Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата03.03.2017
өлшемі14,94 Mb.
#6105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

Педагогика факультетінің деканы А.С.Қыдыршаев «Нұр 

Астана», «Егемен Қазақстан» газеттері мен «Таң Шолпан» 

журналына  жазылып,  жеке  отбасы  кітапханасына 

«Экологическое  образование  в  Казахстане»,  «Білім 

технологиялары»,  «Вестник  Академических  наук 

Казахстана», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орал өңірі», 

«Денсаулық»,  «Қазақстан  әйелдері»,  «Балдырған», 

«Жайық  үні»  басылымдарына  (13  дана  басылым) 

жазылғанын ерекше айтып өткіміз келеді. Тілдерді  оқып-

үйренудің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі 

М.Әжіғалиев «Ана тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Нұр 

Астана», «Жұлдыздар отбасы және Аңыз адам», «Таң 

Шолпан» атты басылымдарға өзі жеке жазылды. БҚМУ 

колледжі (директоры Т.Н.Төлеуішов) мен Білім техноло-

гиясы және ақпараттық орталық (Д.Ғ.Габдуллаев) жазы-

лым кезінде белсенділік танытып, жоспарлы басылымға 

жазылу жұмыстарын дер кезінде орындады. 

Биылғы  жылдың  жазылу  ерекшелігі  университет 

ректоры А.С.Иманғалиевтің қолдауымен ҰОС ардагерлері 

мен тыл ардагерлерінің облыстық қоғамдық-саяси «Орал 

өңірі» мен «Приуралье» газеттеріне  тегін жазуы болды. 

Жеке жазылуда «Отан тарихы», «Үш қоңыр» және 

«Қазақ  тарихы»  журналына  ҚР  тарихы  кафедрасы 

оқытушылары мен магистранттары, «Таң Шолпан» жур-

налына университет бойынша жеке жазылу жұмыстары 

қарқынды өтіп, филология факультетінің оқытушылары, 

магистранттары мен белсенді студенттері бірауыздан 

жазылды.      

Университет бойынша факультетаралық жазылымда 

«Жаратылыстану-математикалық» факультеті  көп данаға 

жазылып, белсенділік танытты.

Қазақстандық басылымдарға жазылу 10.10.2011 ж.- 

25.12.2011ж.  дейін,  ал  ресейлік  басылымдарға 

10.10.2011 ж. - 10.12.2011 ж. дейін жүргізіледі. Сондықтан 

қымбатты  әріптестер,  ақпараттың  секунд  сайын 

түсіп  тұратын  заманында  төл  газет-журналдарыңыз 

қасыңыздан  табылсын  десеңіз,  жазылуға  әлі  де 

уақыттарының бар екенін ескерткіміз келеді. 

 ғылыми кітапхана 

мерзімді 

Басылымға жазылу 


Ґ

№ 13 (870)

 қараша 

2011 жыл


8

«Биыл  -  біз  үшін  ерекше  жыл.  Біз  ел  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  қадам 

бастық.  Бодан  жұртты  бүгінгідей  бостан  күнге  жеткізген  бұл  жолда  біз  биік 

белестерді  бағындырдық»,-  деп  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтқандай, 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту мақсатында 20  

қараша күні  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 

«Жас экономист» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Менің елім – Қазақстан!» атты 

облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

Жат 


ағымнан 

сақтанайық

Елдің елдігі баянды болуы, іргесінің 

сөгілмей,  тұтастығының  тарқамауы  – 

сырттан  келер  қара  ниеттегі  күштерге 

қарсы  төтеп  бере  алар  ішкі  бірлігінде. 

Дініне, тіліне, діліне берік елді ешбір жауда 

жеңіп аларлық күш те, айла да жоқ. Қазіргі 

күнде елімізде осы бір адам бойындағы 

туған жеріне, ана тіліне, дәстүрлі дініне де-

ген сүйіспеншілікке толы асыл қасиеттерді 

жастардың  бойына  сіңіру  мақсатында 

түрлі шаралар атқарылуда. Ата-бабадан 

бастауын  алып,  дәстүрмен  астасқан, 

ұлттық  бояуымызды  бойына  сақтаған, 

өзіміздің дәстүрлі дінімізді бұрмалап, жат 

ойға, жат қылыққа итермелер түрлі діни 

ағымдар толып бара жатқаны белгілі. 

Жастарды  осы  бір  жат  ағымның 

жетегіне  кетуден  сақтау  мақсатында 

университетіміздің  «Шет  тілі:  екі  шет 

тілі»  мамандығының  студенттерімен  18 

қараша күні «Жат ағымнан сақтанайық!» 

тақырыбында  кездесу-семинар  болып 

өтті.  Семинарға  «Жайық»  деструктивті 

діни  ағымдардан  жапа  шеккендерге 

көмек  көрсету  орталығының  төрайымы 

Шағатай  Ләззат  Ғинаятқызы,  тарих 

ғылымдарының  докторы,  дүниежүзілік 

тарих  және  әлеуметтік-саяси  пәндер 

кафедрасының доценті Нұрғалиева Ағила 

Мұстахымқызы, дүниежүзілік тарих және 

әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының 

оқытушысы Шайхиев Тұрар Төлегенұлы, 

«Орал  өңірі»  облыстық  газетінің  тілшісі 

Серік  ықсанғалиұлы  қатысып  өз  ой-

пікірлерін ортаға салды.Қазіргі әлемді дүр 

сілкіндіріп,  қауіп-қатер  төндіріп  отырған 

діни ағымдардың белгілері мен қоғамдағы 

бейнесі жайлы тарих ғылымдарының док-

торы  Нұрғалиева  Ағила  Мұстахымқызы 

өз  баяндамасында  толық  айтып  өтті. 

Қылышы  жылмыңдаған  жат  жаудан 

қорғанудың бір жолы ішкі темірдей орнаған 

тәртіп  еді.  Осыған  орай  елімізде  «Діни 

әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы 

ҚР-ның  жаңа  Заңы»  қабылданды.  Бұл 

заңмен  толығырақ  семинарда  Шайхиев 

Тұрар Төлегенұлы таныстырды. «Жайық» 

орталығының төрайымы Шағатай Ләззат 

Ғинаятқызы  мен  «Орал  өңірі»  газетінің 

тілшісі Серік ықсанғалиұлы жастарға ой 

салар  сөздерімен  семинарды  одан  әрі 

жалғады.  Кездесу  соңында  «Ағылшын 

тілін оқытудың теориясы мен практикасы 

кафедрасының» меңгерушісі Абуханова 

Алма Ғабдірахымқызы сөз алып семинар-

ды қорытындылады.    

  Мұндай семинарлардың бүгінгі таңда 

жастарға қажет екенін сезініп, аға буын-

мен  кездесу  ұйымдастырып,  кездесу-

семинардың  басы-қасында  жүрген 

кафедрамыздың аға оқытушысы, 03401 

тобының  жетекшісі  Қасымова  Индира 

Набиоллақызына  айтар  алғысымыз 

шексіз.  Осы  кездесуді  ұйымдастыру 

арқылы жастарды жат ағымның жетегіне 

кетуден сақтануға көмек жасап, ақпарат 

берді.  Мұндай  шаралар  әрі  қарай  өз 

жалғасын табады деген ойдамыз.



 Құндыз ЖАлғАСБАевА, 

03401-топ студенті

«Дүниені билейтін - пікір»

«Дүниені билейтін - пікір»

қатысты.  Пікір-сайыс  ойындарына  қара 

қылды қақ жарған Жақсығалиева Альфия 

(БҚМУ), Бертілеуова Лашын (БҚАТУ) және 

Қажығалиева  Гүлдана  (БҚИТУ)    сияқты 

төрешілер төрелік етті. 

Пік ір - с айыс  т у р нирі  с ан  а луан 

тақырыптарды  қамтыды.  Атап  айтсақ, 

мұнай  өндірісінің  ел  дамуындағы  орны, 

ауыл  шаруашылығын  дамыту  жолдары,  

жастар арасындағы жұмыссыздық, латын 

қаріпін енгізудің оң және теріс жақтары,  

мемлекетімізде қалыптасқан партиялық 

жүйе  және  өнер  жұлдыздарының  жас 

ұрпаққа  әсері,  т.б.  өзекті  мәселелер.  

Бұ л  т у р н и р  п і к і р - с а й ы с т ы  ж а н ы 

сүйетін  көрермендердің  көптігімен  де 

ерекшеленгенін атап өткен жөн. 

Өте  тартысты  өткен  т урнирдің 

қорытындысы бойынша  тіл жүйріктігімен 

қоса  ой  жүйріктігін  таныта  білген  «Жас 

қыран»  командасы  (Абдулов  Мерхан, 

Бисембиев  Нұрсұлтан)  I  орын  иеленіп, 

«Жас  экономист»  ЖҚБ-ның  кубогін 

жеңіп  алды.  II  орынды  «Шырақ»  ко-

мандасы  (Мыңбаев  Сәкен,  Мақсотов 

Нұрхат),  ал  III  орынды  «Жалын.kz»  ко-

мандасы  (Орынбасаров  Әділет,  Мырза 

Еркебұлан)  еншіледі.  Сонымен  қатар 

келесідей  номинациялар  бойынша 

үздіктер  марапатталды:  «Үздік  төреші» 

-  Кимешев  Дәурен  және  «Үздік  спикер» 

-  Орынбасаров  Әділет.  Жеңімпаздарға 

бейнеойнатқыштар,  ұялы  телефондар 

мен  флеш-карталар сыйға берілді. 

«Менің  елім  –  Қазақстан!»  атты 

о б л ы с т ы қ   п і к і р - с а й ы с   т у р н и р і н 

қорытындылаған «Жас экономист» ЖҚБ 

төрағасы  Тажкенов  Нұрлыбек  қазіргі 

таңда қоғамдық өмірге белсенді арала-

сып, жастық жігерлеріне ақылдарын жол-

дас  етіп  жүрген  пікір-сайысшылардың 

еңбегін  атай  келе,  олардың  бұдан  әрі 

қарай да ел болашағы үшін жаңа идея-

ларды  дүниеге  әкелетіндігіне  сенімін 

білдірді.



Гүлімай АБдУловА,

                                       1 курс студенті

Аталмыш  турнирге  облысымыздың 

жоғары  және  арнаулы  оқу  орындары-

нан, яғни «Кәусар», «Грация», «Барыс», 

«Бірлік»  -  Жәңгір  хан  атындағы  БҚАТУ 

командалары, «NO comments» - БҚИТУ 

командасы,  «Ақиқат»,  «Жас  қыран», 

«АЗиЯ»  -  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ 

командалары,  жалпы  саны  пікір-сайыс 

ойынын  шебер  меңгерген  12  команда 



Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау 

ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап 

дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер 

туғызуға ерекше ден қойылуы тиіс. 30%- ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық 

спортқа тартылуы керек» деп атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта 16 қараша 

күні  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  спорт  сарайында,  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  халықаралық  студенттер  күніне  орай 

«Шынықсаң, шымыр боларсың!» атты эстафеталық жарыс өткен болатын. 

Шынықсаң, шымыр боларсың

Б ұ л   э с т а ф е т а л ы қ   ж а р ы с қ а 

университетіміздің  бірнеше  командала-

ры  қатысып,  өздерінің  күш-жігерлерін 

көрсетті.  Эстафеталық  жарыстың  ашы-

луына орай құттықтау сөз тәрбие жұмысы 

және әлеуметтік мәселелер жөніндегі про-

ректор Түймеш Малбағарқызы Даришеваға 

және «Ақжайық» спортклубының төрағасы 

Жұбанышқали  Сабырұлы  Жәрдемовке 

берілді.  «Тәлімді  тәрбие  отбасынан  ба-

стау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы 

болмақ»- демекші салауатты өмір салтын 

насихаттау мақсатында ұйымдастырылған 

жарыс  шарты  негізінен  кім  жылдам? 

кім  мерген?  ең  шымыр,  жүйрік  болсаң 

сен  егер,  қаппен  секіру  деп  аталатын 

бөлімдерден тұрды. Осы жарыстың өтуіне 

бас-көз  болған  тәрбие  бөлімінің  психо-

логы Альфия Жақсығалиева, «Ақжайық» 

спортклубының  нұсқаушысы  Бағдагүл 

Меңдікерейқызы  және  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің жетекшісі, студенттік прези-

дент, жас экономист Нұрлыбек Тажкенов 

әділ  бағаларын  берді.  Ойын  барысында 

«Ең  шымыр»  бөлімінде  команданың 

қатысушысы қолына шеңберді алып жолда 

қойылған кедергілерден допты домалату 

арқылы өтуі керек. Команданың әр ойын-

шысы барлық кедергілерді бұзбай келесі 

ойыншыға шеңберді тез жеткізуі керек. 

С о н д а й - а қ   с а й ы с т ы ң   к е л е с і 

бөлімдерінде  екі  шеңбердің  бірінде 

жатқан  ауыр  доптарды  келесі  шеңберге 

орналастыру, қаппен жүгіру арқылы допты 

баскетбол  қоржынына  түсіру,  шеңберді 

тік бағытта алға қарай дөңгелетіп жүгіріп, 

шеңберден допты өткізу арқылы тамаша 

ойындар  көрсетті.  Сайыста  берілген 

уақыт ішінде  шапшаң қимылдап, әрі ойын 

шартына  сай  өнер  көрсетіп,  өздерінің 

мықтылығы мен белсенділігін, жүйріктігін 

көрсете  білген  жаратылыстану  бөлімінің 

құрама  командасы  І  орынды,  экономика 

және  басқару  бөлімінің  командасы  ІІ 

орынды, би және саз бөлімінің командасы 

ІІІ  орынды  иеленді.  Сондай-ақ  өздерінің 

шеберліктерін  көрсеткені  үшін,  жекеле-

ген ойыншылар да марапатқа ие болды. 

Жеңімпаздарға  диплом  мен  арнайы 

сыйлықтар табыс етілді.        



 Нұркен ӘміРАШев

Азаттықтың жиырма жылдығына арналып және студенттер күніне орайластырылып университеттің «Серпін» жастар 

театры жазушы М.А.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» қойылымын тарту етті. 

«Серпін» театры тағы бір туындымен толықты

Қоюшы  режиссеры  –  белгілі  әртіс 

Жігер  Мұрзалиев  әртістерді  таңдауда 

еш  қателеспеген  сыңайлы.  Әрқайсысы 

өздеріне  берілген  рөлді  айтарлықтай 

дәрежеде сомдады. Атап айтар болсақ, 

Иешуа  Га-Ноцри  бейнесін  сомдаған 

Қадыр  Құттыбаев,  майталман  ше-

бер  бейнесінде  Мейрам  Хабибуллин, 

Маргарита – Райса Мұрзалиева, Аннушка 

–  Жұлдыз  Балбақова,  қара  мысық  – 

Асила  Төреғалиева,  күзетші  –  сақшы 

бейнесінде Эльдар Әубекеров, Мағжан 

Жұмағалиев және Құрманғазы атындағы 

саз колледжінен қызыләскер бейнесінде 

Жоламан Еркін, биші Мира Байдувалиева 

және Понтий Пилат бейнесін сомдаған 

Жалғас Мырзалиев. 

Роман сатира, фарс, қиял-ғажайып, 

мистика,  мелодрама,  философиялық 

тәсіл жанрында жазылған. Сол замандағы 

қоғамда орын алатын әділетсіздік, адам-

дар теңдігі, жастар арасындағы махаб-

бат желісі көрініс тапқан бұл қойылымнан 

жастар ерекше әсер алды. Университет 

ректоры  Асхат  Сәлімұлы  қойылым 

соңында өзінің тілегін білдіріп, жастардан 

үлкен  үміт  күтетінін  жеткізді.  Тапжылмай 

тамашалаған  көрермен  алда  да  тағы 

бір  жаңа  шынайы  қойылымның  куәсі 

болатындығына сеніммен тарқасты.



Өз тілшіміз

Менің Қазақстаным!

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 

қарашаның  25-жұлдызында  М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  тарих  және  құқық 

факультеті  «ҚР  тарихы»  кафедрасының 

ұйымдастыруымен  ”Менің  Қазақстаным!” 

атты  патриоттық  әндер  және  мәнерлеп 

оқу  байқауы  оздырылды.  Байқауға  та-

рих  және  құқық  мамандығының 1-4  курс 

студенттері қатысты. Байқаудың мақсаты: 

ұлттық рухтық қасиеттерді қалыптастыру, 

ұлтжандылық,  отаншылдық  сезімдерді 

ояту,  талантты  студенттерді  анықтау. 

Студенттер  ақындардың  өзіндік  орны 

ерекше  патриоттық  әндерін,  поэзияла-

рын орындап, өнерлерін көрсетті. Байқау 

қорытындысында патриоттық әндер бой-

ынша І орынды 08401-топ студенті Губашев 

Дамир  жеңіп  алса,  ІІ  орынды  07101-топ 

студенті  Амангелдиев  Миржан  иеленді. 

Ал ІІІ орын 07301-топ студенті Досмурзина 

Айшагүлге  бұйырды.  Байқау  барысында 

ерекше  көзге  түскен  07412-топ  студенті 

Кенжин  Нұрлан  мен  07201-топ  студенті 

Нұрмұханов  Жансұлтанға  алғыс  хаттар 

табыс етілді.

Патриоттық  тақырыптағы  өлеңдерді 

мәнерлеп  оқу  бойынша  аруларымыз 

көрермендерді поэзия әлеміне енгізіп, бір 

жасатты.  Әділқазы  мүшелерінің  шешімі 

бойынша өзінің төл туындысымен көрермен  

ықыласына ие болған 07104-топ студенті 

Бибінұр  Калакова  есімі  ерекше  аталып, 

алғыс хат табыс етілді. 07102-топ студенті 

Ботагөз Жұмағалиева, 08401-топ студенті 

Бұлбұл Кенжәлі жүлделі орынға ие болды.

Ел  келешегі  –  жастар  үшін  мұндай 

патриоттық шаралардың берері мол.

 

А. ЖұмАШевА, 

тарих мамандығының 4 курс студенті


Ґ

№ 13 (870)

 қараша 

2011 жыл


9

Ғылыми кеңесТе



Үстіміздегі жылдың 28 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс 

Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі болып өтті.

Күн  тәртібінде  жемісті  жетістіктерге  қол  жеткізген  бірқатар 

студенттеріміз  оқытушы-профессор қауымына таныстырылып,  марапатқа 

ие жеңімпаздарымызды ректор Асхат Сәлімұлы  құттықтады.

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  5В010600  музыкалық  білім 

мамандығына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу 

орталығының  2011 жылғы ұлттық рейтингінде ҚР ЖОО-лары ішінде ІІІ 

орын иеленгені туралы атап өтті.

3-7 қазан аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған волей-

болдан ерлер командалары арасында қала кубогында І орын иелеген 

БҚМУ құрама командасы марапатталды. 

13-17  қазан  аралығында  Рига    (Латвия)  қаласында  өткен  самбо 

күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері дене шынықтыру және 

спорт мамандығының 1 курс студенті Нұрбол Серіков қола медальмен, 

дипломмен марапатталды.

4-10 қараша аралығында Орал қаласында өткен тоғызқұмалақтан 

Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері 10102-топ 

студенті Ақшолпан Айғалиева спорт шебері атағын иеленіп, күміс ме-

дальмен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 

жанындағы «Заман» ЖҚБ ұйымдастыруымен өткен халықаралық студент-

тер күніне арналған облыстық студенттер арасындағы шахмат ойынында 

І орын иеленген БҚМУ командасы марапатталды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2010-2011 оқу жылындағы жұмысының 

нәтижесі туралы І проректор Ә. Тасмағамбетов баяндады.

2011-2012 оқу  жылына  МАК төрағаларының кандидатурасына оқу ісі 

жөніндегі проректордың м.а. - Ғ.Жүсіпқалиева, ЖОО-дан кейінгі дайындық  

бөлімінің жетекшісі - Ш.Мұқанбетова бекітілді. 

Ағымдағы  мәселелер:  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

коллегиясының  жұмыс  барысы  туралы  және  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  Томсон  Рейтер  (Thomson  Reuters)  компаниясымен 

келісімшартқа қол қоюы туралы ректор А.С.Иманғалиев айтып өтті.

Магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыптарын 

және ғылыми жетекшілерін бекіту туралы ЖОО-дан кейінгі дайындық  

бөлімінің жетекшісі Мұқанбетова Шынар Төлегенқызы таныстырды. 

«М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  қамқоршылар  кеңесінің  ережесін» 

және қамқоршылар кеңесінің құрамын бекіту жайында және «Оқу үрдісін 

ұйымдастыру және өзге оқу орындары мен мекемелерден шақырылған 

оқытушылардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы ережені» бекіту туралы, 

сондай-ақ  «М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметін PR-мен қамтамасыз ету 

тұжырымдамасын» бекіту туралы стратегиялық даму және аккредиттеу 

орталығының директоры О.Юров атап көрсетті. 

«М.Өтемісов атындағы БҚМУ білім алушылары мен оқытушыларының 

академиялық ұтқырлығы туралы ережені» бекіту жайында оқу ісі жөніндегі 

проректордың м.а. Ғ. Жүсіпқалиева баян етті.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ конкурстық комиссиясының құрамын бекіту 

туралы кадрлық қызмет жетекшісінің м.а. Н.Журавлева таныстырды. 

30.09.2011 жылғы №2 Ғылыми кеңес шешімінің орындалуы. «Күндізгі 

және сырттай оқу түрі студенттерінің 2010-2011 оқу жылындағы жазғы 

сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары» есебінің қаулысын бекіту 

жайында оқу ісі жөніндегі проректордың м.а. Ғ. Жүсіпқалиева  баяндады.

«Тіл орталығы туралы» ережені бекіту, «РФ шекаралас жоғары оқу 

орындарында қазақ тілін оқытуға көмек көрсету/ тарату бағдарламасын» 

бекіту туралы және халықаралық студент, магистранттармен академиялық 

алмасу  бағдарламасына  қатысу  шарттарын  және  халықаралық 

академиялық оқытушы бағдарламасына қатысу шарттарын бекіту туралы 

халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық қызметінің 

жетекшісі М.Барадосова баяндап берді. 

Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Н.Г.Шамакованың 

экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін ҚР Білім және ғылым 

саласындағы Бақылау комитетіне қайта аттестаттауға ұсыну туралы ҒЖ 

және ХБ жөніндегі проректоры Ә.Мұқтар айтып өтті.



***

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің ректораты 18 қарашада өтті.

БҚМУ-да  бейне  материалдардың  қорын  қалыптастыру  мен  оқу 

фильмдерін дайындау туралы оқу теледидары және графикалық жобалау 

зертханасының жетекшісі Н.Жүсіпқали сөз қозғады.

Университеттің конкурстық комиссиясының жұмысы жайында кадрлық 

қызмет жетекшісінің м.а. Н.Журавлева айтып өтті.

Ағымдағы мәселелер қаралып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2010-

2011 оқу жылындағы жұмыс нәтижесі бойынша құрылымдық бөлімшелердің 

және ПОҚ рейтингінің қорытындысын стратегиялық даму және аккредиттеу 

орталығы директорының ақпараты О.Юров жария етті.



***

25 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінің 

отырысы болып өтті.

Марапаттау: Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен 

өткізудегі, сондай-ақ жас ұрпаққа білім мен тәлімді тәрбие берудегі белсенді 

еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тест орталығының 

құрмет  грамотасымен  университет  ректоры  Асхат  Иманғалиев  - 

Құспан  Аронов,  Жанна  Иксебаева,  Мирболат  Иманғалиев,  Миржан 

Мұхамбетов, Ақтоты Ниязбекова, Ирина Пугачева, Елдос Сафуллин, 

Рита  Сұлтанғалиева,  Бауыржан  Өмірзақов  сынды  оқытушыларды 

марапаттады.



Күн тәртібінде: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кредиттік оқыту 

жүйесінің әдістемесін жетілдіру: мәселелері және шешу жолдары жайында 

профессор-оқытушы қауымға ақпараттық және білім беру технологиялары 

орталығының директоры Ғ. Жүсіпқалиева хабардар етті. 

Күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің диплом  жұмыстары/ 

жобалары, біліктілік жұмыстарының тақырыптары мен  сарапшыларының  

тізімін бекіту жайында академиялық мәселелер жөніндегі департамент 

директоры Қ. Өтегенова баян етті. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Жоғары оқу орнының 

үздік оқытушысы» байқауына үміткерлерді ұсыну туралы  ЖОО-дан 

кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Ш.Т. Мұқанбетова, «М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ-да кәсіби сараманды ұйымдастыру туралы» ережені 

бекіту туралы сараман, мансап және маркетинг бөлімінің жетекшісі 

Н.А. Хабадашев, «Білім беру жүйесін ақпараттандыру V халықаралық 

форумның» жұмысы туралы ақпараттық және білім беру технологияла-

ры орталығы директорының орынбасары Д.Ғ. Ғабдуллаев, 2012 жылдың 

4, 5, 6 қаңтарындағы сынақ-емтихан сессиясының күндерін 16, 17, 18 

қаңтарға ауыстыру туралы ақпараттық және білім беру технологиялары 

орталығының директоры Ғ.Қ. Жүсіпқалиевалар ағымдағы мәселелер 

төңірегінде қозғады.  



Айгүл НИетовА, 

ғылыми хатшы

Әрбір білім беру мекемесі үшін өз түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін 

мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда жасалған еңбектің 

жемісі болып саналады. Университеттің түлектерін жұмыспен қамту бой-

ынша жылдық жоспары қорытындыланып отыратыны белгілі.

Университеттің соңғы курс студенттеріне мемлекеттік қызмет жөнінде 



«Бүгінгі студент - ертеңгі жас маман!», «Мамандық ерекшеліктері», 

«Жоғары білімді жас маманның алғы қадамдары» тақырыптарында 

жұмыс берушілермен кездесу мақсатында ашық есік күндері өткізілді. 

Сонымен қатар, университет түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу 

мақсатында 



«Мансап күні» (мамандықтар жәрмеңкесі) дәстүрлі өткізу 

шарасы орын алды. Шарада облыстық, қалалық жұмыспен қамту мекеме 

ТүлекТердің 

жұмысқа орналасуы

өкілдері қатысып, сұранысқа ие мамандармен жүздесіп, студенттер түйіндемелерін тапсырған болатын.

Түлектердің жұмысқа орналасуында биылғы оқу жылында тарату комиссиясы отырысының барысында түлекті 

қарамағына қабылдаған білім беру ұйымдары кейіннен өз шешімдерінен бас тартуы, түлектердің көп жағдайда 

ауылға барудан бас тартуы жайында  қиындықтар кездесті. 2010-2011 оқу жылында бітірген 1070 түлектің 786-сы 

жұмысқа орналасты (74%), соның ішінен 350 түлек педагогика мамандықтары бойынша, ал 436 түлек педагогикалық 

емес мамандықтары бойынша. Биыл оқуды аяқтаған «құқық және экономика негіздері» мамандығының түлектерін, 

педагогикалық мамандықтың иесі бола тұрса да, мектептерге жұмысқа орналастыруда қиыншылықтар туындады. 

Бұл пән бойынша мектептерде сағат саны аз, немесе «жоқ» деуге де болады. Осыған байланысты бұл мамандыққа 

қосымша мамандандыру енгізіп, білім беру ұйымдарынан басқа орындарға жұмысқа орналасуға мүмкіншік жасалса; 

бұл мамандық бойынша 2012 жылы ауыл квотасымен бітіретін түлек саны – 17; жыл сайын жұмысқа сұраныс көтеріліп 

келе жатқан (физика, математика, химия, т.с.с.) мамандықтар да бар, бірақ ауылдық жерге жіберілген студенттердің 

көбі қалаға қалуды жоспарлайды. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен тереңірек жұмыстанса; 

жұмысқа орналастыру мақсатында жүргізілген барлық шараларда ауылды көтеру тақырыптары жиірек көтерілсе; 

шығарушы кафедраларда студенттерінің жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне талдау жасалып, бітіріп кеткен 

түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізіліп отырса; заман талабына сай қосымша дайындық үшін 

жұмыс берушілермен оқу бағдарламасын жасауда мекемелер және ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілсе 

деген ұсыныспен өткен оқу жылының көрсеткішін қорытындылай отырып, келешекте де жастарды жұмыспен 

қамтуда келеңсіз жағдайлардың алдын алып, игі шаралар өз жалғасын табатынына сенім білдіреміз.



Нұрдәулет ХАБАдАШев, 

сараман, мансап және маркетинг бөлімінің жетекшісі                                                 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет