Қосымша 1
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау.
Блоктармен жұмыс, кестені форматтау.
Microsoft Office Excel 2010 электрондық кестелерді құруға арналған өте қуатты программа. Электрондық кестелер тұжырымдамасын теориялық деңгейде 1961 ж. американдық ғалым Ричард Маттессич құрды. Бұл тұжырымдама әрі қарай дамытылып, толықтырылды. Осы құрылған теория бойынша 1979 ж. бірінші кестелік процессор VisiCalc пайда болды. Кейінірек SuperCalc, Lotus, Microsoft Excel және т.б. программалар құрылды. MS Office пакетінің құрамында Excel ресми түрде 1991 ж. пайда болды.
Excel математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялармен және оптимизация есептерін шешуге арналған құралдармен жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |