Нұсқау: Сізге екі контекст және контекстер мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген. Қан топтары



Дата19.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#119269
Байланысты:
9 СЫН МОДО ТЕСТ 1

БИОЛОГИЯ


Нұсқау: Сізге екі контекст және контекстер мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.
Қан топтары

Қан топтары–бір биологиялық түр даралардың қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - ь донор, қабылдайтын адамды – реципиентдейді.
1. І қан тобында кездесетін агглютиногендер
A) β
B) А
C) АВ
D) α
E) жоқ
2. ІІ және ІV қан топтарына донор бола алатын қан тобы
A) ІІ, ІV
B) І
C) ІІІ
D) ІV
E) І, ІІІ
3. Барлық қан топтары кездесетін ата-ана генотиптері
A) ІОІОВІВ
B) ІВІО; ІАІ0
C) ІВІВАІА
D) ІАІ0ОІО
E)ІОІООІО
4. Анасының қан тобы I, әкесінің қан тобы ІVболғанда балаларының қан топтары
A) ІІ, ІІІ
B) тек ІV
C) ІІ, І
D) ІІ, ІV
E) ІІІ,ІV
5. IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. Екі отбасын тексере келгенде бірінші отбасында әкесінің қан тобы II, ал анасының қан тобы III екені анықталды. Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасының қан тобы
A) І, ІV
B) І, І
C) І, ІІІ
D) ІІ, І
E) ІІ, ІІІ

БИОЛОГИЯ


Нұсқау: Сізге екі контекст және контекстер мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.
Сабақтың ішкі құрылысы


Сүректі өсімдіктердің көпжылдық сабақтарының құрылысында орталықтан периферияға қарай үш аймаққа бөлінеді. Олар: өзек, сүрек, қабық. Қабық ол перидермамен, кәрі ағаштарда қыртыспен қапталған.


Ал сүрек және өзек арасында камбий орналасқан. Көктемде камбий белсенді қызмет жасап, жасушалары бөлініп, соңғы ксилема мен соңғы флоэманың элементтерін түзеді. Күзде оның қызметі баяулайды. Бұтақтың алғашқы жылында эпидерма перидермамен алмасады да, кейінірек қыртыс пайда болады.
6. Суреттегі 5 санымен белгіленген құрылым
A) камбий
B) қабық
C) өзек
D) сүрек
E) тін
7. Сабақтағы өткізгіш ұлпа
A) қабық, тін
B) флоэма, камбий
C) флоэма, ксилема
D) өзек, камбий
E) жасымықша, ксилема
8. Суретте сабақтың камбий бөлігі көрсетілген сан
A) 5
B) 1
C) 4
D) 2
E) 3
9.Қоректік заттар жинақталып, сабақтың барлық бөлімдерін байланыстыратын сәуле түзеді
A) сүрек
B) камбий
C) тін
D) қабық
E) өзек

10. 10 жылдық алмұрт ағашының камбий сақина саны


A) 5
B) 10
C) 1
D) 3
E) 11
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.
11.Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгісі (белгілері)
A) жасуша ішкі қабықшасы хитиннен тұрады
B) бүкіл тіршілік бойы өседі
C) қоректік қор заты гликоген
D) хлоропластары жоқ
E) жасушасында қалың қабықшасы болады
F) дайын органикалық заттармен қоректенеді
G) лизосомалары бар
H) споралары арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді
12. Майда еритін дәрумен(-дер)
A) А
B) PP
C) B
D) Д
E) Е
F) B1
G) C
H) B12
13. Жануарлардың жыныссыз көбею түр(-лер)і
A) сперматогенез
B) партеногенез
C) ұрықтану
D) мейоз
E) тозаңдану
F) бүршіктену
G) гаметогенез
H) овогенез
14. Аралық мидың қызмет(-тер)і
A) зәр шығару
B) тепе-теңдікті сақтау
C) тыныс рефлекстерін реттеу
D) қимыл-қозғалысты үйлестіру
E) бұлшықет тонусын сақтау
F) зат алмасу
G) сигнал қабылдау
H) ұйқыны реттеу
15. Митохондрия мен пластидтердің ұқсастық(-тар)ы
A) мембранасыз
B) жасуша органоидтары
C) ядроға тәуелді
D) АТФ синтездейді
E) бір мембраналы
F) көбеюге қатысады
G) екі мембраналы
H) заттарды ыдыратады




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет