3. Жазық конденсатордың астарларының ара қашықтығы 1,6 мм, олардың потециалдарының айырымы 10 кВ. Конденсатор астарларының арасындағы кеңістікте қозғалатын электронға әсер ететін электр күші ()
A) 0,16∙10-6 Н
B) 0,16 Н
C) 1∙10-19 Н
D) 1∙10-12 Н
E) 1 пН
F) 1 мкН
G) 1 нН
H) 1 Н
Шешуі:
Жазық конденсатор астарларының арасындағы электр өрісі біртекті, яғни өрістің кернеулігі астарлардың арасындағы кеңістіктің барлық нүктесінде бірдей. Демек астарлардың арасындағы кеңістікте қозғалатын электронға әсер ететін Кулон күші де барлық нүктеде бірдей болады, яғни астар мен электронның арақашықтығына тәуелді емес. Онда электрлік күш