Электрлік шаманы өлшеу әдістемесі
Өлшеу тура және жанама болып бөлінеді. Тура өлшеу кезінде іздеген мән ретінде өлшеу құралының көрсеткішін алады. Жанама өлшеу кезінде физикалық шаманың белгісіз мәннің арасындағы физикалық тәеулділік арқылы табады. Мысалы, R резистордың кедергісін U кернеу мен І тоқты пайдаланып Ом заңымен табады:
Өлшеу құралдарын тізбекке қосу жұмыс режимінің (тоқ, кернеу және т.б. параметрлерін) нақты өзгеруіне әкеледі. Electronics Workbenchпрограммасында өлшеуіш құралдар идеалды болады, яғни амперметрлердің кедергісі нөлге тең, ал вольтметрлердікі шексіз үлкен болады.
а) б)
1.2-сурет. Өлшеу құралдарын қосу схемасы
Тізбек элементінде І тоқтың және U кернеудің өлшемдері арқылы қуатты оңай анықтауға болады:
Айнымалы тоқ тізбегінде актмвті қуат кернеу мен тоққа ғана емес олардың фазалық ауытқуының тәуелді болады, яғни:
Жұмыстың мазмұны
Берілген зертханалық жұмыстың материалдарын бекіту үшін студент оқытушы берген тура және айнымалы электр сземаларын жинайды.
Элементтер мен олардың номиналды шамаларын жинау. Таңдалған элементтерді түсіндіру.
Бақылау сұрақтары
Электр өлшеуіш құралдарын қолдану саласы қандай?
Тура өлшеу мен жанама өлшеудің айырмашылығы қандай?
Өлшеуіш құралдарды таңдаудағы қойылатын талаптар?
Амперметр мен вольтметрді жалғау схемаларын салыңдар.
Амперметр мен вольтметрді пайдаланып тізбектің кедергісін қалай өлшеуге болады?
Тоқ пен қуаттың мәндерін пайдаланып тізбектің кедергісін жанама өлшеу мен қалай есептеуге болады?
Вольтметрді жүктемемен тізбектей жалғаса тізбектегі тоқ қалай өзгереді?
№ 2 – зертханалық жұмыс
Тұрақты кернеу кезінде сызықты пассивті элементтері бар тізбектің электрлік күйін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: тоқ қабылдауыштарының тізбектей, параллель және аралас қосылысындағы электр тізбегінің жұмыс принципін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |