ҰЯШЫҚҚА МӘНДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ РЕДАКТОРЛЕУ
Кестелік курсор
Excelде мәтіндік және қарапайым курсордан басқа 1 суретте көрсетілгендей ұяшықты қоршап қалың сызықтармен көрсетілген кестелік курсор бар. Кестелік курсор мәтіндік және қарапайым курсор сияқты өз қажеттілігі бар, яғни бұл курсор қоршаулы тұрған ұяшыққа белгілі ақпаратты немесе мәндерді енгізеді. Кестелік курсор орналасқан ұяшықты ағымдағы ұяшық деп атайды. Ағымдағы ұяшықтың адресі формула панелінің сол жағында (адрес жолында) орналасады.
Бос ұяшыққа мән енгізу
Қашанда ұяшыққа мән енгізгенде, енгізіліп жатқан мәтін екі жерден көрінеді: ұяшықтың өзінен және формула жолынан. Мәтінді енгізу барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін «Backspace» пернесі қолданылады.
Ұяшыққа мәлімет енгізіп, «Enter» батырмасын басқанда кестелік курсор төменге бір ұяшыққа ауысады, «Таb» пернесін басқанда оң жақтағы ұяшыққа ауысады, ал Енгізу батырмасын басқан жағдайда осы ағымдағы ұяшықта қалады және жан-жақты стрелкаларды басқанда сол стрелка бағыты бойынша көрші ұяшықтарға орын ауыстырады. Ұяшықтарға мәліметтерді енгізуді аяқтау үшін «Shift»+«Enter» батырмаларын да басуымызға болады. Бұл жағдайда кестелік курсор қарама-қарсы бағытқа ауысады, яғни жоғарғы қарай. Егер сізге мәліметтерді енгізу барысында бір ұяшық ішінде бір жолдан келесі жолға ауысу керек болса, «Alt»+ «Enter» пернелерін басу керек.
Ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтың ішіндегі ақпаратты бөлу, бөлшек санның разрядын үлкейту/азайту
1 тәсіл:
перенос текста, ұяшықтарды біріктіру, санның разрядын үлкейту, азайту батырмаларын қолдану.
2 тәсіл: Главная/Выравнивание/Формат ячеек
3 тәсіл: Контекстік меню/Формат ячеек
Ұяшықтағы мәтінді көркемдеу.
Excel-де мәтінді көркемдеу үшін Главная/Шрифт командалар тобы немесе Формат ячеек/Шрифт диалогтық терезесі қолданылады.
Ұяшықтағы мәліметтердің мазмұнын өзгерту
Ұяшықтың мазмұнынын редакторлеуді келесі тәсілдердің біреуімен жасауға болады:
Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып «F2» батырмасын басу.
Ұяшыққа апарып тышқанды екі рет шерту.
Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып тышқанның көмегімен формула жолына басу.
Парақтардың бірінен екіншісіне өтудің екі жолын білеміз:
Беттердің жарлықтарынан тышқанмен шерту арқылы;
«Ctrl» + «PageUp» және «Ctrl» + «PageDown» батырмаларын басу арқылы.
Және тағы бір жолы, ол осы жұмыс кітабында көп парақтар болып Excel терезесіне сыймаған жағдайда (2) суретте көрсетілгендей жарлықтар жанындағы бағыттаушы стрелкалардың көмегімен ауысуға болады.
Сурет 2. Беттер жарлықтары. Excel жұмыс кітабының парақтары арасында бірінен-біріне өту
Парақтарды қосу және жою
Стандартты түрде Excel жұмыс кітабы 3 парақтан тұрады. Жаңа парақ қосу үшін жарлықтардың соңында орналасқан батырманы басу қажет. Нәтижесінде «Лист 4» атты жаңа парақ қосылады. Егер қандай да бір парақтың алдынан қосу керек болса, онда:
Сол парақты белгілеу.
(3) суретте көрсетілгендей лентаның Главная қаптамасына барып, Ячейки құралдар батырмасынан Вставить және Вставить лист қомандасын басу керек немесе «Shift»+«F11» пернелерін басуыңызға да болады.
|
Сурет 3. Жұмыс кітабына жаңа парақ қосу
|
Парақты жою үшін парақтың жарлығын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп пайда болған контекстік менюден Удалить командасын таңдау немесе Главная қаптамасының Ячейки құралдарынан Удалить немесе Удалить лист командасын таңдауымызға болады.
Парақтың орнын ауыстыру мен көшіру
Тышқанның көмегі арқылы парақтардың орнын ауыстыру өте қолайлы болып келеді. Сізге тек керек парақтың жарлығын тышқанмен ұстап алып, қажетті орынға апарып қою керек.
Егер тасымалдау кезінде «Ctrl» пернесін басып тұрсақ, онда орын ауыстыру емес парақты көшіру болады. Көшірме атауы бастапқы атаумен сәйкес болып келеді, тек оған жақшаның ішінде көшірме нөмірі қосылады.
Автотолтыру
Excel программасында енгізуді автоматтандыратын құралдар бар. Олар: автотолтыру, формулалармен автотолтыру.
Формулаларды алмастыру буфері арқылы, тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.
Салыстырмалы адрестер формула орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).
Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Автотолтыруды нөмірленген тізім құрғанда және ұяшықтағы сөзді бірнеше ұяшықтарға қайталау керек болған кезде қолданады.
Мысалы: Нөмірленген тізімді жасау. А6 ұяшығына 1, ал А7 ұяшығына – 2 санын енгізіңіз. Екі ұяшықты белгілеп, курсорды А7 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарыңыз. Тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның сол батырмасын басып тұрып курсорды қажет ұяшыққа дейін созыңыз. Бұл автотолтыру деп аталады.
Ж
Сурет 4. Автотолтыру
ол, бағана, ұяшық өлшемдерін автоматты түрде орнату.
Егер енгізілген мәтін ұяшыққа сыймаса, бағанның шекарасын жылжытуға болады. Сонымен қатар баған және жолдардың өлшемін автоматты түрде орнатуға болады. Ол үшін бағандар немесе жолдар шекарасына тышқанды апарып екі рет шерту керек. Бұл баған немесе жолдың өлшемдерін ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде орнату. Екінші әдісі: Главная – Ячейки – Формат – Автободбор ширины столбца (Автоподбор высоты строки).
Excel жол, баған өлшемдерін автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік бере отырып, оларда терілген мәтіндердің өлшемдерін де ұяшық еніне қарай өзгертеді.
Мәтінді ұяшық өлшемімен теңестіру үшін:
керекті мәтіні бар ұяшықты белгілеу керек;
Достарыңызбен бөлісу: |