Әдістемелік ұсыныстар: «Өмір философиясы», Иррационализм. Санасыздық және психоанализ А. Шопенгауэр, Ф. Ницше және З. Фрейд ілімдерінің даму барысындағы ықпалын түсіну. .
Позитивизм және оның тарихи түрлері мен міндетін түсіну: О. Конт, Э. Мах, Р. Авенариус.
Діни философияның эволюциясы. Неотомизм. ХХ ғ діни философия: традиционализм және оның жаңартуға ұмтылуы. Осы күнгі неотомизмнің принциптері. Діни ой - өрістің түрлі бағыттарының өкілдері (Ж. Маритен, Тейар де Шарден, М. Нибур, Мұхамад Икбал, т. б.). Құдайдың барлығын дәлелдеу проблемасы. Персонализм.
Семинар №8 ХІХ-ХХ ғ.ғ. ғасыр философиясындағы ғылыми таным мәселесі ХХ─ХХІ ғ. басындағы саяси-әлеуметтік шындық, рухани мәдениеттің ерекшеліктері және олардың философиядағы көрінісі.
Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика, постпозитивизм.
Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар.
Бақылау сұрақтары:
Прагматизм ағымының тек Америкада пайда болуының себебі неде?
Герменевтика ілімінің мәдениет саласын ғылым деңгейінде зерттеу мақсаты не?
Экзистенциалдық философия және оның негізгі бағыттарының пайда болу себебі?
«Бір өлшемдегі адам» теориясының мәні?
Психоаналитика іліміне Юнг қандай жаңалық енгізді?
Постпозитивизм ағымы ғылыми білімнің өсуіне қандай ықпал жасады?
Неопозитивизм ағымының негізгі зерттеу обьектісін көрсет?
Франкфурт мектебінің әлеуметтік мәселелерді шешу әдісі?
Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы: ХХ ғ. көркемдік мәдениеттегі Фрейдтің санасыздық идеялары.
Экзистенциализмдегі жаттану мәселесі.
ХХ ғ. философиясының ғылыми-техникалық ақыл-ойға табынуы.
Неопозитивизм эволюциясының негізгі кезеңдері.
ХХ ғ. Батыс философиясындағы адам мәселесі.
К. Поппердің әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасының негізгі мәні.