Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет524/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   832
Ұйқы безі 
Ұйқы безі
ұяшықтарының инкреторлық қызметі оларды 
құрайтын 
жасушалардың қызметі нашарлап немесе артқандықтан бұзылады. Көбіне β-
жасушалардың қызметі нашарлап, 
қантты диабет
дамыса, кейде β-
жасушалардан аденома (β-инсулома) өсіп, гипогликемиялық синдром 
байқалады. Без ұяшықтарының G-жасушаларынан аденома (синонимдері: G-
инсулома, гастринома, ульцергенді аденома) қалыптасса, өзіндік ерекшеліктері 
бар 
Эллисон-Золлингер синдромы
дамиды (асқазанның кілегейлі қабықшасында 
ойық жаралар пайда болып, асқазан сөлі көбейіп, іш өтеді). 
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ 
Қантты диабет
(қантты ауру
;
 
қазақша: сусамыр
)
— 
инсулин қажетті 
мөлшерден кем немесе мүлде жеткіліксіз болғанда дамитын ауру. 
Классификациясы
. Қантты диабеттің бірнеше түрі бар. Ол спонтандық, 
салдарлық, жүктілік және латентті (субклиникалық) диабетке бөлінеді. 
Спонтандық диабеттің инсулинтәуелді І типі және инсулинтәуелсіз II типі бар. 
Салдарлық диабет ұйқы безінің ауруларынан (панкреопривтік), эндокриндік 


Нуржігіт Алтынбеков 
425
аурулардан (акромегалия, Иценко-Кушинг синдромы, феохромоцитома), 
күрделі генетикалық синдромдардан (Луи-Бардың атаксия-телеангиэктазиясы, 
миотониялық дистрофия, т.с.с.) және бірқатар дәрі-дәрмектердің әсерінен (дәрі-
дәрмектік диабет) туындайды. Жүктілік диабеті деп глюкозаға толеранттылық 
жүкті кезде өзгере бастаған ауру аталса, латентті (субклиникалық) диабет деп 
глюкозаға толеранттылық дені сау тәрізді адамдарда өзгергендегі диабет 
аталады. Спонтандық диабет қана дербес ауру. 
Қантты диабеттің дамуына қатысты 
этиологиялық
және 
патогенездік
факторлар (қауіпті факторлар) екі топқа бөлінеді: 1) β-жасушалардың қызметі 
мен санын өзгертетін генетикалық факторлардың әсерінен инсулин аз түзіліп, 
проинсулиннің инсулинге айналу үдерісі бұзылып, аномальды инсулин пайда 
болады; 2) β-жасушалардың құрылысы мен қызметін зақымдайтын сыртқы 
ортадағы факторлар (вирустар, аутоиммундық үдерістер; семіртетін тағамдарды 
ішу, жүйке жүйесінің адренергиялық әсерінің артуы). 
Спонтандық диабеттің әр типінің даму қаупін туғызатын факторлар әр текті 
(13-кесте). 
Диабеттің І типімен
көбіне жас адамдар сырқаттанады (
ювенильдік, 
яғни жасөспірімдер диабеті
). Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет