Педагогикалық практика институттың практика базасы ретінде таңдаған мектептерде ұйымдастырылады. Маман моделіне сәйкес студенттердің практикасы мектептегі мұғалім жұмысына дайындығын шыңдауға бағытталады және келесі қызметтерді орындайды: құрылымдық жоспарлаушы, тәрбиелеуші, ұйымдастырушы, ынталандырушы, ақпараттық технологиялық. Педагогикалық практика 3 курстың 6 семестрінде ұйымдастырылады.
Шетел тілдері кафедрасында педагогикалық практика бағдарламасы орыс және қазақ тілдерінде дайындалған.
3 курстағы педагогикалық практиканың мақсаты ағылшын тілін оқыту әдістемесінің негізін меңгеру, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жетілдіру.
Педагогикалық практика бойынша студенттің құзыреті:
Білу керек:
тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
шет тілін оқыту психологиясын;
шет тілін оқыту әдістемесін.
Істей алу керек:
жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиетін, психологиялық - педагогикалық іскерлікті дамыту;
мектептің оқу-тәрбие үрдісінде белсенділік таныту және ат салысу;
практика бағдрламасын орындау, бекітілген үлгі бойынша күнделікті жүргізу.
Студент меңгеру керек:
теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу;
мұғалім-новатордан, оқытудың әр түрлі кезеңіндегі педагогикалық үрдістен озық тәжірибе алу;
педагогикалық өздігінен білім алудағы қажеттілікті қалыптастыру;
өзінің практикалық іскерлік пен машық деңгейін тексеру.
Педагогикалық практика қорытындысы бойынша студенттер атқарылған жұмыстың есебін, практика күнделігін, пән мұғалімінің және сынып жетекшісінің мінездемесін, қорытынды сабақтарының жоспарлары мен материалдарын, тәрбиелік іс шараларының 1-2 жоспарын, практика жетекшісінің пікірін кафедраға тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |