Нуржігіт Алтынбеков 105
Мәйіттің сіресуі (
rigor mortis ) – ерікті және еріксіз қимылдайтын
бұлшықеттердің
қатаюы.
Өлгеннен
кейін
бұлшықеттегі
қалдық
аденозинүшфосфат қышқылы жұмсалып, сүт қышқылы жиылады. Сіресу,
әдетте өлгеннен кейін 2-5 сағаттан соң басталып, бірінші тәуліктің соңында
бұлшықеттерді түгел қамтиды. Алдымен жақ пен беттің мимикалық,
бұлшықеттері, кейін мойынның, дене мен қол және аяқтың бұлшықеттері
сіреседі. Бұлшықеттер қатайып, қолды, аяқты бүгу үшін біраз күш жұмсауға
тура келеді. Мәйіттің сіресуі 2-3 тәуліктің ішінде, дамыған бағытына сәйкес
біртіндеп босаңсиды. Күш салып босаңсытқаннан кейін сіресу қайта пайда
болмайды.
Мәйіттің бұлшықет жүйесі жақсы қалыптасқандарда, құрыспадан (мысалы,
делебе, тырысқақ аурулары, стрихнинмен улану) қайтыс болғандарда өте айқын
болып, жылдам сіреседі. Қарттарда, балаларда, қатты жүдеп немесе сепсистен
қайтыс болғандарда нашар дамып, шала туған нәрестеде мүлде байқалмайды.
Қоршаған ортаның температурасы төмен болса, өліктің сіресуі баяу дамып,
ұзаққа созылады. Жоғары температурада сірескен бұлшыққеттер жылдам
босаңсиды.
Мәйіттің кебірсуі . Мәйіттің денесі кеуіп, ылғалын жоғалтқандықтан
кебірсиді. Мәйіттің әр жері ғана немесе өне бойы толық кебірсуі мүмкін
(
мәйіттің мумификациясы ). Алдымен тері, көз алмасы, кілегейлі қабықшалар
құрғайды.
Көздің қасаң қабықшасы құрғап
көмескі тартады. Егер көзі ашық
қалса, ақ қабықшада үшбүрышты құрғақ, қоңырлау дақ пайда болып, оның
табаны қасаң қабықшаға, ұшы көздің қиығына бағытталады. Кілегейлі
қабықшалар, әдетте құрғақ, қатты, қоңырлау. Терінің эпидермисі қопсып
(мацерация) зақымдалған жерлерінде құрғақ, сарғыш қоңыр түсті пергамент
(жарғақ) тәрізді дақтар қалыптасады. Кебірсігенде қалыптасатын бұл пергамент
тәрізді дақтарды тірі кездегі сызаттар мен күю ошағынан ажырату оңай емес.
Мәйіттегі қанның орны ауысқанда веналық тамырларды қан кернеп,
артериялар босап қалады. Өлгеннен кейін қан, әдетте веналық тамырлар мен
жүректің оң жақ бөлігінде ұйиды. Өлікте ұйыған қанның жентегі тегіс, жылтыр,
сары немесе қызыл реңді, іркілдек созылмалы. Ол қан тамырының, жүректің
қабырғасымен, тромб сияқты жалғаспай, ішінде бос жатады. Кенеттен
өлгендерде жентек аз, ал баяу өлгендерде – көп.
Асфиксиядан өлгендердің мәйітіндегі қан ұйымайды; біраздан кейін мәйіттік
гемолиз дамиды.
Мәйіттік дақ өліктегі қанның орнының ауысуы барысында қалыптасып,
дененің жатқан (тұрған) қалпына сәйкес жайғасады. Қан төмен қарай ағып,
венаға жиналады, сондықтан өлгеннен кейін 3-6 сағаттан соң
мәйіттік гипостаз пайда болады. Мәйіттік гипостаздың түсі қоңырлау күлгін; саусақпен
басқанда бозарады; қысым түскен жерде (жатқан мәйіттің сегізкөзі, жауырыны)
болмайды. Ол веналық қан жалпы іркілетін аурулардан өлгендерде айқын, ал
қаны аздар мен қатты жүдегендерде нашар көрінеді.
Мәйітте эритроциттер гемолизі өрбіген кезде, қанның плазмасымен араласқан
гемоглобин қан тамырларынан диффузиялық жолмен шығып, мәйіттік гипостаз
аймағына біртіндеп сіңіп, оның реңін өзгертеді. Сөйтіп, мәйіттік кешеуіл