Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы. Ұлттық философия - тарихи сана мен халықтық сананың көрінісі.
Орыс философиясының негізгі кезеңдерінің қалыптасуы және дамуы.
Соловьевтың біртұтастық философиясы.
Орыс марксизмі: Г. Плеханов, В. И. Ленин Легальный марксизм.
Кеңестік Ресейдегі философия және идеология.
Орыс философиясындағы марксистік ағым өкілдеридеяларының мазмұны мен
мәні.
Ф. Достоевскийдің әдеби шығармаларынын философиялық мәні.
Славянофильдік, батысшылдық ағымдардың қоғамдық ойлар ретінде
қалыптасуының рухани алғышарттары.
Әдебиеттер тізімі. Гулыга А. В. Русская идея и ее творцы. М. : 1995.
Данилевский Н. Я. Россия и европа.М. : 1991.
Зенковский В. Н. История русской философии в 2-х томах. М. : 1991.
Замалеев А. Ф. Лекции по русской философии. СПб, 1994.
Әдістемелік ұсыныстар: Россиядағы ІХ-ХІV ғасырлардағы философияның қалыптасу ерекшеліктері. ХV-ХVІІ ғғ философияның православтық христиандалуы мен ағартушылығы.
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Ағартушылық пен натурфилософия (А. Н. Радищев, М. В. Ломоносов, т. б.) ХІХ ғ. Орыс философиясы: славянофильдік және батыстық, тарихи философия және діни философиялық дәстүрлер ( П. Я. Чаадаев, К. Н. Леонтьев, А. С. Хомяков, Ю. Ф. Самарин). А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, В. Г. Белинскийдің, М. А. Бакуниннің философиялық көзқарастары.
Діни философия және космизм (Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, т. б.)
ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғ басындағы рационалдылық пен иррационализм: неогегельяндық, неокантшылдық, эмпиризм, интуитивизм, экзистенциализм.
Ресейдегі маркстік философия: халықшылдар және марксизм, Г. В. Плеханов, В. И. Ленин. Маркстік философияны тиянақты және толық түрде дамытқан В. И. Ленин (1870-1924) болды. Лениннің философияға қосқан идеяларын, материя ұғымын, таным, диалектика теорияларын, табиғаттанудың философиялық мәселелерін, мемлекет, революция, социализм теорияларының мәнін ашу. ХХ ғ аяғы - халықшылдар және рационалдық. Н. А. Бердяев, П. А. Флоренский, И. А. Ильин, В. И. Вернадский, С. Н. Булгаков, т. б.
Орыс философиясының ерекшелігі мен дәстүрі. ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік-мәдени ыдырау.