Тақырыбы: Электр механикалық аспаптар
Сабақ жоспары:
4.1 Электр механикалық аспаптардың жалпы тораптары мен бөлшектері.
4.2 Электр механикалық аспаптардың өлшеу механизмінде әсер ететін моменттер.
4.3 Айналу, қарсы әрекет ету моменттері мен ауытқу бұрышынан тынышталу моментінің тәуелділігін зерттеу.
4.1 Электр механикалық аспаптардың жалпы тораптары
мен бөлшектері
Электр механикалық аспаптардың құрылымдық сұлбасы (4.1-сурет) өлшеу тізбегінен (ӨТ), өлшеу механизмінен (ӨМ) және санақ құрылғысынан (СҚ) тұрады.
4.1-сурет. Электр механикалық аспаптың құрылымдық сұлбасы
4.1-суретте келесі белгіленулер келтірілген: АХ - өлшенетін шама; Y – аспаптың өлшеу мехнизміне тікелей әсер ететін аралық шама; α – аспаптың қозғалмайтын бөлігіне қатысты өлшеу механизмінің қозғалмалы бөлігінің ауытқу (бұрылу) бұрышы.
Өлшеу тізбегі өлшенетін шаманы ӨМ тікелей әсер ететін басқа бір шамаға түрлендіру қызметін атқарады, оған шунттар, кернеу бөлгіштер, түрлендіргіштер және т.б. жатады.
Өлшеу механизмі екі бөліктен тұрады: қозғалмайтын және қозғалмалы. Өлшеу механизмінде электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру жүреді, бұл түрлендіру өлшеу механизмінің қозғалмалы бөлігінің қозғалмайтын бөлігіне қатысты бұрыштық бұрылуы (ауытқуы) үшін қажет. ӨМ қозғалмалы бөлігіне оның қозғалуы кезінде ӨМ қозғалмалы бөлігіне оның қозғалуы кезінде айналдырушы момент (Майн), қарсы әсер моменті (Мқар) және тыныштандыру моменті (Мтын) әсер етеді.
Айналдырушы момент – бұл аспаптың ӨМ-де өлшенетін шаманың әсерінен пайда болатын және ӨМ-нің қозғалмалы бөлігін өсу көрсеткішіне қарай бұрады.
Электр механикалық аспаптар ӨМ үшін айналдырушы момент жалпы түрде Лагранж формуласының екінші түрімен көрсетуге болады:
, (4.1)
мұндағы - өлшеу механизмінде жиналған электр магниттік өрістің энергиясы; - аспаптың қозғалатын бөлігіне қатысты бұрылу бұрышы.
Қарсы әсер моменті ауытқу бұрышы өлшенетін шамадан тәуелді болу үшін туындатылады. Ол, бір ұшы аспаптың ӨМ-нің қозғалмалы бөлігіне, ал екінші ұшы қозғалмайтын бөлікке бекітілетін спираль серіппелердің көмегімен туындалады.
Қарсы әсер моменті келесі формуламен анықталады:
(4.2)
мұндағы W - серпімді элементтің қасиеттерінен тәуелді меншікті қарсы әсер моменті (серіппенің материалынан немесе геометриялық өлшемдерінен тәуелді).
шартында қозғалмалы бөліктің, сонымен бірге аспап тілінің бұрылуы өлшенетін шамаға сәйкес бұрылу бұрышының қандай да бір мәніне қойылады.
Тыныштандыру моменті ӨМ-нің қозғалмалы бөлігінің инерциялығымен және қоршаған ортаның кедергісімен шартталған.
Тыныштандыру моменті келесі формуламен анықталады:
, (4.3)
мұндағы - аспаптың ӨМ-нің қозғалмалы бөлігінің қозғалысының бұрыштық жылдамдығы; р - тыныштандыру коэффициенті.
Өлшеу механизмінің моменттерінің ауытқу бұрышынан тәуелділігі 4.2-суретте келтірілген. Өлшенетін шама мен аспаптың бұрылу бұрышының арасындағы тәуелділік аспаптың шкаласының теңдеуі деп аталады.
Аспаптың корпусы (қабы) өлшеу механизмін сыртқы әсерлерден (шаңнан, дымқылдан, газдан) қорғайды. Аспаптың корпусын пластмассадан жасайды. Олардың мөлшері мен пішіні әртүрлі болады.
Санақ құрылғысы өлшенетін шаманың сандық мәнін көрсету үшін арналған. Санақ құрылғысы қатты көрсеткіштен (жебе) және шкаладан тұрады, аспаптың жебесі өлшеу механизмінің қозғалмалы бөлігіне бекем (қатты) бекітіледі. Өлшеу қателігін азайту үшін көрсеткіштің салмағы жебенің салмағына тең қарсы салмақтар бар. Олар ауырлық центрін жебенің айналу центрімен сәйкестендіру үшін қызмет етеді.
4.2-сурет. ӨМ-нің моменттерінің ауытқу бұрышынан тәуелділігі
Шкала өлшем бірлікке, немесе бөлікке байланысты градуирленеді (өлшемденеді). Сызылу пішіні бойынша шкалалар түзу сызықты (горизонталды және вертикалды), доғаланған (180 градусқа дейін доғаланғанда) және дөңгелектенген (180 – нен 360 градусқа дейін) болып бөлінеді.
Сипаттамалық тұрғыдан шкалалар қалыпты және қалыпты емес, бір жақты және екі жақты болып бөлінеді. Зертханалық аспаптарда (дәлдік класы жоғары болғанда) шкалаларды айналы етіп жасайды, шкала бойынша санақ нұсқама тілдің оның айнадағы кескінімен сәйкес келгенде жүргізіледі.
Аспаптың қозғалмалы бөлігі оське қатты бекітіледі. Ось іші қуыс алюминий құбырдан жасалады. Диэлектрикпен бөлінген, екі алюминий құбырдан тұратын екі жарты осьтер де болады. Еркін қозғалысты қамтамасыз ету үшін осьті тірек пен кермеге орналастырады (4.3-сурет).
4.3-сурет. Электр механикалық аспаптардың бөлшектері
мен тораптары
Тірек (4.3-сурет) керннен 1 және өкшеліктен 4 тұрады. Керн конус тәрізді ұшталған болат сымның кесіндісін береді. Ол қатты материалдан (агат, корунд) жасалған конус тәрізді өкшеліктің ойығындағы жапсарға 2 кигізіледі. Керн мен өкшеліктің арасындағы саңылау стопорлы винтпен 3 реттеледі. Кемшілігі - үйкелістің әсерінен өлшеу қорытындысында қателікті болдырады.
Кез келген электр өлшеуіш аспаптары талап етілген өлшеу дәлдігін жабдықтау үшін, аспаптың қозғалу жүйесінің ауытқуы тек орауыш пен серіппенің (пружинаның) 8 қарсы әрекеттік күшінен туындаған айналушы моментпен анықталуы қажет. Өлшеу кезінде ауырлық күшінің әсерінен туындайтын қателіктерді жою үшін, аспаптың қозғалмалы жүйесі (4.3-сурет) қарсы салмақтармен 5 теңестіріледі. Корректорды нұсқама тілді нөлге келтіру үшін орналастырады, ол корпуста тұратын винттен 6 және қалпына келтірушіден 7 тұрады.
Аспаптың тұрақтысы және оның сезгіштігі.
Құрылғының тұрақтысы (бөлу бағасы) – өлшенген шаманың өзгеруінің ауытқу бұрышының өзгеруіне қатынасы. Тұрақты құрылғының кері мәні сезгіштік деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |