Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет236/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   832
Байланысты:
струков патан

103-сурет. Орынындағы карцинома (
carcinoma
 
in situ
). 
Жайпақ жасушалы (эпидермалық) карцинома
теріде, жайпақ және өтпелі 
эпителиймен жабылған кілегейлі қабықшаларда дамиды (ауыз қуысы, өңеш, 
жатыр мойны, қынап, т.б. жерлерде). Призмалық эпителиймен астарланған 
кілегейлі қабықшаларда жайпақ жасушалы карцинома, эпителийдің 
метаплазиясынан кейін дамиды. Ісіктің астындағы тінді бұзып, ұялар түзетін 


Нуржігіт Алтынбеков 
205
атипиялы эпителий тізбектерінен құрылады. Ісік жасушасының қасаңдануға 
қабілеті жойылмаса, інжуге ұқсас құрылымдар түзіледі (
рак інжуі
). 
Жасушаларының толысуы төмен деңгейдегі карцинома қасаңданбайды. Осы 
қасиетінің сақталу-сақталмауына қарай, жайпақ жасушалық 
карцинома
қасаңданған
және 
қасаңданбаған
болып жіктеледі. Жайпақ жасушалы рак – 
толысқан рактың бір түрі (104,105-суреттер). 
104-сурет. Жайпақ жасушалы қасаңданған карцинома. 
105-сурет. Жайпақ жасушалы қасаңданбаған карцинома. 
Аденокарцинома (безді карцинома)
кілегейлі қабықшалардың призмалық 
эпителийі мен бездердің эпителийінен дамиды. Сондықтан ол кілегейлі 
қабықшалар мен безді мүшелерде кездеседі. Аденогендік ісіктің құрылысы 
аденомаға ұқсайды, бірақ ол аденома емес, аденокарциномадағы эпителий 
жасушаларынан атипизм байқалып, олардың пішіні әртүрлі, ядролары 
гиперхромды болады. Базал мембранасы жойылған ісіктік жасушалар 
айналасындағы тіндерді бұзып, оларға жайылып, безді құрылымдар 
қалыптастырады. Аденокарциноманың: құрамында ацинустық құрылым басым 
– 
ацинустық
; түтікті құрылым басым – 
тубулалық
; атипиялы бүрлі өсінділері 
бар – 
бүрлі
деп аталатын 
варианттарға
жіктеледі. Аденокарциноманың толысу 
дәрежесі әртүрлі болады. 
Кілегейлі 
(коллоидты) 
карцинома
– 
жасушаларында 
атипизмнің 
морфологиялық та, қызметтік те (кілегей түзуі бұрмаланған) нышандары бар 
аденогендік карцинома. Карцинома жасушалары кілегейлі (жалқаяқты) орасан 
мол өндіріп, өздері сол жалқаяқта жойылады. Ісік жалқаяқ немесе коллоид 
тәрізді болады да, микроскоппен оның құрамынан атипиялық жасушалар 
табылады (106-сурет). Кілегейлі (
коллоидты
) карцинома – карциноманың 
толыспаған нысанының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет