Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет109/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   832
Байланысты:
струков патан

сынатәрізді
 
(46-49-суреттер): оның табаны мүшенің сырт жағына, 
ұшы қақпасына бағытталған. Бітімі осындай инфарктілер мүшенің 
ангиоархитектоникасына сәйкес, артериялары магистрал типте тармақталған 
талақта, бүйректе, өкпеде қалыптасады. Кейде инфарктінің бітімі 
әрқилы 
пішінді
(49-суретті қара). Ондай инфаркт артериялары магистрал типті емес 
шашырай немесе аралас тармақты, жүрек, ми, ішек сияқты мүшелерде 
кездеседі. Инфаркт мүшенің басым бөлігін немесе оны түгел қамтиды 
(
субтотал
немесе 
тотал
инфаркт
), енді бірде, микроскоппен ғана көрінеді 
(
микроинфаркт
). Егер инфарктіде 
коагулициялық некроз
дамыса, өлі тін 
қатайып, құрғайды (миокард, бүйрек, талақ инфарктісі), ал 
колликвациялық 
некроз
орын алса, онда ол жұмсарып, сұйылады (ми, ішек инфарктісі). 
46-сурет. Талақ инфарктісі:
а — табаны қабық жағына қараған үшбұрышты ақ түсті ишемиялық инфаркт; 
б — тап сол талақтың ангиорентгенграммасы. Инфаркт аймағында қан тамырлары жоқ.
 
47-сурет. Бүйректің инфарктісі:
а — бүйректің кемері геморрагиялы ақ инфарктісі (кесіндісіндегі пішіні); 
б —тап сол бүйректің ангиорентгенграммасы. Инфаркт аймағында қан тамырлары жоқ.
 
48-сурет. Өкпенің 
геморрагиялы инфарктісі:
а — альвеолаларға қан толған; б — өкпенің 
ангиорентгенграммасы.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
100
49-сурет. Миокард инфарктісі:
а — миокард инфарктісінің ангиорентгенграммасы (үй қояны жүрегінің сол 
жақ тәждік артериясының құлдырама тармағын байлап жасалған үлгісі); ишемия аймағының қан 
тамырлары бос; б —ишемиялық инфаркт ошағы геморрагиялы аймақпен қоршалған; в —
миокардтағы инфаркт ошағы грануляциялық тінмен қоршалған.
 
Әдетте сыртқы түсіне қарай, инфаркт ақ, қызыл және кемері геморрагиялы ақ 
түрлерге ажыратылады. 
Ақ (ишемиялық) инфаркт
дамыған жерінің төңірегіндегі тіннен айқын 
шектеліп, ақшыл сары түсті болады (46-сурет). Ол коллатеральдық 
қанайналымы жеткіліксіз жерлерде қалыптасады. Әсіресе талақ пен бүйректе 
жиі байқалады. 
Кемері геморрагиялы ақ инфарктіде
өлі жердің түсі ақшыл сары, оның жиегі 
қан құйылған қызыл жолақпен қоршалады (47,49-суреттер). Геморрагиялы 
(қызыл) кемерлі инфарктінің жиегіндегі қан тамырлар алдымен тарылып, кейін 
күрт кеңігенде құйылған диапедездік қанды ошақтар құрайды. Инфарктінің бұл 
түрі бүйрек пен миокардқа тән. 
Қызыл (геморрагиялы) инфаркт
қан сіңгендіктен қызыл түсті, айқын 
шектелген. Қанның некроз ошағына сіңуіне веналық іркілу қолайлы(48-суретті 
қара). Инфарктінің қан сіңіп, қызыл болуына мүшенің ангиоархитектоникалық 
ерекшеліктерінің де (бронхылық артерия мен өкпелік артерия арасындағы 
анастомоз) айтарлықтай әсері бар. Геморрагиялық инфаркт, әдетте өкпеде, 
кейде ішекте, талақта, бүйректе байқалады. 
Жүректе (миокард), мида, өкпеде, бүйректе, талақта, ішекте дамыған 
инфарктінің клиникалық маңызы ерекше. 
Жүрек
инфарктісі көбіне сол жақ қарынша мен қарыншааралық пердеде 
дамып (49-сурет), оң жақ қарынша мен жүрекшеде сирек кездеседі. Әдетте, 
кемері геморрагиялы ақ инфаркт қалыптасып, бітімі әрқилы пішінді болады. 
Өлі ошақ эндокардтың астын (
субэндокардтық инфаркт
), эпикардтың астын 
(
субэпикардтық инфаркт
) немесе миокардтың қалың қабатын қамтиды 
(
трансмурал инфаркт
). Инфарктінің төңіртегінде некрозды шектейтін қабыну 
үдерісі өрістеп, эндокардтың онымен тұстас жерінде көбінесе тромб түзіледі, 
перикардта фибринді қабыршық пайда болады. Миокард инфарктісіның көбі 
атеросклероздан, гипертония ауруынан дамыса да, оның өзі дербес ауру деп 
танылады («
Жүректің ишемиялық ауруын
» қара). 
Мидың 
инфарктісі, әдетте, - ақ инфаркт. Ол тез жидіп жұмсарады (мидағы 
жұмсарған ақ ошақ; 50-сурет). Егер инфаркт қанайналымы тым өзгерген немесе 
веналық қан ұзақ іркілген кезде қалыптасса, өлі тінге қан сіңіп, қызыл түске 
боялады (мидағы жұмсарған қызыл ошақ). Инфаркт, әдете мидың қыртыстық 
түйіндерінде дамып, өткізгіш жолдарын зақымдап, параличке ұрындырады. 
Жүрек инфарктісі сияқты, мидың инфарктісі де атеросклероз бен гипертония 
ауруынан дамығанмен, ол – ми тамырлары ауруының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет