9 желтоқсан күні жаратылыстану және
математикал
ық факультетінде А.С. Бисенғазиеваның
ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тірегім, мақтанышым
жүрегім»! тәрбие сағаты өткізілді. Студенттердің қазақ
еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін сүюге
шақыру мақсатында ұйымдастырылған сабақ барысын-
да еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы
айтылды. Қазақ елі үшін, жері үшін күрескен қазақтың
ұл-қыздары туралы Желтоқсан оқиғасынан қойылым
көрсетіліп, «Туған елім», «Қазақ жігіттері», т.б. патриоттық
әндер шырқалды.
«Жалпы тілі білімі және аударма» кафедрасында
орыс тілі мен әдебиеті және аударма ісі мамандығы
студенттерінің арасында шығармашылық кеш
ұйымдастырылды. Студенттер Ж.Құсайынов, Б.Қамашев,
А.Егоров, Д.Карнаух, К.Новиков өз шығармаларынан жеке
туындыларын - өлеңдерін, әндерін, әңгімелерін ұсынды.
Студенттер шығармашылығын шыңдауда осындай
кештердің маңызы өте зор.
Университетімізде «Қазақстанның жоғары оқу
орнында кредиттік оқыту жүйесі ақталады» атты
пікір-сайыс ойыны өткізілді. Шара мақсаты студенттер
мен оқытушылар арасында кредиттік оқыту жүйесінің
мәнін терең насихаттау, студенттердің білім кеңістігін
қалыптастыру болатын.
Білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру
мақсатын көздеген кредиттік оқыту технологиясының
ережелері төңірегінде ой-пікірлер айтылды.
12 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-
дың мәдениет және өнер факультетінде «Бүгінгі жастар
білімге құштар ма?» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Студенттерді білімпаздыққа үйрету және тарту шара
мақсаты болатын. Мәдениет және өнер факультетінің
деканы, п.ғ.к., доцент М.М.Нағымова Білім және ғылым
министрлігінің білім саласындағы өзгерістері туралы, жаңа
қоғам мұғалімі – жаңа талаптарды бойына сіңірген жан-
жақты жетілген маман болу керектігі туралы сөз қозғады.
Университетімізде студенттердің жат діни
ағымдардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу
мақсатында «Жастар, жат ағымдардан сақтанайық!»
тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі
12 желтоқсан күні болып өтті.
БҚО Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы
Г.М.Аргенова, БҚО Дін істер департаментінің бас маманы
Ғ.Ж.Мажитов қатысты.
Батыс Қазақстан облысындағы діни жағдай бойынша
түсірген бейнебаян көрсетіліп, студенттерге облысымыз-
да, елімізде орын алып жатқан түрлі діни ағымдар туралы
ақпарат берілді.
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні
университеттің ғылыми кiтапханасында Қазақстан
Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерей-
тойына орай «Казахстан. Путь к вершине» атты бейне
сабақ өтті.
Сабақта инновациялық технологияларды қолдану
арқылы тәуелсiз еліміздің жүріп өткен жолдары, қол
жеткізген жетістіктері туралы бейнебаян көрсетілді.
Бейне сабақты биология мамандығы студенттерінің
қатысуымен практикалық орыс тілі кафедрасының доценті,
ф.ғ.к. О.В.Опря өткізді. Бейнефильм көрсетіліп, Қазақстан
туралы викториналық жарыстар ұйымдастырылып, сту-
денттер Отан туралы өлеңдер оқыды.
Тәуелсiз Қазақстан, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы,
Н.Ә.Назарбаев - тәуелсiз мемлекеттiң негiзін қалаушы,
қазiргi Қазақстан деген тақырыптарда виртуальды көрме
ұйымдастырылды.
Университет студенттерінің пікір-сайыс ойында-
рына деген қызығушылықтарын арттыру, 20 жылдағы
тәуелсіздіктің жетістіктерін насихаттау мақсатында
«Жасампаздықтың 20 жылдығы!» тақырыбында
13 желтоқсан күні университетішілік көрсетілім пікір-
талас турнирі өтті. Турнирде Қазақстан Республикасы
Президентінің халыққа арнаған Жолдауы, Қазақстан та-
рихы мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы
туралы мәселелер талқыланды.
13 желтоқсан күні облыстық білім басқармасының
ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл
ішіндегі жетістіктері» облыстық ғылыми-танымдық
конференциясы ұйымдастырылған болатын. Осы
ғылыми конференцияда БҚМУ колледжінің 3 курс оқушысы
Перизат Балмұқанованың ғылыми еңбегі жоғары
бағаланып, «Экономика жұлдызы» номинациясына лайық
деп танылды.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжінде
13 желтоқсан күні «Рушылдық - ұлттық қасиетіміз
бе, әлде дерт пе?!» тақырыбында пікірталас
ұйымдастырылды. Рулық жүйе туралы пікірді ұстанған
жастар нақты дәлелдерге сүйене отырып, зор мәліметтер
қорын ұсынды. Сондай-ақ ұлттық қасиетке тән рудың мән-
маңызын атап өтіп, өзара ой бөлісті.
27 желтоқсан күні балғын балапандар жасыл
шырша жанына жиналды. Университет басқармасы мен
оқытушыларының, әкімшілік, шаруашылық қызметкерлерінің,
университет колледжі оқытушыларының 1-5 және 5-10 жас
аралығындағы балаларына арналған жаңа жыл мерекелік
шыршасы №1 оқу ғимаратының акт залында өтті. Кеште
орындалған әндер мен көңілді қойылымдар балаларға
шат-шадыман күй сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндер де өз
өнерлерін ортаға салды.
20-28 желтоқсан аралығында Жаңа жылдық кеш
бағдарламасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің филология, пе-
дагогика, жаратылыстану-математикалық, тарих және
құқық, мәдениет және өнер, экономика және басқару
факультеттері және БҚМУ колледжі студенттері арасын-
да мерекені тойлау кештері болып өтті. Мерекелік кеш-
терде әр факультет бағдарламалары бойынша карнавалдық
кастюмдерін киіп, көңілді қойылымдарын тарту етті.
Тәуелсіздік тарихы - жасампаздық бастауы
Тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен №3 оқу ғимаратында ««Тәуелсіздік және ұлттық тарих:
жасампаздық бастауы»» атты дөңгелек үстел өтті.
Ел тарихындағы «Тәуелсіздік және ұлттық тарих» мәселесі бағытында өзара пікір алмасып, студенттердің
отансүйгіштік сезімін ояту мақсатында болып өткен дөңгелек үстелге университет оқытушыларымен қатар ардагер-
ұстаз Х.Ж Сүйіншәлиев, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, «Жайық-Пресс» ЖШС бас директоры Ж.Н.Сафуллин, Батыс
Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ә.Т. Жоламанов, Батыс Қазақстан облыстық сотының
баспасөз қызметінің бас маманы А.Шахин, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау институтының әдіскері М.М. Исмағұлов, т.ғ.к., БҚГА доценті Д.Д. Сүлейменова, т.ғ.к., БҚГА доценті Ж.Т.
Ерназаров, т.ғ.к., Жәңгір хан атындағы БҚАТУ доценті Е.Е. Хайдаров, журналист қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктері баяндалып, ардагер-
ұстаздар жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін түсіне білуді, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оқып білім
алуларына, елдің көсегесін көркейтуде адал қызмет етулеріне сенім білдірді.
Ел ертеңі бүгінгі тәрбиеден бастау алмақ
Білім ордасында «Отан – отбасынан басталады!» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Отбасындағы тәрбиені жетілдіру арқылы жас жеткіншектердің бойына ұлттық сана-сезімді, Отанға деген құрмет
сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткен шараға облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы,
тарих ғылымының кандидаты, профессор М.Ә.Мұқанбетов, Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник Қ.Х.Гайсин,
Орал қалалық соғыс және тыл еңбеккерлері ұйымының төрағасы С.Алдабергенов, Орал қалалық «Нұр Отан»
партиясының кеңесшісі К.А.Петрович, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Н.Пересветов, ардагер-
ұстаз М.Ж.Жолдықайырова қатысты. Кеште Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихының шежіресі,
атаулы даталар, жетістіктер, маңызды оқиғалар туралы айтылды. Сонымен қатар, Отанның патриоттарын тәрбиелеу
үшін, отбасындағы, білім ошақтарындағы тәрбие жұмысын жандандыру мәселелері туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
Жастардың тәрбиелі, білімді, бәсекеге қабілетті, елдің азаматы болып қалыптасуларына өнегеге толы өмір жолдарынан
сыр шертіліп, тәлім мен тәрбие бағытындағы ақыл-кеңестер айтылған мұндай шаралардың септігі мол.
Жастар «алған білім мен ғылымды ел
кәдесіне жаратамыз» дейді
Желтоқсанның он екісі күні «XXI ғасыр – бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» тақырыбында
дөңгелек үстел оздырылды.
Студенттердің қоғамдық ортадағы белсенділігін арттыру, студенттердің оқу үрдісіндегі қол жеткізген табыстарын,
БҚМУ-дың білім жүйесін әлемдік және республикалық көлемде таныту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға
университет студенттері қызығушылықпен қатысты.
Студент жастар қазіргі заман - білім мен ғылымның ғасыры екендігін тілге тиек етіп, еліміздің экономикасын көтеру
бағытында түрлі ауқымды шараларды қолға алу, тек білім алып қана қоймай, алған білім мен ғылымды ел кәдесіне
жарату керек деп, оң пікірлер айтқан белсенді жастар елдің ертеңіне алаңдаушылықтарын аңғартты осы дөңгелек
үстелде.
Жаңа ғасыр студенті қандай?
Мәдениет және өнер факультетінде 13 желтоқсан күні «XXI ғасыр студенті кім және қандай?» тақырыбында
дөңгелек үстел өткізілді.
Қазіргі заман студенттерінің көзқарастары мен тыныс-тіршілігін анықтап, таным-түсініктерін зерделеу мақсатында
ұйымдастырылған іс-шараға факультет оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде ХХІ ғасыр студенті
қандай болуы керек және заман талабына сай болу үшін не істеу қажет деген сұрақтар қаралды.
Өз ойларын ортаға
салған жастар жаңа ғасырдың студенттері білімді, жігерлі, өз кәсібінің майталман шебері, елдің ертеңін ойлайтын,
келешек ұрпаққа үлгі болар жан-жақты тұлға болуы қажет деген ұстанымды көздеді. Ол үшін білім алып, ғылыммен
айналысып, еліміздің ұлттық құндылықтарын біліп қастерлеуді, тарихымызды, тіліміз бен мәдениетімізді ұлықтау
керектігі ерекше айтылды.
Мамандар жас педагогтарға ауылға
баруға кеңес берді
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша студенттер арасында дөңгелек үстел
өткізілді. Бұл шараның мақсаты - әлеуметтік жобаның елімізде және өңірімізде жүзеге асырылуына талдау
жасау, ауылға білімді студенттерді жұмылдыруға атсалысу.
Дөңгелек үстелде БҚО ІСБ жастармен жұмыс бөлімінің бастығы Б.М.Хайруллин, «Нұр Отан» ХДП облыстық «Жас
Отан» жастар қанатының жетекшісі Д.Қ.Кадралиев дипломды мамандардың ауылға баруы қажеттігі туралы болашақ
мамандарға ақыл-кеңестерін берді. Сондай-ақ кездесуде Елбасының халыққа арнаған Жолдауы, «Дипломмен ауылға»
бағдарламасының тиімділігі мен нәтижесі, Білім және ғылым министрлігінің педагогтар статусын көтеру туралы
бағдарламасы талқыланды.
«Қазір білім сапасы жақсарып, студенттердің жоғары деңгейде білім алуларына көңіл бөлінуде. Біз де өз тарапы-
мыздан мамандарды дайындауда білім сапасына өте үлкен көңіл бөлеміз. Біздің оқу орнынан жылына 2 мыңнан аса
студенттер бітіріп шығады, сыртқы, ішкі бөлімі бар. Білім алып шыққан түлектердің 70-80 пайызы ауылда қызмет етіп
жатыр. Елбасының «Дипломмен ауылға» деген идеясын қолдай отырып, жастарды ауылға қарай бағыттау қажет деген
пікірді өте дұрыс деп санаймын», - дейді ЖОО-дан кейінгі бөлім жетекшісі Ш.Мұқанбетова жиын барысында.
Тек денсаулығы мықты, көкірегі ояу, білімді әрі бәсекеге қабілетті жастар алдына қойған мақсатына жетеді дейді.
Біздің жас мамандар келешегіміздің жарқын болуына өз үлестерін қосады деген ойдамын. Сондай-ақ бүгінгі дөңгелек
үстелден болашақ мамандар үлкен әсер алды деп ойлаймын. Болашақтың кілті біздің қолымызда болуы себепті өркендеу,
көркею жолында бар күшімізді салып, аянбай еңбек ету - міндетіміз», дейді жиынға қатысқан 4 курс студенттері.
Студенттер арасында дәстүрлі өнерді насихаттау, дарынды студенттерді анықтау, ұлттық өнерге деген
өскелең ұрпақтың құрметін ояту мақсатында дәстүрлі орындаушылық өнер бойынша М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-дың студенттері арасында шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды.
Дәстүрлі өнер фестивалі
Ф е с т и в а л ь ғ а Қ Р е ң б е к
сіңірген әртісі, дәстүрлі қазақ
әндерін насихат таушы, әнші-
термешілер С.Таудаева және
Ғ. Қ ұ р м а н ғ а л и е в т і ң ш ә к і р т і
С.Рахметжанов, республикалық,
х а л ы қ а р а л ы қ б а й қ аул а р д ы ң
лауреаты Д.Мақсотов және сту-
денттер қатысты. Университет
студенттері қазақ халқының ұлттық
аспабы - домбырамен дәстүрлі
күйшілік мектептің түрлі күйлерін
орындап, халық әндерін, терме-
лер мен жырларды шырқады.
Дәстүрлі қазақ әндерін насихат-
таушы, әнші-термеші С.Таудаева
мен С.Рахметжанов қазақ өнерінің
дәстүрі мен шығу төркіні жайында
баян етті.
Жасампаздықтың жиырма жылдығы
Ґ
№ 15 (872)
желтоқсан
2011 жыл
6
Жиырма жұлдызды күн
Как мы все знаем, каждый год 16-
го декабря наша Республика отмечает
знаменательный праздник – День
Независимости!
Но в этом году мы отмечаем осо-
бую дату - 20-летие Независимости!
«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» тақырыбында
кураторлық сағаты жаратылыстану-математикалық
факультетінің математика бөлімінде болып өтті. Еркіндіктің
келген тектілігін жас ұрпаққа насихаттау, Отанды сүюге,
Желтоқсан құрбандарын әрдайым құрмет т ұ т уға,
адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін
ұғынуға тәрбиелеу мақсатында өткен кураторлық сағатын
04401-тобының кураторы Бегеева Анаргүл Ізбасарқызы асқан
дайындықпен өткізді.
«Независимость - мечта народа»
Летопись современного Казахстана
начинается с 16 декабря 1991 года.
В этот день Казахстан объявил себя
Независимым суверенным государством.
20 лет тому назад, обретя свою незави-
симость, Казахстан открыл новую веху
в своей истории: окреп, достиг больших
результатов в своем развитии.
Наши студенты не остались в сторо-
не от этого праздника: 5 декабря 2011 года
был проведен открытый кураторский час
на тему «Независимость – мечта народа»,
посвященный 20-летию Независимости
нашей Республики.
Целью проведения кураторского часа
групп Алеуова З.Ж., Неталиева Ф.С. и
Искалиева А.У.
В начале студенты показали неболь-
шой спектакль о судьбе героини декабрь-
ских событий 1986 года Асановой Ляззат,
постановка сопровождалась показом
видеороликов тех событий, после была
продемонстрирована презентация об эта-
пах становления Независимой Республики
Казахстан в 1991 – 2011 гг.
Музыкальными сопровождением яви-
лись песни «Астана», «Желтоқсан Желі» и
музыкальная композиция на домбре. Одной
из исполнительниц этой композиции была
успешно обучающаяся по обмену в на-
шем университете студентка Калмыцкого
государственного университета Шакирова
Герил, которая освоила домбру на музы-
кальном кружке нашего университета.
Наряду с этим были прочтены стихот-
ворения «Мой Казахстан», «Тәуелсіздік», и
в конце, в качестве подведения итога, была
проведена викторина и исполнен гимн
«Менің Қазақстаным» всеми участниками
мероприятия.
В з ак лючительной час ти к ура -
торского часа деканом естественно-
математического факультета Медешевой
А.Б. и заведующей кафедрой физики и
математики Кульжумиевой А.А. были про-
изнесены поздравительные речи.
В связи с приближающимся праздни-
ком хотим поздравить всех с 20-летием
Независимости Республики Казахстан!
Пожелать всем благополучия, здоровья,
успехов в учебе, в работе и творческих
начинаниях. А нашему государству - про-
цветания и развития, спокойствия и мира!
Ф.С. НЕТАлИЕВА,
Куратор группы 04102�04104
Тәуелсіздік тұғыры
биік болсын!
Ашық кураторлық сабағына ка-
федра оқытушылары мен студенттер
қатынасты.
Осыдан 25 жыл бұрын, 1986 жылы
Алматының қазіргі Тәуелсіздік көшесінде
Желтоқсан оқиғасы орын алған еді.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл
Желтоқсан көтерілісіне тарихта атта-
ры алтын әріптермен жазылып қалған
Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л. Асанова
және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз
бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу
үшін қатысқан еді.
Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы -
қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр
да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді, міне,
осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
аға ларымыз бен апа ларымыз дың
арқ ас ын д а ата - б аб а л ар ымыз ү ш
ғасырға жуық уақыт бойы армандаған
тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас
оқиғалар – ел бостандығын қорғау
м е н ұ л т- а з а т т ы қ
көтерілістердің та-
рихымызда өшпес
өнеге, өлмес мұра ретінде сақталады.
Халқымыздың бостандыққа ұмтылған
Желтоқсан оқиғасы мен өшпес қайсар
рухының арқасында әлемдік аренада
өз орнын алған тәуелсіздік жайында
студент жастар назарына арнайы слайд
ұсынылды. Топ студенттері Желтоқсан
оқиғасында қыршынынан қиылған Қайрат
пен Ләззат аға-апаларымыздың бастан
кешкен ызғарлы сәттерінен қойылым
көрсетті.
Кеште топтың өнерпаз студенттері
Ақжан Аронова «Қазақ елі», Айзада
Ең с еген ов а «Тәуелс із дік » ән дерін
шырқап, Ботагөз Мұхамбетова, Қайырлы
Дюсембаеваның «Қазақ биімен» мың
бұрала би билесе, Бағдат Кабасов «Ерке
сылқым» күйін тарту етіп, Н. Назарбаев
пен Б. Тілеухановтың «Елім менің» әнін
4401-топ студенттері орындап берді.
Ұзақ жылдар жолында қан да, жас
та, тер де төгілген тәуелсіздік - біздің
халқымыз үшін аса қымбат, себебі
тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді,
сөнген мемлекетіміздің отын маздатты,
елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға
ендірді.
Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,
халқымызды шартарап танып үлгерді.
Енді қазақ елінің еңсесі биік, қадамы
мығым. Еліміз өркениетті замана ағысына
қосылды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
болғай.
Біз бұл оқиғаны Тәуелсіздік аңсаған
елдің ширыққан намысы деп бағалаймыз.
Ата-бабалар ерлігін дәріптейтін қазақ
халқының перзенттері ретінде Желтоқсан
оқиғасына қатысушыларға бас иеміз,-
дейді бүгінгі тәуелсіз елдің ұландары.
Өз тілшіміз
11 декабря студенты ЗКГУ имени М.Утемисова в Ханской роще принима-
ли участие в торжествах, посвященных 20-летию Независимости Казахстана.
Торжества проходили у стелы, посвященной маевке 1905 года, в которой уча-
ствовал Г.Тукай. Оно посвящено также 125-летию Г.Тукая и 5-летию открытия
музея поэта.
20-летие Независимости Казахстана –
у стелы в ХаНсКой роще
Благодаря независимости создан
сквер Тукая, возвращено имя поэта
улице Пролетарской. Именно благодаря
независимости в эти годы в Уральске
был установлен бюст Тукая, из руин
возрождена Красная мечеть. При непо-
средственной помощи первых президен-
тов Казахстана и Татарстана проведена
реставрация дома Тухватуллиных, и в
нем создан музей Поэта. Обо всем этом
подробно рассказал профессор Р.А.
Абузяров. По его просьбе Р.У.Хайруллин
предложил меценатам Р.Т. Халилову,
В.Х. Валееву, Р. Мухамедрахимову
отреставрировать стелу. В своем ин-
тересном выступлении директор музея
Жангирхана ЗКАТУ Нуржан Жолдагалиев
рассказал, почему роща называется
Ханской, как она связана с Бокейханом,
Жангирханом и поделился информацией
о высокой культуре, о высокой образован-
ности мусульман под влиянием ислам-
ского ренессанса. Здесь поднимали на
белой кошме в честь избрания ханами
султанов Букея и Жангира.
Жангирхан был верующим мусуль-
манином, построил мечеть, женился на
дочери муфтия Оренбурга. И был членом
Совета Казанского университета. Так
близки были ислам и наука.
Интересным было выступление за-
местителя председателя татарского НКЦ
Альфии Лежниной о том, с какой любовью
наши меценаты
отреставрирова-
ли стелу.
Кроме того,
в честь 20-летия
Независимости
Казахстана был
о р г а н и з о в а н
лыжный пробег
студентов фило-
логического фа-
к ультета ЗКГ У
под руководством
заместителя де-
кана Светланы
Г а б б а с о в н ы
Турегалиевой.
Несмотря на
сильный мороз,
в с е о с т а л и с ь
было: представить краткий исторический
обзор о событиях декабря 1986 года, по-
чтить память о погибших в борьбе за не-
зависимость, сформировать у студентов
любовь к Родине, чувство патриотизма и
национального духа.
Организаторами этого мероприятия
были студенты групп 04101 и 04102 спе-
циальности «Математика», 04104, 04204,
04304 специальности «Физика» и кураторы
Тенге - символ
независимости
Республики Казахстан!
5 декабря 2011 года на эко-
номическом факультет ЗКГ У
им. М. Утемисова прошла студен-
ческая олимпиада, приуроченная
к 20-летию Независимости и 18-
летию введения денежной едини-
цы тенге. В игре приняли участие
три сборные команды ЗКГУ по
Достарыңызбен бөлісу: |