#ДЕЛ/0!формулада санды нөлге бөлу кезінде пайда болады. Көбінесе нөлдік мәнге немесе бос ұяшыққа бөлінген кезде шығады.
#Н/Д! "анықталмаған мәндер" сөзінен қысқартылған. Бұл қате формулада бос ұяшыққа сілтеме жасалғанын көрсетеді.
#ИМЯ? формула қолданылғанда аты жойылып кетсе, не бұрын анықталмаған болса пайда болады. Ол үшін мәндер облысының атын, функцияның және т.б. аттарын дұрыстаңыз.
#ПУСТО! екі ұяшықтар облысының қиылысу берілген болса, ал олардың шын мәнінде ортақ ұяшықтары болмаса пайда болады. Көбінесе бұл қате ұяшықтар диапазонына сілтемеде қате кеткенде шығады.
#ЧИСЛО! функцияда сандық аргументтің орнына басқа форматты мән қолданылса пайда болады. Ол үшін функция аргументі сан болатындай мәндерді қолдану керек.
#ССЫЛКА! формулада ұяшыққа қолдануға болмайтын сілтеме қолданылса пайда болады. Мысалы, егер ұяшықтар жойылған болса немесе бұл ұшықтарға басқа ұяшықтардың мәндері енгізілсе.
#ЗНАЧ! формулада қолданылмайтын аргумент типі немесе операнда қолданылғанда пайда болады. Мысалы, оператор мен функция үшін сандық немесе логикалық мәндердің орнына мәтін енгізілген болса.
Бұл қателерден басқа циклдық сілтеме де болуы мүмкін. Бұл қате формулада ұяшыққа сілтеме жасалғанда сілтеме өз ұяшығына жасалып тұрса пайда болады.
Суммаларды есептеу (автосуммалау)
Кестелерді құрастыру кезінде автосуммалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерін қолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.