Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Гликопротеидтер алмасуы бұзылатын көмірсулы дистрофиялар



Pdf көрінісі
бет63/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   832
Байланысты:
струков патан

Гликопротеидтер алмасуы бұзылатын көмірсулы дистрофиялар 
Гликопротеидтер алмасуы бұзылғанда жасушаларда да, жасушааралық 
заттарда да, шырышты немесе шырыш тәрізді заттар деп те аталатын муциндер 
мен мукоидтар жиналады. Осыған байланысты гликопротеидтер алмасуының 
бұзылуын 
шырышты дистрофия
деп атайды. 
Микробейнесі
. Микроскоппен қарағанда шырыш түзілуі үдеп қана қоймай
шырыштың физикалық және химиялық қасиеттері өзгергендігі байқалады. 
Көптеген секрет түзетін жасушалар тіршілігін жойып, сыдырылып 
(десквамация), бездердің өзектері шырышпен бітеліп (обструкция), олардың 
саңылауы кеңіп, шектелген қуыстар – кисталар (
жылауық
) пайда болады. Біраз 
жағдайда қабыну үдерісі косарланады. Бронхылардың саңылауы шырышпен 
бітелген жерлерде альвеолалар қабысып (ателектаз), ошақты пневмония 
дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
64
Кейде безді құрылымдарға шын шырыш емес, шырыштәрізді зат 
(
псевдомуцин
) жиналады. Ол біртіндеп тығыздалып, коллиоидқа айналуы 
мүмкін. Ондай үдеріс 
коллоидты дистрофия
деп аталады; коллоидты жемсауда 
кездеседі. 
Даму себебі
әртүрлі. Көбіне әртүрлі патогенді әсерден тітіркеніп қабынған 
кілегейлі қабықшада байқалады («
Қатарлы қабынуды
» қара). 
Шырышты дистрофия 
муковисцидоз
деп аталып жүрген тұқымқуалайтын 
жүйелік аурудың негізін қалайды. Бездердің эпителийі бөлетін шырыштың 
сапасы өзгереді; ол қойылып, тым жабысқақ болғандықтан, шығарылуы 
қиындап, ретенциялық киста және склероз (
кисталы фиброз
) дамиды. Бұл ауру 
ұйқы безінің экзокриндік аппаратын, бронхылар тармақтарының, асқорыту 
және зәр шығару, өт жолдарының бездерін, тер мен көз жасы бездерін 
зақымдайды («
Перинаталдық патологияда
» толығырақ). 
Ақыры
шырыштың түзілу қарқыны мен мерзіміне байланысты. Кейде 
эпителийі жаңғырған (регенерация) кілегейлі қабықша толық қалпына келсе, 
енді бірде, кілегейлі қабықша семіп (атрофия), дәнекер тін өсіп (склероз), 
мүшенің қызметіне кеселді әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет