Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет240/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
208
ядролары гиперхромды болады; бүйректі түгел жайлап, гематогендік 
метастаздар береді. 
Нефробластома (эмбриондық нефрома, бүйректің эмбриондық карциномасы, 
Вильмс ісігі)
қатерлі ісік; көбіне балаларда кездеседі. («
Балалық шақ 
ауруларын
» 
қара
). 
Сүт безі 
Сүт безінің ісіктері алуан түрлі болады да, көбіне дисгормондық қатерсіз 
дисплазиялардың желеуінде дамиды.
Сүт безінің қатерсіз ісігіне 
фиброаденома
жатады; құрылымы талшықты
қатты, қабықпен айқын шектелген ісік. Оның микроскоптық құрылымынан 
альвеолалар мен бөлікшелік өзекшелермен қатар, бөлікшелік дәнекер тіннің де 
көбейетіні байқалады. Дәнекер тін бөлікшелік өзекшелерді қоршай өссе
периканаликулалық фиброаденома
(108-сурет) деп аталады: ал қабырғаларына 
қарай 
өссе, 
өзекшелер 
таңғажайып 
түрленіп, 
интраканаликулалық 
фиброаденома
(108-суретті қара) қалыптасады. Сүт безінде сирек кездесетін 
ісік – 
табақша тәрізді (филлоидты
) ісік. 
108-сурет. Сүт безінің фиброаденомасы:
а — периканаликулалық; б — интраканаликулалық.
 
Емшек 
безінің 
карциномасына: 
инфильтрациясыз 
бөлікшелік 
пен 
өзекшеішілік карцинома және Педжет ауруы жатады. 
Инфильтрациясыз бөлікшелік карциноманың
(бөлікшелік «орнындағы 
карцинома»)
біразы түрлі себеппен алып тастаған емшек тінін зерттегенде ғана 
анықталады. Ісік мультицентрлі дамып, оның 
солидты
және 
безді
варианттары 
болады (109-сурет). Ол өзгермеген бөлікшелерден немесе дисгормондық 
қатерсіз диспазиялардан туындайды; кейін карциноманың инвазиялы түріне 
ұласады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет