Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына орай Астана қаласында V Республикалық
азаматтық форум болып өтті. Аталмыш шараны ҚР
Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан Азаматтық
Альянсы ұйымдастырған болатын. Аталмыш форумға
университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің
жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты С.М.Ғиззатов
және «Сәндік-қолданбалы өнер және кәсіби білім»
кафедрасының оқытушысы, ҚР Суретшілер Одағының
мүшесі Қ.Н.Мәдір қатысып қайтты.
Оқытушы С.М.Ғиззатов ҚР Білім және ғылым министрі
Б.Т.Жұмағұловтың қабылдауында болып, қазіргі кезеңдегі
ғылымның дамуы жайында ой бөлісті. Университет
қызметкері қойған сауалдар ғылым кандидаттарының
болашағы, жастарды ғылымға тарту мәселелеріне қатысты
еді. Министр мырза білім және ғылым саласына қатысты
жүргізіліп жатырған реформалардың мән-маңызын ашып
көрсетіп, алдағы жоспарлармен де таныстырып өтті.
«Бай-Барыс» интеллектуалдық клубы қоғамдық
бірлестігі ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының
қолдауымен ағымдағы жылдың 22-25 қазан күндері
Көкшетау және Астана қалаларында Қазақстан
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан
- менің Отаным!» атты республикалық жастар форумы
өткізілді.
Тәуелсіздігімізді қастерлеуге, отансүйгіштікке, патрио-
тизмге тәрбиелеу мақсатында өткен форумға филология
факультетінің студенттік деканы, 2-курс студенті Фатима
Ахметжанова қатысып келді.
Форум аясында еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы
қарсаңында ұйымдастырылған «қазақстандық қоғамды
біріктіру: жастардың көзқарасы» атты ғылыми-тәжірибелік
конференция қазақстандық құндылықтарының нығаюына,
азаматтылықтың қалыптасып дамуына, жастардың
кәсіпқойлығы мен олардың әлеуетін жүзеге асыруды
көздеді.
Бактыгереева Улданай Максотовна (доктор
филологических наук, профессор, Российский университет
дружбы народов, г.Москва)
в рамках международной
научно-практической конференции «Академическая
мобильность в вузах Республики Казахстан: опыт и
перспективы» провела мастер-классы на филологи-
ческом факультете.
«Российский университет дружбы народов много лет
сотрудничает с ЗКГУ им.М.Утемисова, и на протяжении
всего этого периода российская профессура не пере-
стает удивляться особой энергетике магистрантов ЗКГУ
им.М.Утемисова.
Поистине, интерес к научным познаниям, стремление
докопаться до сути, выполнить программу стажировки или
обучения, добросовестность в отношении ко всему – это от-
личительные особенности казахстанцев. Мы надеемся, что
эту оценку новое поколение магистрантов будет и впредь
оправдывать, а наши вузы не только укрепят свои связи,
но и расширят направления взаимовыгодного сотрудни-
чества», - так высказала свои пожелания Бактыгереева
Улданай.
В рамках реализации одного из направлений
Болонского процесса - академической мобильности,
кафедрой педагогики и психологии на 2011-2012 учеб-
ный год для проведения занятий с магистрантами спе-
циальности «педагогика и психология», «психология»
«ПиМНО» был приглашен кандидат психологических
наук, доцент, заведующий кафедрой педагогической
психологии Ивановского государственного универ-
ситета Турчин Анатолий Степанович (г.Иваново,
Россия).
В период проведения международной научно-
практической конференции, в которой участвовал Турчин
А.С., были проведены встречи с преподавателями педа-
гогического факультета, а также мастер-класс для пре-
подавателей ЗКГУ им. М.Утемисова, учителей города и
магистрантов специальности «психология», «педагогика
и психология».
По итогам встречи были определены основные на-
правления работы дальнейшего сотрудничества: обмен
студентами и преподавателями между вузами, выпуск
совместного научно-методического журнала, выпуск со-
вместных учебно-методических пособий по проблемам
воспитания, обучения, психологии обучения и социальной
педагогике.
На сегодняшний день 5 магистрантов специальности
«психология» проходят стажировку в Российском универ-
ситете дружбы народов (г. Москва). Планируется встреча с
Турчиным А.С. для получения консультации по выполнению
магистерских диссертаций.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай БҚМУ
бастауыш партия ұйымына 20 мүше қабылданды.
Бұл шараға университет ректоры А.С.Иманғалиев, БҚМУ
бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Исатаев, партия
мүшелері және «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының
І орынбасары К.Ә.Нығмет, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиа-
лы төрағасының І орынбасары А.Сарқұлов қатысты. Партия
мүшелеріне партиялық билет табыс етілді.
10 қараша күні Қажым Жұмалиев атындағы әдеби
бірлестіктің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті
бөлімінде ақын Сағынғали Дүйсенғалиұлы Сейітовтың
туғанына 95 жыл толуына байланысты әдеби кеш
болып өтті. Кешке А.С.Пушкин атындағы мұражай ди-
ректоры С.Е.Танабаева, университет оқытушылары мен
студенттері қатысты. Әдеби кеште лирик ақын С. Сейітов
шығармашылық жолы тыңдалып, өлеңдері оқылды.
Халықтар достығы, туысқан ұлттар ынтымағы, майдандағы
ерлік пен өрлік, бейбіт күннің берекесі жайында қалам тер-
беген ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кеш
көрермен қауымға жақсы әсер қалдырды.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінде бірқатар маңызды танымдық, тәрбиелік, мерекелік шаралар өтуде. Қасиетті мерекені ұлықтау
– әрбір қазақ баласының парызы болса, тәуелсіздік мерекесіне орай университетімізде Ақұштап Бақтыгереева
атындағы «Ақындар мектебі» дәрісханасының ашылуы мерекелік шараға шашу болды.
Ақ шағала ақын атында дәрісхана ашылды
Ақындар мектебі дәрісханасының ашылуы руха-
ни өміріміздің жүректе жарқын із қалдырар әдемі бір
көрінісінің куәсі болды.
БҚМУ-дағы ақындар мектебі дәрісханасына Ақ
Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева
аты берілді. А. Бақтыгереева - атамекен Ақ Жайықтан түлеп
ұшып, поэзия көгінде қалықтап жүрген қастерлі есімдер
Тайыр, Жұбан, Қадыр ағаларымыздың ақындық қуатын,
азаматтық үнін, туған жер топырағын танытар мақамын
өзіндік өлең өрнектерімен байыта жырлап келе жатқан
қазақ поэзиясының мақтан тұтар аяулы қыздарының бірі.
Қарындасты қастерлеп, өнеріне ақ жол тілеудің атам
қазақтан жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығын
аға буын ісімен дәлелдеп өткендігі көңіл қуантады.
Ақұштап Бақтыгерееваны ақын ағасы Қадыр Мырза
Әлі: «Ақ қыз, ақ ана, ақ әже» десе, абыз Әбіш Кекілбаев
ақынды «Айдында жүзген ақ желкенге» теңейді.
Майдангер ақын Сағынғали Сейітов «Ақ Жайықты
жырлаған жайсаң жүрек», «Сайрай бер, сандуғашым,
сахараның» деп батасын береді. Ақын тақырыбының
аясы өте кең, бірақ осыларды тоғыстырып тұрған туған
жер құдіреті.
Тынбаспын, сірә, жырлаудан
Туған жер – анам айналған.
Депутатыңмын туғаннан,
Дауыссыз, даусыз сайланған, - деген жолдар
туған жердің туы биік болсын деген жүрек толғанысынан
ғана туатын жыр жолдары екендігі мәлім.
Университет ректоры, академик Иманғалиев
Асхат Сәлімұлы ақындар мектебі дәрісханасының
ашылу салтанатында дәрісхана лентасын ақын апа-
мен бірге қиып, ақындар мектебінің алдағы жұмысына
сәттілік тіледі. Асхат Сәлімұлы: Ақұштап Бақтыгереева
толғаныстарындағы «Ана болу – әдебиеттің мәңгі
тақырыбы» немесе «Ел басқарам, ұлтыма қызмет етем деп
ұмтылатын ұл тумасақ, ұлтымыздың өлгені» деп келетін
тіркестер ұлтын шын сүйген тұлғаның мазмұнды ойларға
толы маржан сөздерінің қатарын толықтырса керек.
Ақындар мек тебі дәрісханасының ашылуы –
ст удент терімізге қосымша міндет тер ж үк тейді.
Университетіміздегі «Ар-намыс кодексіне» – «Қазақ
қызы» деген бір кодекс тармағы қосылады. Қорытындылай
айтсақ, «Бесігіңді түзе» деген Мұхтар аға сөзіне, жас өрен!
Сіздер, ақындар мектебінен тәлім алып, білім ордасында
тұлға болып қалыптасып, қазақ елінің баянды ғұмыр
кешуіне бар күш жігерлеріңді жұмсаңыздар демекпін.
Ақұштап Бақтыгереева атындағы ақындар мектебі жанам
деген жүректерге от беретін құтты орынға айналсын деген
ақ тілегін білдірді.
Салтанатты шараға ақынның ізбасар сіңлілері, об-
лыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Шыңғыс
Мұқан, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар және
ЖОО оқытушылары мен ардагер ұстаздар, студенттер
қатысты.
Мерекелік шарада сөз алған Ақұштап апамыз егемен
елдің еңселі ұрпағына жүрекжарды тілегін жолдады.
Қарагөз қыздарымызға қазақ қызы деген атқа лайық бо-
лып, тәлімді, тәрбиелі, ибалы да инабатты болыңыздар.
Поэзияны жүрекпен сүйіңіздер, жүрекпен тыңдаңызар.
Қыз тәрбиесі, бұл – ұрпақ тәрбиесі. Осы жауапкершілікті
үнемі сезініп жүруге тиіссіңдер деген тілек айтып, жыр
шашуын жолдады.
Туған жердің, елдің, ұлттың туы биік болсын де-
ген жүрек толғанысынан ғана туатын жыр жазатын
ақындар мектебінің жас өрендері көп болсын деген тілек
білдіреміз.
Рита СұлтАНғАлИевА,
БҚМУ баспасөз хатшысы
«Боламын ақын
Қасым әлі де мен»
Қасым ақынға арналған жыр кеші
«Сегодня мы чествуем добросовестного честного работ-
ника образования -
Николая Сергеевича Жигалина,
и я не по обязанности, а по зову Души нахожусь здесь со
всеми, кто пришел поздравить юбиляра. Это очень поря-
дочный, интеллигентный человек, который по-настоящему
делал историю нашего университета. Действительно,
нынешнее поколение сотрудников и студентов вуза вос-
принимают историю университета через призму личности
Николая Сергеевича»,- отметил в своем поздравлении
ректор вуза, академик Асхат Салимович Имангалиев:.
Асхат Салимович вручил юбиляру Благодарственное
письмо и поздравительный адрес от коллектива ЗКГУ
им.М.Утемисова.
Со словами благодарности в адрес своего наставника
от педагогической общественности города обратилась
заведующая кафедрой областного института повышения
квалификации Колесова Людмила Геннадьевна: «Свет
и тепло Николая Сергеевича мы всегда ощущали через
его жесты – его руки выполняли смысловую нагрузку. Он
всегда и во всем держит высокую духовно-нравственную
планку».
Николай Сергеевич – Король Синтаксиса, уроки его –
настоящие академические лекции. Пусть рядом с корифеем
лингвистики, рядом с Вами, дорогой Николай Сергеевич,
находится большая плеяда Ваших студентов,- пожелала
Наш юбиляр
Держать высокую планку!
Держать высокую планку!
Учителю выпускница Николая Сергеевича – Заварзина
Наталья Николаевна, учитель СШ№7. Своего «беспокойно-
го» коллегу поздравили деканы факультетов ЗКГУ, руково-
дители кафедр, профсоюзный комитет вуза, магистранты и
студенты Николая Сергеевича.
Доброго Вам здравия, семейного благополучия и твор-
ческого подъема на долгие годы, дорогой наш Николай
Сергеевич!
Соб.инф.
2011 жылғы қараша айының 22-23-і күндері Ақтөбе
қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
арнайы шақыртуымен университетіміздің профессо-
ры, педагогика ғылымдарының докторы, педагогика
факультетінің деканы Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы
Ақтөбе қаласында болып, «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілін дамытудың теориялық және
практикалық мәселелері» тақырыбындағы аймақтық
ғылыми-әдістемелік семинарына қатысты.
Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекемелерінің
қызметшілері, жоғары оқу орындары мен мектеп
мұғалімдері қатысқан семинар барысында профессор
А.С. Қыдыршаев
«Мемлекеттік қызметшілердің тілдік
қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру аспектілері»
тақырыбында баяндама жасап, «Кәсіби іскери
маманның ауызша сөйлеу арқылы әсер ету моделі»
(Риторика негізі, шешен сөйлеу заңдылықтары бой-
ынша) тақырыбында шеберлік класын өткізді. Ақтөбе
қаласының №40 қазақ орта мектебінде мемлекеттік
Тиімді іссапар
қызметшілер мен мұғалімдердің қатысуымен «Дамыған
тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті» тақырыбында
дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тіл мәдениеті, тілдік
нормалар, шешен сөйлеу заңдылықтары, тілді оқытудың
коммуникативті технологиясы, қазақ тілін оқытуда озық
технологияларды пайдалану тәжірибесі (орта мектеп,
ЖОО, ересектерге арналған медиа-сабақтар жоба-
сы), қазақ тілін оқытудың лингвомәдени технологиясы
мәселелері тілге тиек болды. Аталмыш семинар түйіні
ретінде 100-ден аса қатысушыларға арнайы әзірленген
сертификат табыс етілді.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының алғашқы
күні жиынға
Ақтөбе қаласының әкімі Әбдібеков
Нұрмұхамбет Қанапияұлы қатысып, шақырылған
ғалымдарды арнайы қабылдап, шын жүректен алғысын
білдірді.
С о н д а й - а қ , с е м и н а р к ү н д е р і п р о ф е с с о р
А.А.Қыдыршаев аталмыш
мектептің директоры
Сақауова Әлима Закарияқызының өтінішімен жоғары
сынып оқушыларымен кездесіп, мектептің «Жас өркен»
газетінің тілшілерімен сұхбаттасып, университет пен
мектепаралық байланысты қалыптастыру мақсатында
электронды пошталарымен алмасты.
Өз тілшіміз
Ґ
№ 13 (870)
қараша
2011 жыл
4
Алғыс хат
Журналист деген кім? Әрине, бұл сұрақтың
жауабы сан қырлы. Біреулер журналист деген -
бойына халқының мәдениеті мен әдебиетін, өнері
мен ғылымын қатар жинақтаған мамандық иесі
десе, енді біреулері - бойында жазуға деген дарыны
бар, ең алдыңғы қатарға халық мүддесін қоятын ел
жанашыры деген анықтама береді. Аталғандардың
барлығы да журналист мамандығының болмысын
ашып көрсетіп тұр десек қателескеніміз болмас.
Жаһандану заманында журналист мамандығына
деген сұраныс күшейіп, оның қоғамдағы рөлі артуда.
«Журналистер - төртінші билік өкілдері» деген сөз
текке айтылмаса керек. Олай болса, қазіргі қоғамға
ойын ашық айта алатын, өз сөзін дәлелдей білетін,
өз мүддесінен гөрі халық мүддесін алға қоятын
ұлтжанды журналистер қажет.
Осындай мақсатпен ағымдағы жылдың 2-4 қараша
күндері Алматы қаласында Халықаралық Бизнес
Академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Сорос
Қорының» қолдауымен ІІ Ұлттық студенттік бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерінің форумы болып өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде студенттік бұқаралық
ақпарат құралдарында еңбек ететін жастардың ба-
сын қосып, олардың кәсіби шеберліктерін шыңдау,
араларындағы қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе
Алматыда жас журналистердің
форумы болып өтті
алмасу мақсатында ұйымдастырылған форум жұмысына
еліміздің 18 жоғары оқу орнынан студенттік газеттердің
өкілдері қатысты.
Студенттік БАҚ форумы - бұл журналист мамандығын
таңдаған, еңбек жолдарын жаңадан бастап келе жатқан
жастардың білімін жетілдіріп, жоғары оқу орындарындағы
басылымдарда кездесетін өзекті мәселелердің шешу
жолдарын іздестіру бағытында қажетті кеңестер алып,
студенттік басылымдардың болашақтағы жоспарлары-
мен танысу. Шара бағдарламасы бойынша қазақстандық
танымал журналистермен кездесулер, шеберлік кластары,
тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Үш күнге
созылған форум жоғары оқу орындарындағы студенттік
БАҚ өкілдерінің өз газеттерін таныстыруымен басталды.
Барлығы газеттерінің шығу тарихы, онда қызмет ететін
редакция құрамы, газет таралымы, оның құрылысы,
яғни күнделікті және жаңартылып отыратын айдарлары,
болашақтағы жоспарлары және қаржыландырылуы
жөнінде мәлімет беретін презентация ұсынды. Форум ая-
сында үздік жұмыстар таңдалып, арнайы номинацияларға
ие болды. Бұлар:
«Үздік газет», «Үздік интервью», «Қазақ
тіліндегі үздік репортаж», «Орыс тіліндегі үздік репор-
таж», «Ағылшын тіліндегі үздік репортаж», «Үздік фото-
репортаж», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала»,
«Еркін тақырыптағы үздік мақала» және «Резонанс»
номинациялары. Аталмыш форумға университеттің
«Өркен» газетінің тілшісі ретінде қатысып,
«Қазақ тіліндегі
үздік репортаж» номинациясын жеңіп алдым. Әрине,
төрт жыл бойы атқарған еңбегің нәтижесін беріп жатса,
бұл сенің еңбегіңнің бағаланғаны деп білесің. Форумға
қатысып, университетішілік «Өркен» газетінің намысын
қорғағаныма қуаныштымын, бұл тек менің ғана жеңісім емес,
маған үміт артқан университет басшылығы мен редакция
ұжымының жеңісі деп есептеймін.
2011 жылдың 3 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Білім беру жүйесін
ақпараттандыру» атты V Халықаралық Форум өтті.
Білім Беру жүйесін
ақпараттандыру форумы
Форум жұмысына Білім және ғылым министрі
Б.Т.Жұмағұлов пен Байланыс және ақпарат министрі
А.К.Жұмағалиев, сондай-ақ шетелдердің білім беру
мекемелерінің өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру
мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
өкілдері, ҚР БҒМ ұйымдарының ішкі ведомстволарының
өкілдері, сондай-ақ IT-бірлестіктері мен (Microsoft, Hewlett-
Packard, Қазақтелеком бірлестіктері, «Логиком» АҚ, SIVECO,
Доктор WEB, КАТEV, Intel, «Интерактив-Қазақстан» ЖШС
және «Интера» ЖШС) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
қатынасты.
Форумда білім берудің барлық деңгейлерін
ақпараттандыруды дамытудың жағдайлары мен болашағын
бейнелейтін цифрлық баяндама ұсынылды.
Б і л і м б е руд е г і а қ п а р а т т ы қ т ех н о л о г и я л а р
бойынша ЮНЕСКО институты директорының орынба-
сары А.В.Хорошиловтың, А.И.Герцен атындағы РМПУ-
нің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы,
Т.Н.Носкованың, «TOJDE» журналының бас редакторы,
Анадолу Түрік университетінің профессоры, У. Демирейдің
сөйлеген сөздері ерекше ықыласқа ие болды.
Форум ауқымында мектепке дейінгі және жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан
кейінгі білім беру жүйесіне дағдыландыру сипатындағы
қолданбалы компьютерлік бағдарламалардың көрмесі
ұйымдастырылды.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің қызметкерлері Д.Г.Габдуллаев «Антиплагиат»
автоматтандырылған жүйесі, Н.А.Жүсіпқали виртуалды тур-
лар жайында шеберлік-сыныбын өткізгендері үшін диплом-
мен марапатталды. Біздің өнімдерге Қазақстандағы жоғары
оқу орындарының өкілдері, форумды ұйымдастырушылар
мен қонақтары қызығушылық танытты, сәйкесінше, бұл –
бағдарламалық өнімдер сапа көрсеткішінің, IT-қызметкерлері
біліктілігінің жоғары екендігін көрсетеді.
Форум соңында білім беруде қазіргі заманғы сандық тех-
нологиялар трансферті саласындағы өзекті педагогикалық
міндеттер сараптамасын жүргізу, сандық білім беру
конвентін даярлау, мұғалімдер мен оқытушыларды дай-
ындау және білім беруде АҚТ-ды пайдалану, жетекші
IT-бірлестіктермен - сандық технологиялар саласындағы
бренділермен халықаралық серіктестік, электронды оқыту
жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру және т.б. жаңартудың
жаңашылдық тетігі ретінде ұсыныстар айтылды.
Қатысушылар білім беру үрдісі субъектілерінің өзара
ақпараттық байланысу әрекеті ретінде оқытудың жаңа па-
радигмасын талқылауға бағытталған форумның өзектілігін
растады. Форум қатысушыларының пікірі бойынша, жаңа
парадигманы ұғыну Қазақстан Республикасында 2011-
2020 жылдарға Білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес, Қазақстанда енгізілетін электрон-
ды оқыту жағдайларында, білім беру сапасын арттыруға
мүмкіндік туғызатын болады.
10 қараша күні университет басшылығы мен
студенттерінің облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси
газеті бас редакторының орынбасары Е.Ж.Қыстаубаев
пен «Приуралье» қоғамдық-саяси газетінің бас редакто-
ры Р.Ғ.Сыиқовамен және газет журналистерімен кездесу
болып өтті.
Ке з де с уд і у н и в е р с и тет р е к то р ы, а к а де м и к
А.С.Иманғалиев ашып, студенттерді келген қонақтармен
таныстырып, құрметті қонақтардың алдында Халықаралық
бизнес академиясы ұйымдастырған студенттік БАҚ ІІ
ұлттық форумында «Қазақ тіліндегі ең үздік репортаж»
номинациясындағы жеңісі үшін 1-курс магистранты
М.Сралиеваға диплом табыс етті.
Кездесуде бүгінгі баспасөздің мақсат, міндеті, ондағы
қозғалатын өзекті мәселелер, ашылған жаңа айдарлар
туралы сөз болып, жас журналистер А.Мағзомов пен
Г.Самойлина журналистік мамандықты таңдау себебіне
тоқталып, оның өзіндік ерекшеліктері жайлы айтып берді.
С 9-го по 13-ое ноября в Алматы проходил по-
следний семинар из серии республиканского мето-
дического семинара для преподавателей немецкого
языка, организованный Гете-институтом. Семинар
продолжался два года и собрал 22 участника из различных
вузов Казахстана и Кыргызстана. Руководителями семинара
явились известные в нашей стране и Германии методисты,
авторы учебников и рабочих программ по преподаванию
немецкого языка как иностранного и, в частности, как
второго иностранного. Все участники семинара в течение
двух лет готовили проекты, писали тесты, знакомились
с многообразной методической литературой. Ведущие
семинаров предоставили участникам самый современный
методический материал и учебники. В рамках семинара
обсуждались также общепедагогические проблемы, во-
просы оснащения учебниками, разработки учебных планов,
партнерство с вузами Германии. От нашего университета в
работе семинара участвовали Барадосова М.Б. и магистр
Дейнеко А.С.
Семинар также дал многое в плане будущего сотрудни-
чества между казахстанскими вузами. Все участники выра-
зили сердечную благодарность руководству Гете-Института
и прежде всего языковому директору, г-же Сюзане Беккер
за прекрасно организованный семинар.
Достарыңызбен бөлісу: |