Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет169/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   832
Байланысты:
струков патан

морфологиялық бейнесі
тұрғысынан, үш түрге 
бөлінеді: 1) макрофагтық гранулема (жай гранулема, фагоцитома); 2) 
эпителиоид-жасушалы гранулема (эпителиоцитома); 3) алып-жасушалы 
гранулема. 
Метаболизмнің дейгейіне қарай, гранулемалар зат алмасу қарқыны төмен 
деңгейлі және жоғары деңгейлі түрлерге бөлінеді. 
Зат алмасу қарқыны төмен 
деңгейлі
гранулема
инертті заттардың (инертті бөгде денелер) әсерінен дамып, 
негізінен бөгде денелік алып жасушалардан қалыптасады. 
Зат алмасу қарқыны 
жоғары деңгейлі гранулема
улы тітіркендіргіштердің (туберкулез бен алапес 
микобактериясы, т.б.) әсерінен түзіліп, түйіншегі эпителиоид-жасушалы 
болады. 
Этиологиясы
. Гранулемалы қабынудың (гранулематоз) себептері әр текті. 
Гранулеманың инфекциялық, бейинфекциялық және даму тегі анықталмаған 
түрлері бар. 
Инфекциялық
гранулемалар
бөртпе сүзек, іш сүзегі, ревматизм, 
құтыру, вирустық энцефалит, туляремия, бруцеллез, туберкулез, мерез, алапес, 
склерома кезінде байқалады. 
Бейинфекциялық
гранулемалардың
қалыптасуына 
тозаңдық аурулар (силикоз, талькоз, асбестоз, биссиноз, т.б), дәрі-дәрмектер 


Нуржігіт Алтынбеков 
150
(гранулемалы гепатит, олеогранулемалы ауру) себеп болады. Гранулема бөгде 
денелерді қоршап та түзіледі. Даму тегі анықталмаған гранулемалар тобына 
саркоидоз, Крон және Хортон аурулары, Вегенер гранулематозы, т.б. да 
гранулемалар жатады. Этиологиясын негізге ала отырып, қазір 
гранулемалы
аурулар
(
гранулематоздар
) тобы жеке топ деп танылған. 
Патогенезі
әр қилы. Гранулеманың қалыптасуының екі шарты бар: бірі – 
моноциттік фагоциттерді жандандырып, жетілтіп, макрофагқа түрленуін 
қамтамасыз ететін зат қажет; екіншісі, тітіркендіргіш фагоциттің әсеріне төзімді 
болуы керек. Бұл шартқа иммундық жүйе әр қилы жауап беруі мүмкін. Кейде 
эпителиоидтық және алып жасушалардың фагоциттік белсенділігі, яғни 
фагоцитозы, төмен гранулемада, фагоцитоз эндоцитобиоз арқылы жүзеге асып, 
гиперсезімталдық жауаптың баяу типі (ГБТ) орын алады. Ондайда, әдетте 
иммундық гранулема
қалыптасып, оның морфологиялық негізін эпителиоид 
жасушалар мен Пирогов-Лангханстың алып жасушалары құрайды. Енді бірде, 
фагоцитоз айтарлықтай болып, 
бейиммундық гранулема
түзіліп, құрылымдық 
негізін фагоцитома қалайды, кейде бөгде денелік алып жасушалардан түзілген, 
алып жасушалы гранулема құрайды.
Сондай-ақ, гранулемалар спецификалық және бейспецификалық түрлерге 
жіктеледі. 
Спецификалық
деп 
морфологиялық 
бейнесі 
гистобактериоскопиялық тәсілмен зерттегенде анықталған белгілі бір 
қоздырушының әсеріне тән гранулема аталады. Спецификалық гранулемалар 
тобына (бұрын спецификалық қабынудың негізі деп есептелетін) туберкулездік, 
мерездік, алапестік және склеромалық гранулемалар жатады. 
Туберкулездік гранулеманың
құрамы мынадай: орталығында казеозды некроз 
ошағы, шетін макрофагтар мен плазмалы жасушалар араласқан эпителиоид 
жасушалар және лимфоциттер жолағы шектейді. Эпителиоид жасушалар мен 
лимфоциттердің арасында туберкулездік гранулемаға ғана тән Пирогов-
Ланхганстың алып жасушалары жайғасады (71,72-суреттер). Күміс тұзының 
ерітіндісімен өңдегенде гранулема жасушаларының арасынан аргирофилді 
талшықтар айшықталады. Қан капиллярлары гранулеманың шет жағында ғана 
көп болады. Циль-Нильсен тәсілін қолданғанда алып жасушалардан туберкулез 
микобактериясы табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет