НұСҚаулар 1 тақырып. Психологияның салалары: фундаменталды және қолданбалы


тақырып. Жануарлар мен адам психикасының дамуы



бет3/14
Дата25.05.2023
өлшемі48,27 Kb.
#97094
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2 тақырып. Жануарлар мен адам психикасының дамуы
Мақсаты: тақырып бойынша өз бетінше әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, талдау, салыстыру, жүйелеу сияқты ой опреацияларын дамыту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. А.Н.Леонтьевтің «Проблемы развития психики» еңбегінен конспект

жазу

  1. Психика мен сананың тарихи дамуы» кестесін толтыру

Сатылары

Сипаттамасы

Жануарларда сенсорлық процестердің дамуы




Жануарларда перцептивті процестердің дамуы




Жануарларда интеллектуалдық әрекеттердің дамуы




Адамда сананың дамуы




Әдістемелік нұсқау:

  1. Конспект жазуға арналған төмендегі ұсыныстармен танысыңыз:

Конспек мәтінді көшіру емес!!!
Конспектінің критерийлері: қысқалығы (конспект негізгі мәтіннің ⅛ бөлігінен аспау керек); материалды нақты, түсінікті құрылымдау; мазмұндық дәлдігі, яғни, ғылыми дұрыстығы; бейнелік немесе символдық тірек компоненттерінің болуы; материалды индивидуалды өңдеудің сонылығы (сұрақтардың, өз пікірлерінің, өз символдары мен белгілерінің, т.с.с. болуы).
а) Материалды бірінші рет оқу кезінде оны негізгі мағыналық бөліктерге бөліңіз, басты ойлар мен идеяларды, қорытынды түйіндерді бөліп көрсетіңіз;
ә) Егер конспект-жоспар құратын болсаңыз, оның пунктерін, пунктің тармақтарын құрыңыз, олардың әрқайсысының мазмұнын ашу үшін конспект-жоспарға не енгізу керектігін анықтаңыз;
б) Материалдың ең маңызды ойларын (тезистер) жүйелі түрде және қысқаша өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз немесе цитаталар түрінде келтіріңіз;
в) Конспекті тек маңызды ойлардан ғана тұрмайды, осы ойларды негіздейтін дәлелдер, нақты деректер мен мысалдарды да қамтиды, тек оларды егжей-тегжейлі сипаттаудың қажеті жоқ;
г) Конспект жазуда жекелеген сөздер мен тұтас сөйлемдерді қысқартып жазуға, тек кілттік сөздерді көшіруге, цитата келтірудің орнына оны нұсқайтын беттің сілтемесін келтіруге, шартты белгілерді қолдануға болады; д) Маңызды тұстарын белгілеу үшін түрлі-түсті қарындаштарды, маркерлерді, фломастерлерді қолданыңыз.
2. Конспектінің ішінде сезгіштік, инстинкт, дағды, жануарлардың мінез-құлқы туралы мәліметтер қамтылу керек. Осы түсініктердің нақты анықтамасы берілу керек.
3. Конспектіге арқау болған мәліметтердің негізінде талап етілген параметрлер бойынша кестені толтырыңыз. А.Н.Леонтьев пен К.Э.Фабри бойынша жануарлар психикасы мен мінез-құлқының даму сатылары мен деңгейлерін қарапайым ағзалардан маймылдарға дейін қарастыру қажет. Бұл жерде дамудың әрбір сатысымен, деңгейімен байланысты мінез-құлық ерекшеліктерін, дамудың осы деңгейіне сәйкес тірі ағзалардың түрлерін анықтау қажет. Жануарлар психикасы мен мінез-құлқының ерекшеліктерін бөліп көрсетудің негізінде олардың адам психикасынан ерекшелентін басты айырмашылықтарын анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет