Нұрсұлтан Назарбаев


специальностям  -  «Финансы»



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата12.01.2017
өлшемі17,44 Mb.
#1740
1   2   3   4   5   6   7   8   9

специальностям  -  «Финансы», 

«Экономика», «Юриспруденция», 

«Информационные  системы  в 

экономике». Олимпиада была ор-

ганизована ЗКФ «Национальный 

Банк  РК»,  деканатом  экономи-

ческого  факультета,  кафедрой 

«Учет  и  финансы»  и  студенче-

ским активом.

Основной  целью  данного  ме-

роприятия  являлось  воспитание 

у  студентов  чувства  патриотизма, 

уважения  к  одному  из  символов 

Независимого  Казахстана  –  на-

циональной валюте  тенге. История 

тенге началась с Указа Президента 

страны Нурсултана Назарбаева «О 

введении  национальной  валюты 

Республики Казахстан» от 12 ноя-

бря 1993 года. А уже с  15 ноября 

она вошла в обращение в качестве 

нового  платежного  средства  и 

средства  расчетов  в  РК,  тогда  и 

началось формирование самостоя-

тельной  экономики  независимого 

Казахстана.  Введение  тенге  как 

национальной  валюты  позволило 

Казахстану  проводить  независи-

мую и самостоятельную политику. 

В СНГ считается, что тенге одна из 

самых надежных и стабильных ва-

лют. В год 20-летия Независимости 

Казахстана  восемнадцатилетие 

тенге - символичная дата. Поэтому 

проведение интеллектуальных игр 

на тему денег в этот период явля-

ется актуальным.

В ходе игры, которая состояла 

из  трех  туров,  между  командами 

завязалось нешуточное состязание 

в  силе  ума,  находчивости  и  сооб-

разительности.  Первые  два  тура 

представляли  собой  викторину, 

а  вопросы  заключительного  тура 

были  подготовлены  представи-

телями  Национального  Банка. 

Именно этот тур был самым слож-

ным и одновременно решающим в 

олимпиаде.

По  окончании  игры  компетент-

ным жюри были подсчитаны баллы 

и присуждены места: 1 место заняла 

команда «Акцепт» - сборная студен-

тов по специальности «Финансы» и 

«Юриспруденция», 2 место заняла 

команда «Профицит», 3 место заня-

ла сборная команда «Арбитраж».

Победителям  были  вручены 

ценные призы и подарки.

диана СИТАлИЕВА, 

преподавате�ь кафедры 

«Учет и фи�а��ы» 

очень  довольны. Теперь  каждый, отды-

хая в Ханской роще, будет вспоминать о 

богатейшей истории рощи, о которой нам 

рассказывали на торжествах. Подробнее 

об  истории  Ханской  рощи  можно  прочи-

тать в книгах, газетах. 

Айжан ИСКАлИЕВА, 

Салтанат АУБАКИрОВА, 

�туде�ты группы 01101


Ґ

№ 15 (872)

 желтоқсан 

2011 жыл


7

Рухы 


қазақтардың 

көтерілсін

Егеменді, тәуелсіздік атты күн,

Желбіреген көк байрағым шаттығым.

Қастерлейміз қағида ғып әрқашан,

Татулық пен бейбітшілік ақ туын.

Еркіндік қасиетті ел тілегін,

Құтты боп, ұзағынан деп тіледім.

Әлемдік өркениетке аяқ бассақ,

Елбасы ерлігі ғой деп білемін.

О, халқым, баршаға аян кеңдігіміз,

Жасасын тәуелсіздік теңдігіміз.

Халықтық, құқылы елге қол жеткізіп, 

Дамыту қазақ тілін ендігіміз.

Биліктің қолдап алда етер ісін,

Елінде тартпай жұрттың теперішін.

Өз тілі, өз діліміз орнығып,

Рухы қазақтардың көтерілсін!



Жұмабай НӘБИұлы,

М.Өтемі�ов аты�дағы БҚМУ 

құқықтық пә�дер кафедра�ы�ың аға 

оқытушы�ы, ҚР Жур�а�и�тер 

Одағы�ың мүше�і

 Жас қалам 



Желтоқсан айының 12-ші  жұлдызында Орал шаһарына «Нысана» әзіл-сықақ театры келді. Театр әртістерімен кездесудің 

сәті түсіп, сұхбаттасқан едік.

- аянбай еңбек ету, шаршамау, қиындықты 

жеңе  білу.  Яғни,  «Біріміз  -  бәріміз  үшін, 

бәріміз - біріміз үшін».



- Театр залына жиналған көрерменнің 

аздығы  сіздердің  өз  рөлдеріңізді 

ойдағыдай алып шығуына кері әсерін 

тигізетін кезі болды ма?

Әбунасыр СЕРІКОВ: 

- Әсер етпейді. Біздің өнерімізді көруге 

екі  адам  келсе  де,  біз  өз  рөлдерімізді 

толығымен  орындап  шығамыз.  Себебі 

біздің  театрымыздың  ерекшелігі  де  осы 

да. 


- Өнер жолын таңдаған жас өрендерге 

айтар тілектеріңіз?

Нұрбол АЙТУЛОВ: 

- Өнер жолын таңдаған жастарымызға 

айтарымыз теқ қана еңбек, еңбек, ізденіс. 

Осылардың  арқасында  барлығына  қол 

жеткізе алады деп ойлаймын.

-  Д е м а л ы с т а р ы ң ы з д ы  қ а л а й 

өткізесіңіз?

Абай АЯЗБАЕВ: 

-  Бізде  демалыс  көп  бола  бермейді. 

Бірақ жазғы демалыста таудың жағасына 

барып қымыз ішсек, ал қыста шаңғы теуіп, 

қарға аунап өткіземіз. 

- Ауылға жиі барып тұрасыздар ма?

«НысаНа»


 театры  Оралда

-  Театрдың  «Нысана»  аталуының 

себебі неде?

Абай АЯЗБАЕВ:  

- Жалпы, «Нысана» деген сөз дәлдік, 

нақтылық дегенді білдіреді. Бұның қойылу 

себебі,  бұл  театрды  құрған  кезде  біздің 

бастығымыз, ағамыз Әбунасыр Серіковтің 

досы  Қазбек  Қалманұлы  деген  азамат 

біздің театрымызға «Нысана» деген атты 

қойды. Ол - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 

университетінің  докторы.  Театрымыз 

дәлдікті  көздесін  деген  ниетпен  қойған 

болатын. 

-  Алдарыңызға  қойған  мақсат-

міндеттеріңізді айта отырсаңыздар?

Мәди ТӨРЕҚҰЛОВ: 

- Қандай да бір ұжым болсын, тіпті те-

атр болсын алдарына қойған мақсаттары 

болады.  Біздің  де  алдымызға  қойған 

мақсат-міндетіміз    -  халықтың  қөңілінен 

шығу. Басты мақсатымыз - халқымыздың 

айта алмай жүрген ойларын  әзіл арқылы 

жеткізу, халықты күлдірту. 



- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Жарас АХМЕТОВ: 

-  Өмірлік  ұстанымдарымыз  әркімде 

әр  түрлі,  ал  жалпы  театрдың  ұстанымы 

Самат ҚҰРАЛБАЕВ: 

- Жиі барамыз деп айта алмаймын. 2-3 

айда бір барып тұруға тырысамыз. 

-  Гастрольдік  сапармен  биыл 

Қ азақс танның  қ ай  қ а ла ларында 

болдыңыздар? 

Руслан АБЫЛБЕКОВ: 

-  Оралға  келгенге  дейін  Тараз, 

Қызылорда, Ақтөбе қалаларында болсақ, 

ендігі  кезекте  Ақжайық  ауда-

ны  тұр,  кейін  Ақтау,  Атырау 

қалаларына  барамыз  деген 

жоспарымыз бар. 

-  Өзіңізге  бекітілген  рөл 

сізге  ұнамады  делік.  Не 

істейсіз?

Әбунасыр СЕРІКОВ: 

-  Біздің  театрда  басқа  те-

атрлар  сияқты  рөл  бөлініп 

б е р і л м е й д і .   Б і з   р ө л д і ң 

ә р қ а й с ы с ы н   ө з д е р і м і з 

шығарамыз. Сондықтан рөліміз 

ұнамады  деген  сөз  ешқашан 

болып көрген жоқ.



- Қазір көрерменді күлдірту 

қаншалықты қиын?

Уәлихан ҚҰРАЛБАЕВ: 

- Бізге көрерменді күлдірту 

ешқашан  қиын  болған  жоқ. 

Бірақ қазіргі кезде көрерменді 

күлдірту  үшін  біраз  еңбектенуге  тура 

келеді.  Өздеріміздің  еңбектеріміздің, 

ізденістеріміздің арқасында Аллаға шүкір 

көрерменнің көңілінен шығып жүрміз. 



- Режисерлік жағынан кім көмек беріп 

жүр?

Нұрбол АЙТУЛОВ: 

-  Бізге  сырттан  ешқандай  көмек  жоқ, 

режиссеріміз  Дәнекер  Оразбай.  Барлық 

шығармашылыққа  жауап  беретін  осы 

азамат. 

- Әзіл-сықақ театрлар көбейіп келеді. 

Көптің бірі емес, бірегейі болу үшін жаңа 

дүние жасау ойларыңызда бар ма?

Әмина ЕРМАХАНОВА: 

-  Біз  ешқашан  да  басқа  театрлардан 

өзгеше  боламыз  деп  бөлінген  жоқпыз, 

ешқандай жаңа дүние жасау ойымызда да 

жоқ. Бізді халықтың өзі таниды, өздері-ақ 

20 жылдағы жасампаздық

1991-де:

Ордалы халқым,сан келіп қырғын,

Жан-жақтарыңнан ысқырып жел тұрд(ы).

...Азаттық-әке қол беріп тұрдың,

Ухілегенде күрсініп ел-жұрт.

Міскін-мұңдардың қозғалып соңы,

Ет жүрек елтіп елжіреген-ді.

Аспани жақта бостандық болып,

Аспан түстес ту желбіреген-ді.

Полигон шоғы бықсып басылды,

Шаттық үндерің шартарап тарап,

Желтоқсан болып мысыңды асырдың,

Көрші жұрттарға тәкаппар қарап.

2011-де:


Жаңарғандайсың жойқынды ызғын,

Ұяң өр ұлыңа ұнамасы жоқ.

Жоғары өрлеп, мойныңды создың,

ОБСЕ-нің төрағасы боп.

Алдағы күнге сенім ғып үміт,

Қанаты қайтып, сөгілді қаз-мұң.

Кер маралыңдай керіліп күліп,

Бәйтерегіңнен төгілді саз үн.

Бірлігің берік, жанжал ұсақтап,

Деп ой түйеді мендік бала сын.

Жетіліп келіп, арман құшақтап

«Жетілік» елге кетіп барасың.

Астана-қыз

Тү�гі  �ағат  12:00.  Қабырғадағы  і�у�і 

А�та�а  �уреті�е  көз  жүгіртіп,  қи��шы� 

�туде�т тө�егі�де тұңғиық ой кешуде...

Қараңғы түн. Құр қорамыш секілді үміт,

Қызғалдақ ой шешек атып көзіме талай.

Желіктіріп, жетім сырды жетілдіріп,

Еліктіріп тартқандайсың өзіңе қарай.

Ақордасы қызарған от жүректің,

Өрнек алып әсемдіктің гүлі шынында.

Шыны ғана,саған іңкәр көкіректің,

Ұлы қала,сиқыр бар ұлылығыңда.

(Өзгелерді өмірем ғып қабылдамады)

Жайма көрпе, қабаттаса күліп бала мұң.

Жанарымды алмай суретіңнен

                                           қабырғадағы,

Арманның ақ поезіне мініп аламын.

Мендік қиял, бәкенелеу, оқ жетер шың,

Астана қыз әуендетіп, таспа күй бақта.

Қанаттанып күн көгіңде көк көгершін

Байтерегің тіреу қағып аспани жаққа.

Түсіме еніп... сен жетелер кезім үзік,

Ісіне күліп, бақытқа оранды жөргек.

Күшіне мініп, қағынғыр сезімді үзіп,

Кісендетіп ой әлемді қараңғы бөлме.

Астана-қыз Оралымдай өз түні бар,

Сәлем тосып үміт етіп келесі күннен.

Шаршап барып... сонан соң көз жұмылар,

Түні бойы алысам деп елесіңмен.



Азамат Базарбаев,

«Қазақ ті�і� оқытпайты� 

мектептердегі қазақ ті�і» 

мама�дығы�ың 1 кур� �туде�ті

Тілек


Екеумізді

Толқыны тербеп шертілген күйдің,

Ақ қайың әнін жырласа деймін.

Естай мен Қорлан тағдырын емес,

Пәк сезімдерін сыйласа деймін!

Біз екеуміз

Адал махаббат дастанын жазып,

Сезімі ыстық, өрт-жалын ғашық

Болайық бірге. Ойнайық күнде

Жайықтың сары құмдарын шашып.

Біз екеуміз

Пәк сезімдерді қорғасақ екен.

Махаббат жібін жалғасақ екен.

Қосылмай кеткен Қозы мен Баян,

Төлеген-Жібек болмасақ екен!

Екеумізге

Тағдыр бұғауын салмаса екен.

Тәңір сыйларын жолдаса екен.

Мендік махаббат темірдей мықты.

Оған күмәнің болмаса екен!   

Тәуелсіздігім – құрдасым

Тәуелсіздігім, еңкейтпей ұстап, тұлғасын.

20 жыл болды, келеміз өсіп, құрдасым.

Мерейтойыңа тарту етейін, қабыл ал,

Ескірмес мәңгі, жырымның 

                                      алтын сырғасын.

Оңайлықпенен келмеді азат, теңдігің.

Басым боп шықты елдігің менен өрлігің.

Тұтқасы берік, тұғыры биік қашанда

Тәуелсіздігім, тайдырар сені енді кім?!

Егемендігім, еңселім менің, айбыным!

Көгіңді мынау, бұлты жаппасын қайғының.

Қалықтап қыран, шарықтап 

                                          дархан далаңда

Оңынан тусын, сәулесін шашып, Ай-Күнің!

Тәуелсіздігім, естелік бала шағымнан.

Шыр еткен кезде табылдың сол 

                                               сәт жанымнан.

Сен өссең өрлеп, күтемін менде 

                                                 жақсы сый,

Ағарып атқан ақ таңдай болашағымнан.

Жадыра Ерманова,  

«Фи�о�оги�: қазақ ті�і» мама�дығы�ың  

2 кур� �туде�ті

Біз екеуміз....

Біз екеуміз- бәйшешекпіз бүр жарған,

Сарқырамамыз құлап ағатын құздардан.

Біз үшін сәулем махаббат жан ләззаты,

Жүректегі асау сезімнен құралған.

Біз екеуміз-қос аққумыз көлдегі,

Сенсің кәусар бұлағымда шөлдегі.

Саған жазған сұлу әсем жырларым,

Албырт сезім, ғашықтықтың өрнегі.

Теңеспейді,тең келмейді ешбір жан.

Кілтін ашқан, жүрегімнің құлпынан.

Ғашық болған сүйіктімді іздеймін,

Тіпті кейде, таңның түскен шығынан.

Сезбейсіңғой, сенбейсіңғой, сүйіктім?!

Лағындаймын, адасқан бір киіктің.

Судай толқып, өз жаныма симаймын,

Толқынындай ерке сұлу Жайықтың!

Махаббатым шексіз менің «Сен» деген,

Тамақ кеуіп, зәм-зәм суға шөлдеген.

Кейде сәулем, төрт бұрышқа қамалып,

Толғанамын, шықпастай-ақ бөлмеден.

Жаза берем, жаза берем тынбастан,

Мен жан емес, жүрегі тозып тот басқан.

Талай ғашық махаббатына мәңгілік,

Біз екеуміз ізі болдық жалғасқан.

Қыран болып, аспанда қалықтайық,

Шәрбат сезім жүректен болмас ғайып.

Тағдыр бізге нендей жайт, салса басқа

Ешқашанда сүюден жалықпайық?!

 Шындық менің  

бетімдегі ажарым

Ғашық болдым мына ғажап дүниеге.                              

Адалдықты сүйдім күндіз-түнде де.

Менің жұмыр жүрегімде орын бар,

Құр сезімсіз, бос сандалып жүр деме.

Шындық менің бетімдегі ажарым,

Ақын болсам тек шындықты жазамын.

Алдымнан менің өтірігі шықсыншы,

Қалқан ұстап, қылышым мен шабамын.

Талқандаймын таптап аяқ астына,

Шындық туын көтеру үшін басыма.

Адал аппақ ниетімді жер қылмай,

Сақтағандар жүрсін әркез қасымда.

Сағым болып кетпесінші бақшасы,

Ақиқат-біреу, жалғандықтың бас қасы.

Құрбандығы болсаң мейлі шындықтың,

Бірақ таза болсын ардың тақтасы!

Қазір қалды ақиқаттың елесі,

Көтеріп желкен, кетті ұзап кемесі.

Айтады да өтірігін шындайғып,

Ақша тастап кетеді екен көкесі.

Айтшы қане бар ма сонда періште?!

Істің басын алып жүрер жеңісте!

Табиғатыңнан жаралған соң адам боп,

Шындық үшін сен де өлмей беріспе?!



Салтанат Бимағамбетова,

«Қазақ ті�і ме� әдебиеті» 

мама�дығы�ың 1 кур� �туде�ті

ажыратып алады. 



- Бүгінгі күнде театр жаңа екі адам-

мен  толыққанын  білеміз.  Сол  туралы 

айтсаңыздар?

Мәди ТӨРЕҚҰЛОВ: 

-  Ең  алдымен,  бізде  Мақсат  Баянов 

деген  азамат  жұмыс  жасаған.  Ол  қазіргі 

таңда бизнеске кетіп, оның орнына бұрын 

өзімізбен ойнаған Мәди Төреқұлов деген 

азамат әртіс болып жұмыс жасап жатыр. 

Ал биыл бізге Әмина Ермаханова деген ару 

қызымыз келіп қосылды. 



-  О р а л  т ұ р ғ ы н д а р ы н а  а й т а р 

тілектеріңіз 

Дәнекер ОРАЗБАЙ: 

-  Келе  жатқан  Жаңа  2012  жылы 

барлығымызға  қуаныш,  шығармашылық 

табыс әкелсін. Біздің өнерімізді бағалайтын 

халқымыз аман болсын. Бізді жақсы қарсы 

алып, құрметтеп жатқан Телман, Боранбай 

ағаларымызға мың алғыс!



-   Ә ң г і м е л е р і ң і з г е   р а х м е т ! 

Шығармашылық табыс тілеймін! 

Сұхбатта�қа�, 

Асылзада ҚұБАЙ, 

студент

 Тәуелсіздікке арнау



Ґ

№ 15 (872)

 желтоқсан 

2011 жыл


8

В канун юбилея Независимости нашего государ-

ства, среди всей череды праздничных событий, 

концертов, встреч, неожиданным и увлекательным 

стало проведение музыкального лектория для вос-

питанников  дошкольного  учреждения  -  Детского 

сада «Карлыгаш», организованного силами препо-

давателей, концертмейстеров и студентов кафе-

дры «Вокал и инструментальное искусство» ЗКГУ. 

Можно сказать, что такая форма работы привела 

к созданию  концертных бригад, состав которых 

варьируется непрерывно, в зависимости от уровня 

и тематической направленности, объема мероприя-

тия, а также уровня подготовленности зрителя. 

Филармония 

для юных зрителей

В  этот  день,  9  декабря  2011  года,  слушателями 

концерта-  лектория  стали  малыши  детского  сада                    

№ 28. Те музыканты, которые часто работают на сцене, 

могут констатировать, что самая благодарная, непри-

нужденная  и  оживленная атмосфера царит  именно 

там, где в зрительном зале -  дети. Здесь сложнее всего 

удержать зрительское внимание на высоком уровне, 

но в то же время гораздо интереснее находиться на 

единой волне с юными сердцами. Любопытные глаза, 

искреннее желание узнать наш прекрасный мир- всё это 

помогло выступающим раскрыть секреты музыкальных 

инструментов,  классической  музыки,  исполняемой 

пианистами, скрипачами, вокалистами, домбристами и 

ансамблем кобызистов.  В эти минуты рождалось что-то 

невероятно значимое для исполнителей и зрителей. 

Сложно было предугадать заранее, насколько тепло, 

искренне, с любовью дети  воспримут серьезную про-

грамму концерта, состоящую из произведений Абая, 

Жиганова,  Прокофьева,  Целлера,  и  занимательную 

историю создания и описания музыкальных инструмен-

тов. Удивительным открытием для малышей стало то, 

что во время исполнения вокальных номеров, в игровой 

форме они обнаружили  у себя собственный музыкаль-

ный инструмент-ГОЛОС! Встреча с музыкой закончи-

лась  ярко  и торжественно,  совместным исполнением  

песни  о  родном  Казахстане.  Для  нас,  участников 

концерта-лектория, посвященного Дню независимости, 

самым большим подарком стали благодарные глаза, 

аплодисменты детских рук и эмоциональный подъем, 

который так необходим в интересной и сложной работе 

профессионального музыканта!



Ольга ВОрФОлОМЕЕВА,

преподавате�ь 

Сол күндер ерекше бір сезіммен жүрекке ұялаған. Отыз жылға жуықтаса да  сағымдай бұлдыраған дүниенің 

ішінен анық көрінеді. Кәдімгі сырлы сұлу әлемнің бүгінгі парағындай. Ақтарасың, уақыт шіркіннің жүйріктігіне 

басыңды шайқайсың, кей сәтте налисың. Қым-қуыт тірлікте зымыран уақыттың етегінен ұстап, алғы күнге 

үміт артып, алғырлығымен адымдай басатын жандар болады. Менің кейіпкерім - солардың санатынан. 

Мақтан мақала жазуды жаным қаламайды, ұстазым, аға буын өкілі - Исатай Өтегенұлының сан жылғы 

еңбегін елеп-ескеріп, дәріптесем деген оймен қолға қалам алдым.

ИсаТай деген ағай бар...

Сонымен, әңгіменің әлқиссасын өзім оқуға қабылданған, 

сексен үшінші жылдан бастайын. Жүргізетін пәндері жоғары 

курстарда болғандықтан, алғашқы жылдары Исатай ағай 

бізге дәріс бермеді, бірақ Пугачев пен Ленин даңғылының 

қиылысындағы өзімізге ыстық жартылай жертөледегі фа-

культет ғимаратына өзіне тән ширақ жүрісімен екпіндей ба-

сып енетінін талай мәрте көзім шалған, ал талапшылдығы 

мен таным дүниесінің кеңдігін жатақханадағы жоғары курс 

жігіттері жыр қылып айтатын. Ол жылдардағы тәртіп бой-

ынша, бірінші курстан кейін әскерге барасың, қайтып келіп 

оқуыңды жалғайсың. Біз де біраз достарымызбен әскери 

міндетімізді  атқарып  оралдық.  Исатай  Өтегенұлымен 

сол  әскерден  келген  жылдардан  жақсы  таныс  болдым. 

Ағайдың институтта алған мамандығы техникалық бағытта 

болғандықтан жүргізетін пәндерінің түгелі дерлік машина-

тану ғылымына қатысты еді. Сондықтан, жаздық сараман-

да студенттерді алып, астық жинау науқанына  аттанатын. 

Аптап ыстықта комбайнмен астық ору оңай шаруа емес, 

техника кеңестік болғандықтан «мінезін» жиі көрсететін. 

Оны тез жөндеп, қалыпқа келтіру, қатарыңда келе жатқан 

комбайннан кейін қалмау,  тіпті солардың алдына шығып 

социалистік жарыстың екпіндісі болу, бәрі-бәрі бұл күнде 

ертегі секілді көрінеді. Өйткені сондай мүмкін болмайтын 

тірліктің бәрін тек ердің ері тындыра алады екен. Түсінген 

адамға нағыз еңбек - жазғы астық жинау науқаны болса, 

нағыз азамат та сонда танылады. Бір байқағаным - осындай 

қиын сынақтардан өз кейіпкерім үлкен абыроймен шығып 

жүрді. Тек еңсесі көтеріңкі шықпай, барлық шәкірттеріне 

үлгі  де  бола  білді.  Шәкіртке  үлгі  болар  ұстазда  қандай 

арман болушы еді...

Иә, Өтеген қария мен алтын құрсақты анамыз Рабиға 

отбасында өз қатарластарынан ерте есейген Исатай он 

екі баланың кенжесі. Әкей отқа оранған Отан соғысынан 

мүгедек болып оралды, шаңырақтағы қолдап істер қара 

жұмыстың бәрін ер балалар тындыратын. Кішкентайынан 

қолды-аяққа  тұрмай  зыр  жүгірудің,  есейген  шақтағы 

елгезектіктің бастауы осында ма деп қалам. Сыныптастары  

қашқақтай беретін «дәл ғылымға» Исатайдың назары ауды 

да тұрды, сөйтіп өз мектебінің абыройын аудандық олим-

пиадаларда физика, математика бағыты бойынша талай 

мәрте асқақтатты. 

Хош,  Чапаев  орта  мектебі,  Қиыр  Шығыс  қайдасың 

деп,- Отан қорғауға аттанды. Әскери борыш өтелген, 1972 

жылдың күзінде албырт Исатайды «Құрмет Белгісі» орденді 

А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогика  институтының 

табалдырығы  күтіп  тұрған-ды.  Бұл  алтын  балалықтан 

арман  болған  физика-математика  факультеті  болатын. 

Ілім-білімге  жаны  құштар,  есеп  десе  екінші  тынысы 

ашылатын  студентке  оқу  аса  қиындық  тудыра  қойған 

жоқ. Сабақтан тыс уақытта Темірғали Құбашевтың бокс 

секциясына барды, нәтижесінде институт құрамасымен 

республикалық жарыстарға қатынасып, кәнігі кәсіби бок-

сшы бола жаздады.

Студенттік  дәурен  аяқталған,  1978  жылы  Исатайды 

қалалық №4 кәсіптік-техникалық училищеге жібереді, бірақ 

келесі  жылы  жобалау  институтына  ауысып,  инженерлік 

мамандыққа енді төселе берген маманды туған институты 

жаңа ашылған көркемсурет-графика факультетіне аттай 

қалады.  Міне,  бұл  отбасындағы  он  екінші  баланың  да 

оқытушылыққа біржола бетбұрған жылы еді. Исатай ағай, 

1980 жылдан күні бүгінге дейін табан аудармай осы оқу 

орнында абыроймен келе жатыр.

1985-1990  жылдары  Исекең  Саратов  қаласында 

аспирантурада  оқыды,  оған  оралдық  ұстазы  Виктор 

Нестерович  Беляевтың    көп  ықпалы  болды.  Сол,  1990 

жылдан кафедра меңгерушісі, факультет деканы, инсти-

тут директорының орынбасары лауазымдық қызметтерін 

атқарды.  Қазір  «көркем-қолданбалы  өнер  және  кәсіби 

білім» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының 

кандидаты, доцент. 

Исатай  Өтегенұлы  -  өзінің  30  жыл  педагогикалық 

қызметінде  талай  шәкірттерді  қоғамның  сан-саласына 

қанат қақтырып, көптеген ғылыми жарияланым шығарған. 

«Киім дизайны», «Перспектива», «Перспективаға арналған 

есептер  жинағы»,  «Жобалау  және  жобаалды  сарап-

тау»  оқулықтарын  жазып,  «Іштен  жану  қозғалтқышы» 

техникалық патентінің авторы да атанды.

Еңбегі еленіп, ректорат, қала мен облыс әкімдігі тара-

пынан мадақталды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

«Құрмет  грамотасымен»  марапатталып,  «ҚР  білім  беру 

ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды.

Отбасына  ойыссақ,  Құдайдың  қалауы  Гүлбаршын 

жеңгейге түскен. Ағай тез шешім қабылдап, күйіп-жанып 

жатса,  жеңгей  керісінше  байыппен,  сабырлықпен, 

салмақпен бәрін орнына қойып отырады. Үш перзентіне де 

адал тәрбие берген, жанұяда үлкені – Артур, қазір ЖШС 

директоры, Лаурасы - бас есепші, Темірлан - қалалық энер-

гия желісінің бастығы. Бәрі үйлі-баранды, яғни ұлы ұяға, 

қызы қияға қонған. Үйіне барса болды, немере-жиендері 

құлап-сүрініп,  аталап  алдынан  жүгіреді.  Бұдан  асқан 

қандай бақыт болушы еді...

Биыл туғанына 220 жылдығы тойланып жатқан Исатай 

батырдың 160 жылдығында дүние есігін ашқан ұстазым 

Исатай  Өтегенұлын  мерейлі  жасымен  құттықтап,  тек 

амандығын тіледім.

Қуандық МӘдІр,

М.Өтемі�ов аты�дағы БҚМУ оқытушы�ы,                      

ҚР Суретші�ер Одағы�ың мүше�і, композитор



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет