Нуржігіт Алтынбеков
151
тәрізді микобактериялар жиналған ірі май тамшылары бар ерекше жасушалар
болады. Бұл жасушалар лепромаға тән;
Вирховтың алапестік жасушалары
деп
аталады (74-сурет). Олар ыдыраған кезде босаған микобактериялар лепромалық
жасушалардың арасында еркін жайғасады. Микобактериялар өте көп болады.
Лепромалар көбіне бірігіп, қан тамырлары жақсы қалыптасқан алапестік
грануляциялық тінге айналады.
74-сурет. Алапес:
а — алапестің лепромалы нысанындағы лепрома; б — алапестік түйіндегі
микобактериялар; в —Вирховтың алапестік жасушасы. Микобактериялар (Бак) шоғырланған жасушадағы
лизосомалар (Лз); митохондриялары (М) зақымдалған. Электронграмма. 25 000 (Давидтен).
Склеромалық гранулеманы
плазмалы жасушалар мен эпителиоид жасушалар
және лимфоциттер түзеді. Оның құрамында гиалин шарлары көп. Склероманың
даму барысында, оның гранулемасына тән цитоплазмасы ашық түсті ірі
макрофагтар, яғни
Микулич жасушалары
пайда болады. Бұл жасушалардың
цитоплазмасынан осы аурудың қоздырушысы – Волкович-Фриш таяқшалары
анықталады (75-сурет). Грануляциялық тінде, әдетте айтарлықтай дәрежеде
склероз бен гиалиноз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: