Нуржігіт Алтынбеков
70
Фибриллалы
белоктар
өзіндік
ультрамикроскопиялық
сипаты
бар
фибриллалардан
(талшықтардан)
түзіледі.
Амилоидтың
құрамындағы
талшықты белоктардың құрамы біртекті емес.
Белоктың амилоидоз нысанына
сәйкес 4 типі бар: 1) қанның сары суындағы SAA-белок тектес – AA-белок
(иммунглобулиндермен ассоцияцияланбаған); 2) иммунглобулиндердің L-
тізбегінен (жеңіл тізбегінен) түзілетін (иммунглобулиндермен ассоцияциялы) –
АL-белок; 3) негізін преальбумин құрайтын AF-белок және 4) ASC-белок (ол да
преальбуминнен түзіледі); олардың аналогтары (SАА белок)
қанның
сарысуынан табылады.
Амилоидтағы
белок
талшықтарын
арнайы
сарысулар
көмегімен
иммунгистохимиялық тәсілді қолданып немесе бірқатар химиялық (калий
перманганаты мен сілтілік гуанидин реакциялары) және физикалық (автоклавтау)
реакциялары арқылы анықтауға болады.
Амилоидбластылар
түзетін
талшықты
белоктар
плазмалық
глюкопротеидтермен күрделі қоспалар түзеді. Амилоидтағы бұл
плазмалық
компонент
(P-компонент) – таяқша тәрізді құрылым («ырғақты таяқша»; 33-
сурет). Амилоидтың талшықты және плазмалық құрам бөліктерінің антигендік
қасиеті бар. Амилоидтың талшықтары мен плазмалық бөлігінен және тіндік
хондроитинсульфаттардан түзілген кешенге гематогендік үстемелер қосылады;
олардың ішінде ең маңыздылары – фибрин мен иммундық кешендер.
Амилоидтағы белоктар мен полисахаридтердің
өзара байланысы өте берік,
сондықтан да амилоидқа организмдегі әртүрлі ферменттер әсер ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: