Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет190/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
169
тінге ұқсас тін, жасушалардың көбеюі арқылы жайлап, толтыруы ықтимал. 
Шала регенерацияда
, яғни 
субституцияда
, ақаудың орнын дәнекер тіндік 
тыртық басады. Субституция регенерацияның жасушаішілік нысаны басым 
немесе ол жасушалық регенерациямен үйлесімде жүретін мүшелер мен тіндерге 
тән. Регенерацияда арнаулы қызмет атқаратын құрылымдар қалпына 
келетіндіктен, шала регенерацияның негізгі мәні – ақаудың орнын тыртықтық 
тіннің басуында емес, арнаулы қызмет атқаратын зақымдалмай сақталған 
элементтері көбейетін 
компенсациялық гиперплазияда
, яғни сол элементтердің 
көлемінің ұлғаюы – 
гипертрофияда

Сөйтіп, 
шала регенерация
кезінде ақаудың орнын тыртық басып, оның 
төңірегінде гипертрофия дамиды. Бұл гипертрофия зақымдалған тіннің орнын 
толтыруға бағытталған, сондықтан 
регенерациялық гипертрофия
деп аталады; 
оның негізгі биологиялық мәні – регенерация. Регенерациялық гипертрофия екі 
жолмен – жасушалардың гиперплазиясы немесе жасуша ультрақұрылымының 
гиперплазиясы мен гипертрофиясы, яғни жасушаның гипертрофиясы арқылы 
жүзеге асады. 
Бауыр, бүйрек, ұйқы безі, бүйрекүсті безі, өкпе, талақ және басқа мүшелердің 
регенерациялық гипертрофиясы кезінде мүшелердің массасы мен қызметі 
негізінен 
жасушалар гиперплазиясы
арқылы қалпына келеді. Регенерацияның 
жасушаішілік нысаны басым жүрек, ми сияқты мүшелерде регенерациялық 
гипертрофия 
жасушаның ультрақұрылымдарының гиперплазиясы
арқылы іске 
асады. Мысалы, инфарктінің орнын басқан тыртықтың айналасындағы 
бұлшықет талшықтары жасушаішілік элементтері көбейіп барып, едәуір 
ұлғаяды (81-сурет). Регенерацияның осы екі жолы бірін екіншісі шектемей
керісінше, көбіне 
құрмалас
жүреді. Айталық, бауырдың регенерациялық 
гипертрофиясы кезінде зақымдалмаған жасушалардың ультрақұрылымдарымен 
қоса, жасушалардың өздері де көбейеді. Жүрек бұлшықетінің регенерациялық 
гипертрофиясында бұлшықет талшықтары ғана ұлғайып қоймай, олардың 
құрамындағы бұлшықет жасушалары да көбеюі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет