Excelдің негізгі терминдері
Excel қосылған кезде құжат терезесінде бос жұмыс кітабы пайда болады. Жұмыс кітабы – Excel-дің мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданатын негізгі құжаты. Жұмыс кітабы жеке жұмыс парақтарынан тұрады. Үнсіз келісім бойынша әрбір жаңадан құрылған жұмыс кітабы 3 жұмыс парағынан тұрады, олардың санын өзгертіп отыруға болады.
Excel жаңа кітабы
Парақтар кесте, диаграмма және макростарды құруға және сақтауға арналған. Әр парақта 16 384 баған және 1 048 576 жол (17 179 869 184 ұяшықтар) бар. Әрбір ұяшықтың қиылысқан жолы мен бағанға сәйкес өз белгіленуі болады. Осылайша, әрбір ұяшық латын әрпінен және саннан тұратын адресі болады. Мысалы, C5 – бұл С бағаны мен 5 жолдың қиылысуындағы ұяшық адресі.
Парақтың соңғы бағанына өту үшін: CTRL+ →
Парақтың бірінші бағанына өту үшін: CTRL+ ←
Парақтың соңғы жолына өту үшін: CTRL+↓
Парақтың бірінші жолына өту үшін: CTRL+↑
Ұяшық. Ұяшық адресі
Excelде ұяшықтардың интервалы деген ұғым бар. Интервал ол кестенің бірнеше ұяшықтарын қамтитын блогы. Мысалы: В7:Е11.
Осылайша бағандардан ғана тұратын интервалды көрсетуге болады, бірінші және соңғы бағандардың аты қос нүкте арқылы беріледі, мысалы – С:F. Осылайша жолдардың да – 11:112.
Достарыңызбен бөлісу: |