Өндірістік практика студенттер теориялық және практикалық оқыту бағдарламасын меңгергеннен кейін жүргізіледі. Практиканың бұл түрі жалпы
және кәсіби құзыреттілікті дамытуға және тереңдетуге, дипломдық жұмыстарды орындау дайындығын тексеруге, өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін тексеруге бағытталған. Өту мерзімі 4 курс, 8 семестр.
Шетел тілдері кафедрасында өндірістік практика бағдарламасы орыс және қазақ тілдерінде дайындалған.
Өндірістік практика мақсаты – негізгі құзыретті бекіту, практикалық шеберлікті және оқып жатқан мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесін меңгеру.
Өндірістік практика бойынша студенттің құзыреті:
Білу керек:
шет тілін ерте жастан оқыту әдістемесін;
шет тілін оқытудың арнайы-бағытталған әдістемесін;
тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
шет тілін оқыту психологиясын;
шет тілін оқыту әдістемесін.
Істей алу керек:
жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиетін, психологиялық- педагогикалық іскерлікті дамыту;
мектептің оқу-тәрбие үрдісінде белсенділік таныту және ат салысу;
практика бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды уақытында және толық тапсыру;
зерттеу әдістемесін меңгеру және өздік жұмысты жүргізу;
теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу;
мұғалім-новатордан, оқытудың әр түрлі кезеңіндегі педагогикалық үрдістен озық тәжірибе алу;
педагогикалық өздігінен білім алудағы қажеттілікті қалыптастыру;
өзінің практикалық іскерлік пен машық деңгейін тексеру.
Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша студент практика есебін кафедраға өткізеді. Практика жетекшісі тексергеннен кейін студент кафедра меңгерушісінің өкімімен құралған комиссия алдында қорғайды.