АБ-1 - негіздік (борсыз ампулалық) шыны, одан майлы ерітінділерді құюға арналған ампулалар дайындайды.
ХТ-1 - шприцтер, қан, инфузиялық, трансфузиялық препараттарды сақтауға арналған бөтелкелер жасауға қолданылатын шыны.
МТО - банкалар, сауыттар, ауруларды күту бұйымдарын жасауға арналған медициналық түссіз таралық шыны.
ОС, ОС-1- банкалар мен кұтылар дайындалатын қызғылтсары түсті таралық шыны.
НС-2, НС-2а - бейтарап шыны, қан, трансфузиялық және инфузиялық ерітінділер құюға арналған құтылар және аэрозольдік баллондар жасауға қолданылады.
НС-1 маркалы шыны ең төзімді (тұрақты) шыны болып табылады, себебі оның құрамына В2Оз (бор тотығы) көп мөлшері және Na2О (натрий тотыгы) аз мөлшері кіреді
Ампулалық шынылардың сапасын қандай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Химиялықжәнетермиялықтұрақтылығынқалайанықтайды?
Шынының ең маңызды қасиеті — оның химиялық төзімділігі болып табылады. Химиялық төзімділік шынының агрессивтік орталардың әсеріне қарсы беріктігін сипаттайды. Шыныға әртүрлі химиялық агенттер оның құрам бөліктерін еріте және коррозияга ұшырата әсер етеді. Шыныға эсер етуші ең зиянды заттардың бірі - су болып табылады, ол силикаттарды негіздерге айналдырып жібереді. Шынының жоғарғы қабаты әрқашан сілтілік және сілтілік- жер металдардың иондарына толы болады. Сондықтан натрий ионы бөлме температурасының өзінде-ақ басқа иондарға ауыса алады. Шыныға қышқыл ерітінділер әсер еткенде, сілті бейтараптанады. Егер ерітіндінің рН=3,0 тең және одан төмен болғанда (қышқыл орта), онда шыны бетінде сілті бөліну сутегі иондары концентрациясының өзгеруінсіз жүреді. Егер шыныға pH ортасы 3,0-тен жоғары және су әсер етсе, онда pH қатты көтеріліп кетеді. Осы кезде шыны бетінде кремний гиодрототығынан түзілген, шынының сілтілік-жер металдарымен байытылған пленканың пайда болуы байқалады. Сілті бөліну нәтижесінде таза кремнезем пайда болады, ол өте майда қоспа түрінде ерітіндіде қалқып жүреді және ерітіндіні ластайды, организмге зиянды эсер етеді. Ал шыныға негіздік ерітінділер әсер еткенде Si-O-Si байланысы үзіліп кетеді және натрий силикаты Si-O-Na түзіледі, мұнда да пленка пайда болуы байқалады.
Шыны сапасын бағалау кезінде оның химиялық және термиялық төзімділігін аныктайды.