Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


торлы қабықшасында, бауырда, бұлшықетте



Pdf көрінісі
бет111/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   832
Байланысты:
струков патан

торлы қабықшасында, бауырда, бұлшықетте
сүйекте
де байқалады. 
Даму себептері
. Инфаркт артерияларда 
ұзақ мерзімді спазм

тромбоз
немесе 
эмболия
орын алғанда, 
қан қажетті мөлшерде жеткізілмеген мүшеге 
қажытатын функциялық күш түскенде
дамиды. Артериялар қабырғаларының 
зақымдалу, саңылауының тарылу (атеросклероз, облитерациялы эндартерит), 
қанайналымның бұзылу (мысалы, веналық іркілу) дәрежесі мен тромбының 
немесе эмболдың артерияны бітеген деңгейіне сәйкес болмаған 
анастомоздар
мен 
коллатеральдар жеткіліксіздігінің
инфарктінің қалыптасуына әсері орасан. 
Сондықтан инфаркт, әдетте артериялар қабырғасы ауыр зақымдалатын және 
қанайналымы жалпы бұзылатын ауруларда дамиды (ревматизмдік аурулар, 
жүрек кемістігі, атеросклероз, гипертония ауруы, сепсистік ұзақ эндокардит). 


Нуржігіт Алтынбеков 
102
Қанмен қамтамасыз етілуі қалпынан тайып, функциялық күш түскен мүшеде, 
әдетте жүректе, дамитын инфарктіге де коллатеральдардың жедел 
жеткіліксіздігі себеп болады. Қан іркілген венада тромб түзілген кезде дамитын 
веналық инфаркті
де анастомоздар мен коллатеральдар жеткіліксіздігінен 
туындайды. Инфарктінің қалыптасуына ишемиялық инфарктіні дамытатын 
тіндік зат алмасуыдың
, яғни метаболизмдік ахуалдың да әсері зор. Инфаркт 
дамыған мүше мен тіндерде заталмасулық үдеріс, әдетте қалыпты деңгейде 
болмайды; өйткені қанайналымы бұзылып, гипоксия дамиды. Тек магистрал 
артериялар бітелген кезде ғана, қанайналымдық өзгерістер мен тіндік 
метаболизм бұзылмаса да, инфаркт дами береді. 
Инфарктінің
ақыры
, оның дамуына себеп болған факторлар мен оны 
асқындыратын аурулардың ерекшеліктеріне, қалыптасқан организм мен 
мүшенің ахуалына және некроздың ауқымына байланысты. Ұсақ ишемиялық 
некрозды ошақ аутолиз дамып, кейін толық қалпына келеді. Құрғақ некрозды 
инфарктінің 
ақыры 
көбінесе 
қолайлы; 
тыртықтанып

беріштенеді 
(
организация; 
51-сурет). Геморрагиялық инфаркт беріштенгенде, әдетте 
петрификат түзіледі немесе гемосидероз байқалады. Колликвациялық некрозды 
инфарктінің (мысалы, мида) орнында жылауық қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет