Масса бойынша мөлшерлеу негізгі әдіс болып табылады. Ол көлем бойынша мөлшерлеуге қарағанда анағұрлым дәлірек болып келеді. Әдетте қол және дәріханалық таразымен өлшейді. Жұмыс бастау алдында таразы тостағаншасын этанол және эфирге малынған мақтамен сүртеді.
Көлемі бйынша мөлшерлеу дәлдігі төмен, бірақ өнімділігі жоғары болып келеді. Бұл кезде дозатор мысалы ДПР-2 қолданылады. Ол дозасы 0,1-2г дейінгі себілгіш дәрілік затты өлшеуге арналған көлемдік дозатор болып табылады. ДПР-2 толық цилиндр корпусы бар, қимылдағыш штокі бар. Жұмыс істеу принципі осы ұнтаққа дозатор ұштарын енгізу кезіндегі , ұнтақтарды рәсімдейтін басқару бөлігі арқылы жұмыс істейді.