Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет198/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   832
Байланысты:
струков патан

регенарациялық
 
гипертрофия
арқылы жаңғырады, яғни 
зақымдалған жерге дәнекер тін өсіп, оның жан-жағындағы паренхиманың 
жасушалары көбейіп, ұлғаяды. 
Бауырдың
зақымды жерін әрдайым дәнекер тін 
жайлағанмен, 
оның 
басқа 
жерлеріндегі 
жасушалар 
алдымен 
ультрақұрылымдары көбею арқылы ұлғайып барып, жаңа жасушалар түзеді. 
Нәтижесінде, бауырдың массасы мен қызметі тез арада бұрынғы қалпына 
келеді. Бауырдың регенерациялық мүмкіндігі шексіз деуге болады. Регенерация 
үдерісі 
ұйқы безінің
сыртқы секрециялық бөлімінде де, ішкі секрециялық 
ұяларында да айқын бейнелі; ұяшықтың жаңғыруын экзокриндік бездің 
эпителийі қамтамасыз етеді. 
Бүйректе
эпителийі жойылған өзекшелер тек 
өзекшенің базал мембранасы сақталғанда ғана, зақымдалмаған жасушалардың 
көбеюі арқылы қалпына келеді. Егер базал мембрана жойылса (тубулорексис), 
эпителий қалпына келе алмайды және өзекшенің орнын дәнекер тін басады. 
Өзекшемен қоса, бүйректің тамырлы шумақшалары жойылса да, өзекшелік 
эпителий жаңғыра алмайды. Ондайда жойылған нефронның орнын тыртық 
жайлап, төңірегіндегі зақымдалған нефронда регенерациялық гипертрофия 
байқалады. 
Ішкі секреция бездерінің
 
регенерациясы
 
да, әдетте шала 
регенерация. 
Өкпенің
 
бір бөлімін алып тастағанда, оның қалған бөлімі ұлғайып; 
тіндік элементтері көбейеді. Арнаулы эпителийдің регенерациясы атипиялы 
болса, оны дәнекер тін жайлап, қалыпты құрылысы өзгеріп, пішіні бұзылып, 
цирроз
дамиды (бауыр циррозы, нефроцирроз, пневмоцирроз). 
Жүйкелік жүйенің әр бөлімінде регенерация
әртүрлі жүреді. 
Ми 
мен
 
жұлынның
ганглийлық жасушалары көбейіп жаңара алмайды, сондықтан 
жойылған жасушалардың қызметі тек басқа жасушалардың жасушаішілік 
регенерациясы арқылы ғана қайта қалпына келе алады. Невроглияға, әсіресе 
микроглияға жасушалық регенерация тән болғандықтан, ми мен жұлын тінінің 
ақауын, әдетте невроглиялық жасушалар көбейіп, толтырады да, 
глиялық 
(глиоздық)
деп аталатын 
тыртық
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет