Жұмыстың мазмұны
Резистор арқылы өтетін тоқты тәжірибе жүзінде анықтау. Қуатты есептеп, тоқ пен кернеудің векторлық диаграммасын құру.
Конденсаор арқылы өтетін тоқты тәжірибе жүзінде анықтау. Қуатты есептеп, тоқ пен кернеудің векторлық диаграммасын құру.
Индуктивті катушка арқылы өтетін тоқты, қуатты тәжірибелік түрде есептеп, кернеу мен тоқтың векторлық диаграммасын құру.
Жұмысты орындауға нұсқау
Резистор, конденсатор және индуктивті катушка параметтрлерін тәжірибелік анықтау тоқ пен кернеудің әсер етуші мәндерін өлшеумен негізделген. Айнымалы кернеудің мәндерін 100....1000 В шегінде алу ұсынылады, жиілік 50 Гц. Схема 5.11-суреттінде келтірілген.
5.11-сурет. Резистор, конденсатор және индуктивті катушка параметтрлерін тәжірибелік анықтаудың схемасы
Резистормен тәжірибеде тоқты өлшеп, нәтижесін 5.1- кестесіне енгіземіз. Кедергі мәні өз бетінше алынады.
5.1-кесте. Резистор параметрлерін тәжірибелік анықтау
Бекітілген
|
Өлшенген және есептелген
|
U, В
|
R, Ом
|
I, А
|
Р, Вт
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тізбекте резисторды конденсаторға ауыстырып, мәнін 20...100 мкФ аралығында қоямыз. Нәтижесін 5.2- кестесіне енгіземіз.
5.2- кесте. Кондексатор параметрлерін анықтау
Бекітілген
|
Өлшенген және есептелген
|
U, В
|
С, Ф
|
I, А
|
Р, Вт
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тізбекте конденсаторды индуктивті катушкамен ауыстырғаннан кейін параметр мәндірн 5.3-кестесіне енгіземіз.
5.3-кесте. Индуктивтілік катушкасының параметрлерін анықтау
Бекітілген
|
Өлшенген және есептелген
|
U, В
|
L, Гн
|
I, А
|
Р, Вт
|
|
|
|
|
|
|
|
|
EWB программасында жұмыстың барысы:
Sources пиктограмма қатарынан айнымалы кернеу көзін таңдаймыз. . Маустың сол жақ кнопкасын басу арқылы EWB жұмыс терезесіне алып шығамыз.
Маустың сол кнопкасын екі рет басып кернеу (Voltage) 220 В және жиілік (Frequency) 50 Гц (5.12-сурет) орнатамыз.
5.12-сурет. EWB программасында айнымалы кернеу үшін параметрлерді орнату.
3) Пиктограмма қатарынан резистор , конденсатор , катушка таңдап алып, жұмыс терезесіне алып шығамыз.
4) Элементтерді өзара жалғап, номиналдарын қойып шығамыз.
Резистор, конденсатор және индуктивті катушка параметтрлерін анықтаудың виртуалды модельдері 5.13, 5.14 және 5.15-суреттерінде көрсетілген.
Тапсырма 1. Резистормен тәжірибе
5.13-сурет. Резистордың параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуалды моделі
Тапсырма 2. Конденсатормен тәжірибе
5.14-сурет. Конденсатор параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуалды моделі
Тапсырма 3. Индуктивтілік катушкамен тәжірибе
5.15-сурет. Индуктивті катушка параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуалды моделі
Барлық үш схема үшін тоқ пен кернеудің векторлық диаграммаларын құру.
Достарыңызбен бөлісу: |