Нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина esf 47005 Downloaded from DishWasher-Manual com Manuals Electrolux. Thinking of you



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі6,54 Mb.
#9549
түріНұсқаулар
1   2   3

жұмыртқаның ағы мен сарысы сияқты

қалдықтар, көп жағдайларда күміс

заттардың түсінің өзгеруіне себеп болады.

Сондықтан жууды кейінге қалдырсаңыз,

күміс ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын

дереу тазалаңыз.

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs

Астыңғы себет

Астыңғы себет кәстрөлдерді,

қақпақтарды, тәрелкелерді, салат

табақтарын және ас құралдарын салуға

арналған.

Ыдыс-аяқтар және үлкен қақпақтар,

бүріккіш түтіктер кедергісіз айналу үшін

себеттің шет жағын жағалата

орналастырылуы керек.

Кәстрөлдер, шыныаяқтар мен

табақтарды салу үшін, астыңғы себеттегі

2 қатар ілгекті жатқызып қоюға болады.

electrolux  11

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Ас құралдарына арналған кәрзеңке

Тігінен салынған ұзын жүзді

пышақтар қауіп көзі болып

табылады. Ұзын және/не өткір ас

құралдарын, мысалы ет кесуге

арналған пышақтарды жоғарғы

кәрзеңкеге көлденеңінен жатқызып

салу керек. Пышақ тәрізді өткір

заттарды салып, не шығарып алып

жатқан кезде сақ болыңыз.

Шанышқылар мен қасықтарды ас

құралдарына арналған алынбалы-

салынбалы кәрзеңкеге саптарын төмен

қаратып, ал пышақтарды саптарын

жоғары қарата салыңыз.

Егер кәрзеңкенің түбінен құралдардың

саптары шығып қалып, төменгі

бүріккішке кедергі жасап тұрса, онда ас

құралдарының саптарын жоғары қарата

салыңыз.


Шанышқылар бір-біріне жабысып қалмас

үшін, басқа ас құралдарымен

араластыра салыңыз.

Ас құралдарын кәрзеңкеге салуды

жеңілдету үшін, ас құралдарына

арналған кәрзеңкенің ұстағышын

төмендетіңіз.

Жақсы нәтижелерге жету үшін ас

құралдары салынатын торды қолдануды

ұсынамыз.

Егер ас құралдарының көлемі тор

өлшеміне сай келмей, оны қолдану

мүмкін болмаса, торды оңайлықпен

жасырып қоюға болады.

Үстіңгі себет

Үстіңгі себет тәрелкелер (десерт

тәрелкелері, табақшалар, диаметрі 24

см дейінгі ас тәрелкелері), салат

табақтары, шыныаяқтар және

стакандарға арналған

Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың

астындағы ыдыс-аяқтарды, су барлық

жерлеріне жақсылап тиерліктей

орналастырыңыз.

12  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне

төңкеріп орналастыруға болады.

Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ

ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға

болады.

Ас құралдарының шағын қорапшасы



Үстіңгі себетпен бірге ас құралдарына

арналған шағын қорапша жеткізіледі.

Сақтандыру туралы ескерту!

ПЫШАҚТАРДЫ ЕШҚАШАН АС

ҚҰРАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН

ШАҒЫН ҚОРАПШАҒА САЛМАҢЫЗ.

БҰЛ МАШИНАҒА НҰҚСАН КЕЛУДІҢ

АЛДЫН АЛАДЫ.

Ас құралдарына арналған шағын

қорапшаны үстіңгі себеттің тек сол жақ

алдына ғана салыңыз.

Ас құралдарының өлшемі үстіңгі себеттің

қалай орналасқандығына байланысты.

Келесі кестедегі ақпаратқа сүйеніңіз.

Ас құралдарының шағын қорапшасына

салынатын ас құралдарының өлшемі

Үстіңгі себет ең

үстіңгі орында

тұрғанда

максимум 15 см

Үстіңгі себет ең

астыңғы орында

тұрғанда

максимум 20 см

Жұмсақ тірегіштер

Жұмсақ тірегіштер жуу циклі орындалып

тұрғанда не үстіңгі себет алынған кезде

шыны ыдыстар орындарынан жылжып

кетуден сақтайды.

Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін

суретке қараңыз. Оларды себеттің тек оң

жағына ғана орнату керек.

Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнатып

болған соң төмен қарай мықтап басып,

жылжып кетпейтіндігіне көз жеткізіп

алыңыз.


electrolux  13

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Сақтандыру туралы ескерту! ЕСІКТІ

ЖАППАС БҰРЫН БҮРІККІШТЕРДІҢ

ЕРКІН АЙНАЛА АЛАТЫНДЫҒЫНА

КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ.

Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу

Егер үлкен тәрелкелерді жуғыңыз келсе

үстіңгі себетті жоғары көтергеннен кейін,

оларды астыңғы себетке салыңыз.

Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:

 

үстіңгі себет



ішінде

астыңғы


себет ішінде

Үстіңгі


себетті

көтергенде

20 см

31 см


Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:

 

үстіңгі себет



ішінде

астыңғы


себет ішінде

Үстіңгі


себетті

түсіргенде

24 см

27 см


Себетті ең үстіңгі орынға көтеру үшін,

келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа

қарай тартыңыз.

2. Механизмі өз орнына орнығып себет

тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан

еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.

Себетті бастапқы орнына түсіру үшін

келесі әркеттерді орындаңыз:

1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа

қарай тартыңыз.

2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары

қарай жылжыта отырып, механизмді

сүйемелдей отырып, жаймен өз

орнына қондырыңыз.

Себетті ешқашан тек бір жағынан

ғана ұстау арқылы көтеруге немесе

түсіруге болмайды.

Себетті ең үстіңгі орынға қойған

кезде шыныаяқтарды шыны торына

қоюға болмайды.

Ашық есіктің қауіп көзі екендігін

ескеріп, оны ыдыс-аяқтарды

салғаннан кейін әрқашан жауып

отырыңыз.

14  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals


Тазалау бұйымдарын қолдану

Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда

пайдалану үшін арнайы шығарылған

жуу заттарын ғана пайдаланыңыз.

Орауыштың сыртында көрсетілген,

өндіруші ұсынып отырған жуу

затының қолданылатын мөлшері

мен оны сақтау туралы кеңестерге

назар аударыңыз.

Жуу затын көрсетілген мөлшерден

артық пайдаланбау арқылы зиянды

заттардың бөлініп, қоршаған ортаны

ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.

Жуғыш затты салу

1. Қақпақшаны ашыңыз.

2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш

заттан салыңыз. Таңбаламалар

жуғыш затты қосу мөлшерін

көрсетеді:

20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең

30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.

1

2



3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын

барлық бағдарламалар үшін, алдын

ала жуғыш зат сауытына (2) жуғыш

заттың қосымша(5/10 г)мөлшерін

салу керек.

Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері,

алдын ала жуу кезеңінде қосылады.

Таблетка пішіндес жуу заттарын

пайдалану; таблеткаларды сауытқа

(1)салыңыз

4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға

дейін үстінен басыңыз.

Әртүрлі өндірушілер өндірген

таблетка тәрізді жуу заттарының еру

уақыты да әртүрлі болады. Сол

себепті, қысқа мерзімдік жуу

бағдарламалары қолданылғанда

кейбір таблетка пішіндес заттарды

пайдалану күткен нәтижеге

жеткізбейді. Сондықтан таблетка

пішіндес жуу заттарын қолданған

кезде, жуу заттарының қалдығы

әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу

бағдарламаларын қолданыңыз.

electrolux  15

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Multitab функциясы

Бұл бұйым "Multitab құрама жуу

таблеткаларын" қолдануға мүмкіндік

беретін "Multitab функциясымен"

жабдықталған.

Бұл өнімдер - жуу, шаю және тұзбен

жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын

бір өзінде қамтыған жуу заттары. Қандай

затты таңдағаныңызға байланысты ("3

қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат",

"5 қасиетке ие 1 зат", т.б.), сол таблетка

пішіндес жуу затының құрамында басқа

қасиетке ие заттардың да бар болуы

мүмкін.


Бұл өнімдердің өзіңіз пайдаланып

отырған судың қатаңдығына сай келер-

келмесін тексеріңіз. Өндірушінің

нұсқауларын оқыңыз.

Бұл функция бірден таңдалып қойғаннан

кейін, келесі жуу бағдарламаларының

барлығы үшін де белсенді болып тұра

береді.


Бұл функция таңдалған болса, шаю заты

мен тұздың сәйкес қорапшалардан

қосылуы автоматты түрде тоқтатылады,

сонымен қатар шаю заты мен тұздың

шамдары да өшеді.

"Multitab функциясы" қолданылғанда,

цикл ұзақтығы да өзгеруі мүмкін. Бұл

жағдайда, сандық дисплейден

бағдарламаның өту уақыты автоматты

түрде жаңартылып көрсетіледі.

Жуу бағдарламасы басталмас

бұрын, "Multitab функциясын"

белсенді күйге көшіріңіз/өшіріңіз.

Бағдарлама басталып кеткеннен

соң, "Multitab функциясын" өзгертуге

БОЛМАЙДЫ . "Multitab функциясын"

ажыратып қойғыңыз келсе,

бағдарлама параметрін тоқтатып,

содан кейін "Multitab функциясын"

өшіріңіз. Бұндай кездерде, жуу

бағдарламасын (және қалаған

параметрлерді) қайтадан

орнатуыңыз қажет.

"Multitab" функциясын қосу/ажырату

"Multitab" функциясын қосу үшін

"Multitab" түймешігін басыңыз. Соған сай

келетін анықтағыш шам жанады.

Функцияны ажырату үшін "Multitab"

түймешігін қайта басыңыз. Соған сай

келетін шам өшеді.

Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай

болмаса, біздің берер кеңесіміз:

1. Шайғыш зат үлестіргішіне

шайғыш заттан салыңыз.

2. Шайғыш зат үлестіргішін

белсенді күйге көшіріңіз.

3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін

2-ші орынға қойыңыз.

• Шайғыш зат үлестіргішін тек

"Multitab" функциясы қосылулы

тұрған кезде ғана белсенді күйге

көшіруге/ажыратуға болады.

Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату

1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.

Машина параметрлерді орнату

күйінде тұруға тиіс.

2. B және C функция түймешіктерін

қатар басып ұстап тұрыңыз. A, B

және C функция түймешіктерінің

үстіндегі анықтағыш шамдар

жыпылықтай бастайды

3. В функция түймешігін басыңыз, А

және C функция түймешіктерінің

үстіндегі шамдар өшеді. В функция

түймешігінің үстіндегі анықтағыш

шам жыпылықтауын жалғастырады.

Сандық бейнебетте ағымдық

параметр пайда болады.

Шайғыш зат үлестіргіші

ажыратылған

Шайғыш зат үлестіргіші

қосылған


4. Параметрді өзгерту үшін В түймешігін

қайта басыңыз. Сандық бейнебетте

жаңа параметр пайда болады.

5. Операцияны ыдыс жуғыш

машинаның жадына енгізу үшін

құрылғыны өшіріңіз.

16  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Егер қайта жеке-жеке жуғыш

заттарды қолданатын жүйеге

көшкіңіз келсе, біздің берер

кеңесіміз:

1. Multitab функциясын ажыратып

қойыңыз.


2. Тұз бен шайғыш зат сауыттарын

қайтадан толтырыңыз.

3. Су кермектігінің ең жоғарғы

деңгейін орнатып, қалыпты жууға

арналған 1 бағдарламаны ыдыс-

аяқсыз орындаңыз.

4. Су кермектігінің параметрін

аймағыңыздағы су кермектігіне

сай орнатыңыз.

5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін

белгілеңіз.

Жуу программасын таңдау және бастау

Жуу бағдарламасы мен кідіртіп

бастау функциясын құрылғының

есігі сәл ашылыңқырап тұрғанда

таңдаңыз. Бағдарлама немесе

"кідіртіп бастау" функциясының кері

санағы, есік жабылғаннан кейін ғана

басталады. Бұған дейін орнатылған

параметрлерді өзгертіп үлгеруге

болады

1. Себеттердің дұрыс



толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш

түтіктердің еркін айналуына

ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін

тексеріңіз.

2. Су құбырының шүмегінің ашық

тұрғандығына көз жеткізіңіз.

3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін

басыңыз. Ыдыс жуғыш машина

параметрлерді орнату күйінде тұруға

тиіс.


4. Жуу бағдарламасын таңдаңыз('Жуу

бағдарламалары' кестесіне қараңыз).

Бағдарлама таңдалған соң соған сай

келетін шам жанады.

Есікті жабыңыз, бағдарлама

автоматты түрде басталады.

Бағдарламаға "кешіктіріп бастау"

функциясын қосып орнату және бастау

1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан

кейін, "кешіктіріп бастау" түймешігін

сандық бейнебетте бағдарламаны

кешеуілдету уақытының сандық мәні

жыпылықтай бастағанша басып

тұрыңыз.


2. Ыдыс жуғыш машинаның есігін

жабыңыз, кері санақ автоматты түрде

басталады. Сандық бейнебеттегі

уақыт мәні жанып-сөнуін тоқтатып,

енді тұрақты көрсетіліп тұрады.

3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп

отырады.

4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді.

Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған

жерінен әрі қарай жалғасады.

5. Кері санақ аяқталған соң бағдарлама

автоматты түрде басталады.

Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп

бастау функциясын, құрылғының

есігі жабық тұрғанда да таңдауға

болады.


Бағдарлама түймешігін басқаннан

кейін басқа бағдарламаны не

кешіктіріп бастау функциясын

таңдауға ТЕК 3 секунд ғана

уақытыңыз бар.

3 секундтан кейін таңдалған

бағдарлама автоматты түрде

басталады.

Назарыңызда болсын! Орындалып

тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса

қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз

не болдырмаңыз.

Назар аударыңыз! Есік ашылған

кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін.

Есікті абайлап ашыңыз.

Орындалып тұрған жуу бағдарламасын

тоқтату

• Машинаның есігін ашыңыз;



бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;

бағдарлама тоқтаған жерінен әрі

қарай жалғаса түседі.

• On/Off түймешігін басыңыз, барлық

анықтағыш шамдар өшеді. On/Off

түймешігін қайтадан басыңыз;

бағдарлама тоқтаған жерінен әрі

қарай жалғаса түседі.

electrolux  17

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Орындалып тұрған жуу бағдарламасын

немесе кері санақты болдырмау

• Болдырмау түймешігін барлық

бағдарлама шамдары жанғанша қатар

басып ұстап тұрыңыз.

• Кідіртіп бастау параметрін біржола

тоқтатсаңыз жуу бағдарламасы мен

параметрлер де(Multitab параметрінен

басқасы)біржола тоқтайды. Жуу

бағдарламасын қайта таңдаңыз.

• Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау

қажет болса, жуғыш зат сауытында

жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.

Жуу бағдарламасының соңы

• Ыдыс жуғыш машина автоматты түрде

тоқтайды.

• Жаңа ғана аяқталған бағдарламаның

шамы жанған қалпы тұрады.

• Сандық бейнебетте нөл пайда

болады.


1. Ыдыс жуғыш машинаны өшіріңіз.

2. Машинаның есігін ашыңыз да, ыдыс-

аяқтарды шығармас бұрын есікті

жартылай ашқан күйде бірнеше

минут күтіңіз. Осылайша ыдыс-

аяқтар суыңқырап, құрғату нәтижесі

де жақсара түседі.

Қуатты үнемдеу функциясы

орнатылса, бағдарлама аяқталған

соң ыдыстардың суы кеппей тұруы

мүмкін. Ыдыстар өздігінен кебу үшін

құрылғы есігін ашыңқырап қоюды

ұсынамыз.

Күте тұру режимі

Жуу бағдарламасы аяқталған соң

құрылғыны өшірмесеңіз, машина

автоматты түрде күте тұру режиміне

көшеді. Күте тұру режимі қуат шығынын

азайтады.

Бағдарлама аяқталған соң үш минут

өткен кезде барлық анықтағыш шамдар

өшеді де, сандық бейнебетте бір

көлденең сызық пайда болады.

Бағдарламаның соңы режиміне қайта

өту үшін түймешіктердің бірін (on/off

түймешігі емес) басыңыз.

Ыдыс жуу машинасын босату

• Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз

салмақтың әсерінен де сынып кетуі

мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты

жуғыштан шығармас бұрын, суытып

алу керек.

• Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан

соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз;

сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы

кәрзеңкеден су тамып кетпейді.

• Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға

қарағанда біртіндеп суып

басылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш

машинаның қабырғаларында және

есігінде су пайда болуы мүмкін.

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан

соң, ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты

көзінен ажыратып тастап, су

құбырының шүмегін жауып қоюға

қенес береміз.

Жуу программалар

Жуу бағдарламалары

Бағдарлама

Кірдің


ауқымы

Ыдысты


салу түрі

Бағдарлама

сипаттамасы

Қуатты үнемдеу

функциясы 

1)

 Auto



2)

Кез келген

Ыдыс-

аяқтар, ас



құралдары,

кәстрөлдер

мен табалар

Алдын ала шаю

45°C не 70°C дейінгі

негізгі жуу

1 не 2 рет аралық шаю

Соңғы шаю

Кептіру

Жуу


бағдарламасына

өз ықпалын

тигізеді.

18  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals


Бағдарлама

Кірдің


ауқымы

Ыдысты


салу түрі

Бағдарлама

сипаттамасы

Қуатты үнемдеу

функциясы 

1)

 Intensive



Аса

ластанған

Ыдыс-

аяқтар, ас



құралдары,

кәстрөлдер

мен табалар

Алдын ала шаю

Негізгі жуу, 70°C дейін

2 рет аралық шаю

Соңғы шаю

Кептіру


Жуу

бағдарламасына

өз ықпалын

тигізеді.

 Quick

3)

Қалыпты не



аздап

кірленген

Ыдыс-

аяқтар мен



ас

құралдары

Негізгі жуу, 60°C дейін

Соңғы шаю

Жуу

бағдарламасына



еш ықпал

тигізбейді.

 Eco

4)

Қалыпты



кірленген

Ыдыс-


аяқтар мен

ас

құралдары



Алдын ала шаю

Негізгі жуу, 50°C дейін

1 рет аралық шаю

Соңғы шаю

Кептіру

Жуу


бағдарламасына

өз ықпалын

тигізеді.

 One hour

Аз

кірленген



Ыдыс-

аяқтар мен

ас

құралдары



Негізгі жуу, 55°C дейін

1 рет аралық шаю

Соңғы шаю

Жуу


бағдарламасына

еш ықпал


тигізбейді.

 Rinse


Кез келген

Жартылай


толтыру

(кешке дейін

толтыруды

аяқтау үшін).

1 рет суық сумен шаю

(тамақ қалдықтары

жабысып қалмас үшін).

Бұл бағдарлама үшін

жуғыш заттан салу

қажет емес.

Жуу

бағдарламасына



еш ықпал

тигізбейді.

1) Қуатты үнемдеу функциясының ықпалы тиетін бағдарламаларда ғана қуат 10% пайыз бен

25% пайыз аралығында үнемделеді.

2) Автоматты жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда ыдыс-аяқтардың ластану деңгейі, судың

қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарлама ұзақтығы мен тұтынылатын

ресурстар шығыны өзгереді. Бұл ыдыстардың кір жуғыш машинаға толтыра салынған не

салынбағандығына және ыдыстардың қаншалықты кірлегендігіне байланысты. Құрылғы

негізгі жуу циклі кезінде судың температурасын автоматты түрде реттейді.

3) Бұл ыдыстарды машинаға толтыра салмай жууға бірден-бір сай келетін күнделікті

бағдарлама. 4 адамнан тұратын, тек таңғы және кешкі ас ыдыстары мен ас құралдарын

жуғысы келетін жанұяға арналған тамаша бағдарлама.

4) Сынақ өткізетін мекемелерге арналған сынақ бағдарламасы.

Тұтыну параметрлері

Бағдарлама

Ұзақтығы (минут) 

1)

Қуат (кВт/с)



Су (литр)

Auto


-

0,8 - 1,3

10 - 19

Intensive



-

1,6 - 1,8

19 - 21

Quick


-

0,8


8

Eco


-

0,8 - 0,9

12 - 13

One hour


-

0,8 - 0,9

10 - 11

Rinse


-

0,1


3,5

1) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады.

Судың қысымы мен температурасы,

электр қуатының ауытқып берілуі

мен ыдыстардың саны бұл мәндерді

өзгертуі мүмкін.

electrolux  19

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Күту менен тазалау

Сүзгіштерді тазалау

Сүзгілерді ара-тұра тексеріп және

тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер

жуу нәтижесін нашарлатады.

Назарыңызда болсын! Сүзгілерді

тазалауға кіріспес бұрын,

машинаның ажыратылып

тұрғандығына көз жеткізіңіз.

1. Есікті ашып, төменгі кәрзеңкені

шығарып алыңыз.

2. Ыдыс-аяқ жуғыштың сүзу жүйесі ірі

көз сүзгіден ( A ), микро-сүзгіден( B )

және тегіс сүзгіден тұрады. Сүзгі

жүйесін микро-сүзгінің үстінде

орналасқан тұтқаның көмегімен

ашыңыз.

3. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4



бұрыңыз және сүзгілер жүйесін

шығарып алыңыз.

4. Ірі көз сүзгіні( A ) тесігі бар

ұстағыштан ұстап, микро-сүзгіден

( B ) шығарып алыңыз.

5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан суға

ұстап тұрып мұқият тазалаңыз.

6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп жағынан

шығарып алып, екі жағын да

жақсылап жуыңыз.

7. Тегіс сүзгішті қайтадан жуу бөлімінің

түбіндегі орнына орналастырыңыз

және оның өз орнына дұрыс

орналасқанына көз жеткізіңіз.

8. Ірі көз сүзгіні( A ) микро-сүзгінің ( B )

ішіне салып, екеуін бірге басыңыз.

9. Құрама сүзгіштерді әдепкі орнына

орналастырып, ұстағышын сағат

бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз.

Осы үрдіс барысында тегіс сүзгінің

жуу бөлімінің үстінен салбырап

қалмасына көз жеткізіңіз.

Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз

ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер

сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу

нәтижелері қанағаттанғысыз болып,

нәтижесінде машинаға нұқсан келуі

мүмкін.


Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып

тастауға әрекет жасамаңыз.

Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп

қалса, жіңішке шырпымен

тазалаңыз.

Сыртын тазалау

Машинаның сыртын және басқару

панелін дымқыл жұмсақ матамен

тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал

жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты

тегіс емес сызаттандыратын заттарды,

түрпілі тазалағыштарды немесе

еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен,

т.с.с.) пайдаланбаңыз.

20  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Ішін тазалау

Есік айналасындағы тығыздағыштарды,

жуғыш және шайғыш зат сауыттарын

мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап

тұрыңыз.

Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып,

аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға

арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-

аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет