Жұмыстың мазмұны: Программаның жұмыс терезесінде схемаларды жинау.
Тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу.
Есептеу жолымен тоқ пен кернеу мәндерін анықтау.
Есептелген және өлшенген шамларды салыстыру. Салыстыру негізінде қорытынды жасау.
Жұмысты орындауға нұсқау Берілген зертханалық жұмыс кезекпе-кезек есептеу әдісін практикалық түрде үйренуді талап етеді. Жұмыс барысында 4.2-суретінде келтірілген схеманы жинау керек. Қоректену кернеуінің мәндері 100-500 В, резистордың мәндері 100-ден 1 кОм дейін. 4.2-суреті бойынша өлшеу құралдарын пайдаланып тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу. Ол үшін тоқтарды өлшеу:
- К1 және К2 кілттері тұйықталған уақытта;
- К1 кілті тұйықталған, ал К2 кілті ашық тұрғанда;
- К2 кілті тұйықталған, ал К1 кілті алшақ тұрған.
4.2-сурет. Электр тізбегінің орын басу схемасы
Қоректену кернеуі мен резисторды бекітілген мәндері арқылы өлшенгеннен кейін:
әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу қажет;
орын басу схемасында өтетін толық тоқтарды табу қажет (4.2-сурет)
EWB программасында жұмыс барысы: Basic пиктограмма қатарынан кілтті таңдаймыз . Маустың сол жақ кнопкасын басып EWB жұмыс терезесінен алып шығарамыз.
Жұмыс терезесіне тағы бір кілтті шығарамыз.
Маустың сол жақ кнопкасын екі рет шерту арқылы кілттің жөнге келтіру бөліміне кіріп, келісім клавишасын «А» деп ауыстырамыз (4.3-сурет).
4.3-сурет. EWB программасында сөндіргішті таңдау
4) Екінші кілт үшін тура осы процессті қайталап, келісім клавишасын «В» деп ауыстырамыз (4.4-сурет).
4.4-сурет. EWB программасында сөндіргішті таңдау
Енді «А» клавишасын басқанда – сол жақтағы кілт жұмыс істейді. «В» басқанда – оң жақ кілт істейді.
Пиктограмма қатарынан керекті элементтерді таңдап, номиналдарын өзгертіп бір-бірімен жалғаймыз (№ 1,2-зерт.жұм қара). Электр схемасының виртуальды түрі келесідей болады (4.5-сурет).
4.5-сурет. EWB программасында электр схемасының виртуальды моделі