Ұнтақтар. Қарапайым және күрделі ұнтақтарды дайындау



бет1/3
Дата07.01.2023
өлшемі11,36 Kb.
#60579
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Ұнтақтар. Қарапайым және күрделі ұнтақтарды дайындау-melimde.com


Ұнтақтар. Қарапайым және күрделі ұнтақтарды дайындау

Ұнтақтар. Қарапайым және күрделі ұнтақтарды дайындау.


Фармацевтикалық технология кафедрасы
Лектор: Койлыбаева М.К.
Алматы, 2022

Ұнтақтар - Pulveres

Ұнтақтар -ішке және сыртка колданылатын, бір немесе

бірнеше ұсақталған заттардан тұратын және себілгіш

касиеті бар қатты дәрілік қалып.

Артықшылықтары:


  • дозалану дәлдігі - бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді;

  • беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың фармакологиялық белсенділігі жоғары;

  • қолдануға ыңғайлы, яғни, балаларға қолдануға мүмкіндік береді;

  • ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;

  • технологиясының қарапайымдылығы;

  • сактау мерзімі ұзақ;

  • тасымалдау ыңғайлылығы.

Кемшіліктері


  • ұнтақтар кұрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;

  • ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану колайсыз;

  • ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялы болса, көгеруге бейім болады;

  • ұшқыш заттардың буларын ұнтактар өз бойына сіңіріп, иісі өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік қалыптың сактау ережелерін қатаң орындау қажет.

Ұнтақтардың жіктелуі

Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:

  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет