НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет27/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

Бақылау сұрақтары

1. Тұрақты ток көпірінің теңесу шартын қорытындылау.


2. Айнымалы ток көпірінің теңесу шартын қорытындылау.
3. Индуктивті катушканың индуктивтілігі және сапалылығы қандай көпірмен өлшенеді, яғни тұрықты ток көпірімен бе, әлде айнымалы ток көпірімен бе?
4. Конденсатордың сыйымдылығы және диэлектрлік шығындары қандай көпірмен өлшенеді, яғни тұрықты ток көпірімен бе, әлде айнымалы ток көпірімен бе?
5. Үлкен диэлектрлік шығындардың тангенсін өлшеу үшін сұлбаны сызып көрсетіңдер.
6. Үлкен сапалылығы бар индуктивті катушканың индуктивтілігін өлшеу үшін сұлбаны сызып көрсетіңдер.

11-тәжірибелік сабақ


Электрлік шамаларды өлшеу түрлері мен әдістері


Сабақ жоспары

11.1 Электр шамаларын өлшеу әдістері.


11.2 Электр шамаларын өлшеу түрлері.
11.3 Резистордың кедергісін жанама өлшеу.
11.1 Электр шамаларын өлшеу әдістері

Өлшеу принциптері мен құралдарын қолдану әдістерінің жиынтығына байланысты барлық әдістер тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдістері болып бөлінеді.


Тікелей бағалау әдісі - өлшенетін шаманың мәні алдын ала өлшенетін шаманың бірліктерімен немесе басқа шамалардың бірліктерімен градуирленген бір (тікелей өлшеулер) немесе бірнеше (жанама өлшеулер) аспаптардың көрсеткіштері бойынша анықталатын әдіс.
Тікелей бағалау әдісінің ең қарапайым мысалы ретінде қандай да бір шаманы шкаласы сәйкесті өлшем бірліктермен градуирленген бір аспаппен өлшеу болуы мүмкін.
Салыстыру әдісі – бұл өлшенетін шаманы өлшемдікпен салыстыру әдісі, бұл жағдайда шамалардың индикаторға қорытынды әсері нөлге дейін төмендейді.
Осылайша, тепе теңдікке жеткенде белгілі бір құбылыс жоғалады, мысалы, тізбектің бір бөлігіндегі ток немесе ондағы кернеу, оны осы мақсатқа қызмет ететін аспаптардың - нөлдік индикаторлар көмегімен тіркеуге болады. Нөлдік индикатордың жоғары сезгіштігіне байланысты, сондай-ақ өлшемдіктерді үлкен дәлдікпен орындауға болатындықтан, өлшеу дәлдігі жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет