Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет520/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қалқанша без 
Қалқанша безде
дамитын патологиялық үдерістердің ішінде ең жиілері — 
жемсау (струма), тиреоидит және ісіктер. Бұл аурулардың даму барысында 
гипертиреоидизм
(
тиреотоксикоз
) немесе 
гипотиреоидизм
(
микседема

байқалады. 
Жемсау (струма
)
.) — қалқанша бездің патологиялық үдерістен ұлғаюы. 


Нуржігіт Алтынбеков 
422
Бұл аурудың 
классификациясында
, оның морфологиялық нышандары мен 
эпидемиологиясы, даму себептері, функциялық және клиникалық ерекшеліктері 
ескерілген. 
Жемсаудың 
морфологиялық нышандарын
ескере отырып, яғни сыртқы 
кескініне қарай, ол 
диффузды

түйінді
және 
диффузды түйінді
, ал 
гистологиялық құрылысы тұрғысынан, — 
коллоидты
және 
паренхималық
нысандарға жіктеледі. 
Коллоидты жемсауды
ішіне коллоид жиналған түрлі көлемді фолликулдар 
құрайды. Фолликулдар кейде эпителийі жұқарып, кеңіп, ірі болса 
(
макрофолликулды
коллоидты жемсау), енді бірде — ұсақ (
микрофолликулды
коллоидты жемсау), ал тағы бірде, — ірілі-ұсақты болады (
макро-
микрофолликулды 
коллоидты жемсау). Коллоидты жемсаудағы эпителий кейде 
өсіп, бүрлер түзеді (пролиферациялы коллоидты жемсау). Уақыт өте келе
жемсаудың тінінде қанайналымы бұзылып, некрозды және ізбесті ошақтар 
қалыптасады, дәнекер тін өсіп, сүйек тіні де пайда болуы мүмкін. Коллоидты 
жемсау көбіне түйінді келеді, кескенде қатты. 
Паренхималық жемсау
коллоидсыз немесе шамалы коллоидты фолликул 
тәрізді және ұсақ солидтық құрылымдар түзеді. Оның тіні бозғылттау қызыл
біртекті, етті болады. Әдетте, коллоидты және паренхималы құрылымдар бірге 
өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет