. Әйтпесе, кей  тұстарда үлкендеріміз 

өз қара басының қамын күйттеп кеткендей, арттарынан сүріне-

қабына тырмысып келе жатқан іні-қарындастарын бір сәт естен 

шығарғандай, ұмытқандай. Әрине, “Тағылым”, “Салауатты өмір 

салты” жаршыларының беті  көтерсе, жазылажақ тақырыптар, 

ашылар айдарлар ауқымы ұшан-теңіз. Қуанарлығы, университет 

қабырғасында өзіміз куәсі болып жүргендей, небір талапты да 

талантты, қабілетті студент-шәкірттеріміздің  қалыптасып келе 

жатқаны көңіл тасытады. Мәселен, өзіміз дәріс оқитын педаго-

гика, филология факультеттерінің Ι-ΙV курстарындағы Гауһар 

Жоламанова, Раушан Айтақанова, Венера Дәулетова, Гүлшәрбат 

Қыдырашева, Саида Нәсіпқалиева, Арайлым Төремұратова, 

Анна Череватова, Гүлайхан Файзуллина, Лунара Серажова, 

Венера  Нұрмұханбетова,  Ботагөз  Бақтығалиева,  Гүлназ 

Салимова, Айсәуле Артығалиева, Бағдат Жарылғасов, Әсемгүл 

Үмбетқалиева,  Әлия  Тұяқбаева,  Жайнагүл  Кенжеғалиева, 

Айнагүл Таскенова, Ботагөз Рашева, Бақыт Ибраева, Айман 

Қисымова,  Айжан  Шаймұханова,  Гүлмаржан  Машаева, 

Владимир Прокофьев, Көркем Кетебекова, Әсем Қисамеденова, 

Дина Матыбаева сынды өзге де студенттеріміздің келешегіне 

үмітпен қараймын. 

Мұхтар Әуезов бірде «Ақ жол» (4 ақпан, 1923, №270) ба-

сылымы арқылы «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып 

отырған  әсерлі  анық  сөздер  қауіптің  пішінін  айқын  қылып 

көрсетіп, мектептегі балалардың сезімін түзу жолға беттеткен-

дей, жас буынның жаңа туып келе жатқан ойын «жол мұндалап» 

жетегіне  алып  бара  жатқандай  байқалатынын,  мектептегі 

сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып 

тұрып  қалатындығын  жазған-ды.  Ендеше,  студент-жастар 

қауымы үшін университетіміздің «Өркен» газетінің “Тағылым”, 

“Салауатты  өмір  салты”  жаршылары  да  осы  ағартушылық 

тұғырдан көріне бергей. “Тағылым”, “Салауатты өмір салты” 

жаршылары  «Педагогика  және  психология»,  «Бастауышта 

Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке 

қарым-қатынас тәжiрибелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, 

жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Егер 

бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ, онда мынаны байқаймыз:

-  басқа  адамдармен  өзара  әрекеттесiп,  оларды 

қабылдаймыз және бағалаймыз;

-  ж иi  т үрлi  ес тiген дерiмiз дi  қызы ғ ушылықпен 

қабылдаймыз;

- таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк 

тәжiрибелерiмiзді алмасамыз;

- басқа адамдардың әсерiн сезiнiп, оларға елiктеп өз мiнез-

құлқымызды өзгертемiз;

-  шешiм  қабылдағанда  көп  жағдайда  қасымыздағы 

адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, 

бірақ, адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. 

Ендеше, өзіңіздің қарым-қатынасқа түсу деңгейіңізді бағалап 

көріңіз.

Мақсаты: жеке тұлғаның коммуникабельділік деңгейін 

анықтау.

Нұсқау: берілген сұрақтарға ойланбастан тез, «иә» 

(2 ұпай), «жоқ» (1 ұпай), «кейде» (0 ұпай) жауаптарының бірін 

пайдаланып жауап беріңіз. 

Сұрақтар легі төмендегіше:

Сізге маңызды кездесудің уақытын күту керек. Бұл сізге 

әсер ете ме? 

Сізді  хабарландыру  айту,  баяндама  жасау  керектігіңіз 

қобалжытады ма?

Сіз дәрігерге соңына дейін жүріп қаралмайсыз ба?

Сіз өзіңіз таныс емес қалаға іс-сапарға баруыңыз қажет. 

Мұны болдырмауға күш жұмсайсыз ба?

Сіз өзіңізді мазалайтын ойлармен бөліскенді  ұнатасыз ба?

Көшеде сізге таныс емес адам жолығып сағат сұрап, жол 

көрсетуіңізді өтінді. Бұл сізді ренжітеді ме? 

«Әке мен бала» мәселесі бар және әр кезеңнің адамдарына 

бір-бірін түсіну қиын дегенге сенесіз бе? 

Часто, очень часто в конце рабочего дня мы бываем, как 

выжитый лимон. Мы жалуемся на упадок сил, головную боль, 

ломоту в тканях и суставах, и вообще раздражительны и по-

давлены. И вроде бы нет причин нашим недомоганиям, хотя 

по большому счету, все недомогания сами же и создали. Мы 

нарушаем законы психологии здорового образа жизни.

Современная  жизнь,  с  её  непомерными  темпами 

жизни,  с  большими  требованиями  к  профессиональным 

качествам, предъявляет к человеку максимум работоспо-

собности, конкурентоспособности и естественно здоровья. 

В  психологии  человека  есть  понятие:  психология  про-

фессионального здоровья – это наука о психологических 

условиях здоровья в любой профессиональной деятель-

ности, о методах и средствах его развития и сохранения.  

      Каковы же признаки здорового человека? Среди них 

можно выделить три основных: во-первых, структурная 

и функциональная сохранность систем и органов че; во-

вторых, индивидуальная приспособляемость к физической 

и социальной среде; во-третьих, сохранение и развитие 

потенциальных физических и психологических возможно-

стей здорового образа жизни и деятельности человека. 

Многочисленные исследования доказывают, что истинные 

причины заболевания кроются не в особенностях физиоло-

гии, а эмоциональных условиях жизни человека. Первично 

болезнь возникает на фоне ежедневных негативных эмоции, 

которым окружен современный профессионал. 

Общеизвестно,  что  для  поддержания  физического 

здоровья  необходимо  выполнять  комплекс  физических 

упражнений.  По  утверждению  академика  Н.М.  Амосова 

человек должен делать не менее 1000 движений в день, 

это могут быть разные упражнения. Например, общеоздо-

ровительные,  или  с  акцентом  на  поддержание  здоровья 

сердечно-сосудистой системы, или профилактике опорно-

двигательной системы. 

Уровень здоровья и общая неудовлетворенность жизнью 

зависит: - наличие определенного количества социальных 

связей и дружеских контактов. Оказывается, положительные 

эмоции от общения с близкими, психологически совместимы-

ми людьми и вообще хорошие взаимоотношения позволяют 

преодолевать стрессовые ситуации.

Замечено, что в отличие от общительных одинокие люди 

для борьбы со стрессом чаще прибегают к курению, упо-

треблению спиртных напитков, что ухудшает их состояние;  

крепкая семья и наличие в них детей; интересная и любимая 

работа, приносящая моральное удовлетворение. Доказано, 

что безработица отрицательно сказывается на здоровье, так 

как безработные постоянно находятся в стрессовом состоя-

нии, провоцирующем различные заболевания; и не только 

болезни – пристрастие к алкоголю, это тоже нездоровое 

состояние;особый склад личности, который характеризуется 

желанием трудиться не только для собственного материаль-

ного благосостояния, но и осознавая важность и нужность 

своей  деятельности  для  общества;  наличие  адекватных 

целей, ценностей, перспектив в профессиональной деятель-

ности; оптимизм, вера в себя, в успех общения с другими 

людьми перспективность будущего.



М.Б.МеРГАлИевА, 

магистрант кафедры «Педагогики и психологии»

Психология 

 здорового образа жизни

СТУДЕНТ ЖАСТАРДың  

                           

               газет оқу мәдениеті туралы ойлансақ 

оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Дене шынықтыру және 

спорт»,  «Бастапқы әскери дайындық»,  «Әлеуметтік педагогика 

және өзін-өзі тану» мамандықтарына оқуға келемін деушілерді 

де  аталған жаршылардың жас оқырмандары  ретінде көптеп 

тартуға себепші болғай. Іске сәт! 



Абат САтыБАйұлы, 

Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі

Қарым-қатынасқа түсу 

деңгейіңізді  бағалап көргейсіз

Жолдасыңыз бірнеше ай бұрын қарыз алды. Соны есіне 

салуға қысыласыз ба?

Сізге мейрамхана немесе асханада  сапасы төмен тағам 

берілді. Сіз жиіркенішпен тәрелкені  сырып, үндемей қаласыз ба?

Таныс  емес  адаммен  жалғыздан  жалғыз  қалдыңыз. 

Сіз  қиналып  онымен  сөйлеспейсіз,  ал  сөйлей  бастаса 

сасқалақтайсыз ба? 

Сіз үшін кезекке тұру жаман нәрсе, сіз кезегіңізді күтпейсіз 

немесе кетіп қаласыз ба?

Конфликтілік  жағдайларды  шешу  комиссиясына  мүше 

болуға қорқасыз ба?

Әдебиет, өнер, мәдениет саласында өз пікіріңіз бар. Ал өзге 

пікірмен келіспейсіз бе?

Сіз өте таныс көзқарас жөнінде өзгенің қате пікірін естіген 

кезде үндемей қаласыз ба?

Оқу немесе жұмыс барысында көмек сұраған сізге ұнайды ма?

Ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде жауап бергенді 

өзіңізге қолайлы санайсыз ба?

Қорытынды: 30-31 ұпай – сіз коммуникабельді емессіз. 

Сізге  топпен  атқарылатын  жұмысты  сеніп  тапсыруға 

болмайды.  Өзіңізді-өзіңіз  қадағалап,  ашуланасыз.

  29-25  

ұпай – сіз тұйық, жалғыздықты ұнататын болғандықтан, 

достарыңыз  аз.  Жаңа  жұмыс  пен  жаңа  қарым-қатынас 

орнату  сіз  үшін  өте  қиын.  Бұны  сіз  білесіз  және  өзіңізге 

көңіліңіз толмайды. 

24-19 ұпай – сіз көпшілсіз, өзге ортада да 

өзіңізді жақсы  сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды. 

Дегенмен де, адамдармен сақтықпен араласып, пікірталас, 

т.б  мәселелерге  көп  қатысып  кірісіп  кетпейсіз.

  18  -  14 

ұпай – сіз орташа коммуникабельді адамсыз. Білуге құмар, 

тыңдап, қарым-қатынаста төзімді, пікіріңізді қызбаланбай 

айтасыз.Жаңа  адамдармен  кездескен  сіз  үшін  маңызды, 

бірақ шулы ортада болғанды ұнатпайсыз. Көп сөйлемейтін, 

экстравагантты тұлғалар сізге ұнамайды. 

13-9 ұпай – сіз 

барлық іске кірісіп, кейде бұл жұмыс қолыңыздан келе ме, 

келмей ме, бұл жөнін де ойламайсыз. Осыған байланысты 

жолдастарыңыз сізге кейде күмәндана қарайды. 

3 ұпайдан 

төмен – сіздің коммуникативтік қарым-қатынасыңыз ауру 

адамның белгілерімен сипатталады. Өз денсаулығыңызға 

назар аударыңыз, ойланыңыз.

Әзірлеген: 

венера НұРМұХАНБетовА, 06301-топ


Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


12

МеНШіК ИеСі: 

М.Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университеті.

Газет айына бір рет шығады.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі 

Ақпарат  және  мұрағат  комитетінің 

келісімімен мерзімді баспасөз басылым-

дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 

26.01.2011ж. есепке алу туралы №11390-Г 

куәлігі берілген.

Индексі 090000

Таралымы 1000 

РедАКтоР: 

ШЫНТЕМІРОВА 

Гүлсая Каримоллақызы

тілШілеР: 

АСЫЛХАНОВА Елдана

СРАЛИЕВА Мейрамгүл

ӘМІРАШЕВ Нұркен



КоРРеКтоР: 

БЕККУЖИЕВА Светлана



Бет ҚұРУШы & дИЗАйН: 

АБДУЛЛИНА Асель



ФотоСУРет:  

Оқу теледидары және 

графикалық жобалау зертханасы

Газет БАҚ және баспа орталығында 

теріліп, беттелді. «Полиграфсервис» 

ЖШС баспаханасында басылды.

ҚОЛЖАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ  

ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІҢ 

ДӘЛДІГІ ҮШІН  АВТОР  ЖАУАПТЫ. 

ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫҢ 

ПІКІРЛЕРІ   РЕДАКЦИЯ  

КӨЗҚАРАСЫН  БІЛДІРМЕЙДІ.

Сарайшық көшесі, 34, тел.: 50-76-52 

Біздің сайт: www. wksu.kz

e-mail: IC_SMI@wksu.kz 

Поздравляем!!!

сессия...

Айжангүл:  -  Мен үшін сессия өте оңай. 

Оқытушы-лар бізді компьютерден тапсыра 

алмай қалады деп, әр пән бойынша 200-

500  сұрақтан  тұратын  тестке  алдын-ала 

дайындайды.  Яғни,  мен  үшін  сессияның 

қиындығы жоқ.



талғат: - Егер семинар сабақтарына 

толық қатысып жүрсең, СӨЖ жұмыстарын 

у а қ ы т ы л ы  о р ы н д а п  о т ы р с а ң ,  к ө п 

жағдайда емтихан қиындық тудырмайды. 

Себебі,  оқытушылардың  көпшілігі  тест 

сұрақтарына объективті келуге, студенттер-

ге айтылған, сабақ уақытында талданған, 

негізгі мәселелерге тоқталуға тырысады. 

Соның ішінде менің байқағаным, рейтинг 

сұрақтары емтихан сұрақтарында кездесіп 

отырады.

Гүлназ: - Мен үшінші курста оқысам 

да сессияны қорқынышпен қарсы аламын. 

Себебі, бірнеше ай бойы оқыған пәндерің 

бойынша аз ғана уақыттың ішінде біліміңді 

сынап, жауап беруің керек. Бұл деген өте 

үлкен жауапкершілік қой. Оның үстіне дәл 

сессия  уақытында  оқытушылар  конспект 

тексеріп,  тапсырылмай  қалған  СӨЖ-

дерді сұрағанда ештеңеге үлгере алмай, 

басың  қатады.  Ал  барлық  емтиханнан 

құтылғаннан  кейін  өмірдің  кереметтілігін 

ерекше сезінесің.



таңат: - Сессияда жан-жақты дайында-

лып, жоғары көрсеткішке қол жеткізгеніңмен, 

рейтингтің балына бола төмен, нашар баға 

алып қалатын кездер де болады. Студенттің 

сабаққа қатыспауының әртүрлі себептері 

бар  ғой.  Мәселен,  мен  оқу  төлемақысы 

қымбат  болғаннан  кейін,  жұмыс  жасауы-

ма тура келді.  Сондықтан кейде рейтинг 

бағасы төмен болып жатады. 

Жанна: - Мен үшін қысқы сессия өте 

ауыр. Емтихан, сынақ жағынан емес, уақыты 

жағынан. Қысқы сессия 20 желтоқсаннан 

басталады да қаңтардың 21-не дейін со-

зылады.  Бұл  студент  үшін  өте  қолайсыз. 

Жаңа  жылдық  мерекеге  дейін  бітірсек, 

мейрамда ауылымызға барар едік. Алдағы 

уақытта студенттер үшін тиімді жақтарды 

ескеріп, қолайсыздықтардың шешімін тапса 

екен деймін.



Аслан: - Сессия оңай деп айта алмай-

мын. Сабақты өте жақсы оқитын дарынды 

студенттер үшін оңай шығар. Ал мен үшін 

ең қиыны - бірнеше пән бойынша бір күнде 

емтихан тапсыратындығың. Бұл - ақылға 

сыйымсыз нәрсе. МАБ тапсыратын кезде 

арнайы сабақ кестесімен оқытушылар дай-

ындайтын еді. Қысқы емтиханды араға 2-3 

күн салып тапсырамыз, егер балың төмен 

болып жатса ешқандай жеңілдік берілмейді 

(қайта тапсыру, т.б.). өйткені әр пән қиын, 

күрделі.  Шпаргалка  пайдалануға  мүлде 

болмайды, ұсталсаң емтиханнан шығарып 

жібереді.



Жанар:  -  Қысқы  сессия  кезінде 

студенттердің  тапжылмай,  ештеңеге 

алаңдамай  өткізетіні  белгілі.  Қазір  соңғы 

курс  студенттері  үшін  осындай  қарбалас 

кезең. Кейбір емтихандар тестпен, кейбірін 

арнайы пәндерді ауызша тапсырып жатыр-

мыз. Ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. 

Оқытушылардың  берген  білімін  бағалап, 

дер кезінде сабаққа дайындалып жүрсең, 

емтихан тапсыру қиындық туғызбайды. Ол 

үшін үнемі оқып, әр күнгі сабаққа   дайын-

далып жүру қажет.



Сессия  –  бұл  студентті  нағыз,  шынайы  өмір  мектебіне  жетелейтін 

сатының бірі. Сессия студенттердің білімін сынап қана қоймайды, жастар-

ды төзімділікке, шыдамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелейді және өзінің 

жіберген  қателігіне  жауап  беруді  үйретеді.  Сондықтан  сессия  жөніндегі      

М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің өз пікірін тыңдасақ:

Құрметті 

Меңдіғаным Мергенбайқызы!

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университетінің ұжымы Сізді өнегелі 

өміріңіздің бір белесі – мерекелі мерейтойыңызбен 

шын жүректен құттықтайды.

Тәуелсіз  еліміздің  жоғары  білімін  дамытып, 

өскелең  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  беруде,  жас 

өрендерге  әрдайым  көмек  қолын  созып,  жағдай 

жасауда  сарқылмас  жігер  танытып  жүрген  ше-

бер  ұйымдастырушы,  ақылшы  ұстаз  ретінде 

Сіз  мәдениет  және  өнер  саласында  өзіндік 

қолтаңбаңызды қалдырып үлгердіңіз. 

Игілікті істеріңіз молая түсіп, алға қойған мақсат-мұраттарыңызға жетіп, 

шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөлене беруіңізді тілейміз.

Деніңізге саулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. 

Еңбекте толағай табыстарға қол жеткізіп, абырой-беделіңіз арта берсін! 



М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы

Т а р и х   ғ ы л ы м д а р ы н ы ң   д о к т о р ы 



Мұханбетқалиев  Хайырлы  Салықұлын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет