Ұсақ және орташа ұнтақтауға мыжатын, ұрғылайтын және ұрғылау-ысқылау машиналарының қайсысы қолданылады? Олардық жұмыс принципі қандай?
Ұнтақтау дегеніміз қатты заттар бөлшектерінің өлшемдерін механикалық әсер ету арқылы төмендету.
Ұнтақтау: -Заттарды еріту, сығындау және т.б. процесстердің жылдамдығын қамтамасыз ету үшін көмекші операция болып келеді.
-Таблеткалар, ұнтақтар және т.б. өндірісінде негізгі (басты) операция болып табылады. Бұл процесстің негізгі сипаттамы – дисперстік дәрежесі.
Түрлері:
Ұнтақтау тәсілі бойынша – кескіш, ысқылағыш, езгіш, соққыш және т.б. машиналар;
Ұнтақтау дәрежесі бойынша – орташа және майда, ұсақ және өте ұсақ (коллоидті) ұнтақтайтын диірмендер;
Жұмыс инструменті бойынша – дисклі, шарлы, роторлы және т.б. машиналар.
Орташа және майда ұнтақтайтын машиналар
Шөп кескіштер: дисклі және барабанды.
Гильотинді пышақтары бар тамыр кескіштер.
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар Корпусы айналмалы барабанды диірмендер. Жұмыс инструменты бойынша олар шарлы және стерженьді болады.
Дәрілік қалып ретінде таблеткалардың анықтамасы .Таблеткаларға қойылатын талаптар. Таблеткалардың дозалау дәлдігі, механикалық беріктігі және қажетті ыдырағыштығына қалай қол жеткізіледі?
Таблеткалар (лат. Tabulettae) - құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар ұнтақтар мен түйіршіктерді басу немесе сығымдау арқылы алынған немесе арнайы массаларды қалыптау арқылы алынған қатты дәрілік форма.Таблеткалар - ішкі, сыртқы, сублингвальды, парентералды қолдануға арналған болып бөлінеді.
Таблеткалар дәрілік түр ретінде келесі үш негізгі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Дәл дозалануы, мұны таблетканың өз салмағының дүрыстығы және оның қүрамына кіретін дәрілік затгардың салмағының дүрыстығы деп түсіну керек.
Таблеттелетін массаны дозалау өте күрделі процесс болып табылады. Дәл дозалау көптеген жагдайларга байланысты. Дозалау дэл болу үшін таблеттеу процессі кезінде матрицага таблеттелетін массаның қатаң белгілі мөлшері түсіп отыруы керек. Бұл, ең алдымен, матрица көлемінің тұракты болуына байланысты, баскаша айтқанда, төменгі пуансонның орналасу қалпына байланысты. Төменгі пуансонды төмен түсіру немесе жоғары көтеру арқылы салмагы эртүрлі таблеткалар алуға болады. Сондықтан, төменгі пуансон қатаң қажетті жагдайда тұруы керек.
2) Механикалық беріктігі - таблеткалар үгітіліп кетпеуі жэне беріктігі жеткілікті болуы керек;
Таблеткалардың механикалық беріктігі таблетгелетін заттардың физико-химиялық жэне технологиялык қасиеттеріне байланысты, сонымен қатар қолданылган қысымға да байланысты. Таблетка қүрамына кіретін эрбір дәрілік заттардың әрқайсысынын престелушілік дәрежесі әртүрлі болады. Престеу қысымын үлгайту таблетканың механикалық беріктігін ұлгайтады. Бірақ, таблетканың үлкен беріктігі оның ыдырағыштығына эсер етеді. Сондықтан, дэрілік заттардың әрқайсысына престеу қысымы жеке анықталуы керек. Таблетканың беріктігіне ылгалдылық та эсер етеді. Түйіршіктердің ылгалдылығының төмендеп немесе өте жогарылап кетуі таблетканың беріктігінің төмендеуіне экеліп соғады.
3) Ыдырағыштық- таблетканың белгілі мерзімдер аралығында ыдырау немесе еру қабілеті.
Таблетканың ыдырағыштыгы көп себептерге байланысты:
а) байланыстырғыш затгардың мөлшеріне,
б) престеу дэрежесіне.
в) ыдыратқыш заттардың мөлшеріне,
г) таблетка қүрамына кіретін заттардың қасиеттеріне.
Әсіресе, байланыстыргыш және ыдыратқыш заттарды іріктеп алудың маңызы өте зор.