НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Осциллографтың құрылымдық сұлбасы



бет23/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

9.3 Осциллографтың құрылымдық сұлбасы

Электронды осциллографтың құрылымдық сұлбасы 9.2-суретте берілген. Суретте келесі белгіленулер қабылданған: КБ - кірістік бөлгіш; ЖБА – электронды сәуленің жарықтығын басқару арнасы; КЭ - келістіру элементі; КС - кешіктіру сызығы; ТБК - тік бұрушы күшейткіш; К - синхрондау түрін таңдау кілті; СБ - синхрондау блогы; ЖГ - жайылма генераторы; КБК - көлденең бұрушы күшейткіш; ТГ - таңбалар генераторы; І – ішкі синхрондау; 2 - сыртқы синхрондау.


Кірістік бөлгіш. Кірістік сигналдардың шамасын олардың амплитудаларынан тәуелсіз, күшейткіштің бірінші элементіне сигнал дәл сондай амплитудамен түсетіндей етіп өзгертетін құрылғы.
Келістіру элементі кірістік бөлгішті кедергі бойынша күшейткішпен келістіру үшін қызмет етеді.
Тік бұрушы күшейткіш ЭСТ сезгіштігі жеткіліксіз болған жағдайда қажет. Оған қойылатын талаптар бойынша жиіліктік, фазалық, амплитудалық бұрмалаулар жібермеуі және сонымен қатар күшейту коэффициенті болуы тиіс.

9.2-сурет. Электронды осциллографтың құрылымдық сұлбасы




Көлденең бұрушы күшейткіш қажет болғанда Х пластинасына түсетін кернеуді күшейтуге арналған. КБК-ға қойылатын талаптар да ТБК-мен бірдей.
Жайылма генераторы. Жайылма үзіліссіз және күтуші болуы мүмкін. Үзіліссіз жайылма жағдайында ЖГ автотербеліс тәртібінде жұмыс істейді. Жайылма осциллографтың кірісінде сигналдың бар - жоқтығына тәуелсіз, осциллографты қосқан сәттен бастап экранда тұрады.
Үзіліссіз ара тісі тәрізді жайылма үлкен сиректілікті импульстерді және периодты емес үдерістерді зерттеуге жарамсыз.
Біреселік импульстерді және үлкен скважиналы импульстерді зерттеу үшін күтуші жайылма қолданылады.
ЖГ синхрондау - бұл ЖГ жиілігін зерттеліп отырған сигналдың жиілігіне байлану үдерісі, яғни ЖГ зерттелетін сигналдың жиілігіне тең немесе еселі жиілікті еріксіз генерациялау үдерісі. Синхрондаудың ішкі және сыртқы түрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет