Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет117/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
106
дақтар, яғни 
мәйіттік
имбибиция
дамиды. Бұл дақтар қошқыл қызғылт түсті, 
саусақпен басқанда жойылмайды. 
Мәйіттің бұзылуына
аутолиз бен мәйіттің шіруі себеп болады. 
Мәйіттің
аутолизі
жасушаларында гидролиздік (протеолиздік) ферменттер көп безді 
мүшелерден (бауыр, ұйқы безі, асқазан) басталып, өте қарқынды жүреді. Сөлі 
өте белсенді болғандықтан, асқазан өзін өзі қорытады (гастромаляция). Асқазан 
сөлі өңешке құйылса, ол да қорытылуы мүмкін (эзофагомаляция). Асқазандағы 
сөл деммен тыныс жолдарына өтсе (аспирация), өкпенің «қышқылдық» жидуі 
(
pneumomalacia acida
) байқалады. 
Ішекте көбейген шіріткіш бактериялар мәйіттің тіндерін жайласа, аутолизге 
шіру үдерісі
қосарланады. 
Шірігенде мәйіттік аутолиз үдеп, тіндер жидіп, қоңырлау жасыл түске боялып 
(ыдыраған гемоглобиннің өнімдеріне күкіртті сутек әсер етіп, темір сульфиді 
түзіледі), өте жаман иістеніп, сасиды. 
Мәйіт шірігенде түзілген газ ішекті қампитады, көпіршіктері тіндер мен 
мүшелерге жиналып, саусақпен басқанда сықыр (крепитация) сезіледі 
(
мәйіттік
эмфизема
). 
Аутолиздың 
қарқыны 
қоршаған 
ортаның 
температурасына байланысты болғандықтан, мәйітті тоңазытқышта сақтау 
қажет. Бальзамдаған мәйіт біраз уақыт шірімейді; дегенмен мүшелердің 
сыртқы пішіні өзгереді. Сондықтан патологиялық анатомия және сот 
медициналық зерттеу жүргізгенде ол мүшелердегі үдерістерді жаңсақ пайымдау 
қаупі бар. 


Нуржігіт Алтынбеков 
107
 Қанайналымы мен лимфаайналымының 
бұзылуы 
Құрылымы мен қызметі біртүтас жүйе қалыптастыратын қанайналымы мен 
лимфаайналымы мүшелерінің қалыпты қызметінсіз организмнің тіршілігі 
қалыпты болады деп ойлау санаға сыймайды.
Қандай да тін мен мүшенің арнайы қызметіне қажетті заталмасулық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет