НұСҚаулар тақырыбы: «Блоктармен жұмыс, кестені форматтау»



бет6/11
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#22170
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
null

Формат ячеек диалогтық терезесінің Выравнивание закладкасын таңдап, Автоподбор ширины ауыстырып қосқышын орнатыңыз.

Кестеге шекара қою үшін:

Формат ячеек диалогтық терезесінің Граница закладкасын таңдап, сызықтар тобынан сызық түрін тандау және внешние және внутренние батырмаларын басу.

Егер шекаралары әртүрлі сызықтармен қоршалу керек болса, онда Жоғарыдан, Төменнен, Оңнан, Солдан ауыстырып қосқыштарын таңдау керек.



Формулаларды енгізу. Формулаларды қолдану

Кестелік процессорлар бірінші кезекте формулалар көмегімен есептеулер жүргізуге арналған программа. Парақтың бір ұяшығына формула енгізгеннен кейін ол ұяшықта есептеу нәтижесі көрінеді, ал формуланың өзін формула жолынан көруге болады. Егер ұяшықтағы берілген мәндерді өзгертетін болсақ, онда формуламен есептелген ұяшық нәтижесі автоматты түрде өзгереді.

Формула енгізілетін ұяшықты алдымен белсенді қылу керек. Кез-келген формула тең (=) белгісінен басталады, сондықтан формуланы енгізгенде осы символды енгізуден бастау керек. Егер тең белгісін енгізбесеңіз, онда оны жай мәтін деп қабылдайды. Формула тұрақты саннан, жеке ұяшықтардың немесе ұяшықтар диапазонының адрестеріне сілтемеден, функциялардан, операторлардан, жақшалардан тұруы мүмкін. Формула енгізу барысында ұяшықтар адресіне сілтемені қолдан енгізбей, тышқанмен шерту арқылы енгізілуі керек. Ол формуланы енгізуді тездетеді және ұяшықтар адресін қатесіз енгізуге көмектеседі.

Формула жолы

  • Ұяшыққа мәліметті енгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:

  • «Қайтару» командасы

  • «Енгізу» командасы

  • формула енгізуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде өзгереді.

Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестері өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолданылады. Ұяшық адресі өзгеріссіз қалу үшін оған доллар ($) символын қосып енгізу керек:



$А$11 – абсолютті адрес (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);

A11 – салыстырмалы адрес (толтыру кезінде ол өзгереді);

$А11 – аралас адрес (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);



А$11 - аралас адрес (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді).

Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 пернесін бірнеше рет басу. Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестерін де, абсолютті адрестерін де қолдануға болады.

Excelдегі негізгі қателер

Егер формула енгізу барысында қате кетсе, онда осы ұяшықта қате туралы хабар шығады. Excelдегі негізгі қателер:



##### ұяшыққа мәліметтер сыймаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда мәтінді толық көру үшін бағаннын енін өзгертіп үлкейту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет