Нуржігіт Алтынбеков
104
асқынғанда байқалады (мысалы, қолқа жыртылып тым көп қан кету,
артерияның тромбымен бітелуі, миокардта жедел ишемия дамуы,
гипертониямен сырқаттың миына қан құйылу, т.б.).
Организмдегі
өзгерістердің
қайтымды
немесе
қайтымсыздығы
тұрғысынан, өлім клиникалық және биологиялық түрлерге бөлінеді.
Клиникалық өлімде
тынысалу және қанайналымдық үдерістер тоқтайды, бірақ
олар бірнеше минут бойы (мидың қыртыстық қабатының тіршілігі тоқтағанша)
қайтымды. Клиникалық өлімнің мәні – ерекше гипоксиялық ахуал қалыптасып,
қанайналымы мен оны реттейтін орталықтың (ОЖЖ) әрекеті тоқтайды.
Клиникалық өлім
агониялық
кезеңмен
(грекше:
agon
– күрес, жанталас)
басталады Ол – гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының
терминал
(ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігінің бейнесі (аритмия, сфинктрлер параличі,
құрыспа, өкпенің сулы ісінуі). Сондықтан, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа
созылатын агониялық кезеңді – клиникалық өлімнің
ақтық
кезеңі
деп түсінген
жөн. Ақтық кезең мен клиникалық өлім жағдайында реанимациялық
(жансақтау) шаралар кешені қолданылады (латынша:
re
— қайта және
animatio
– тірілту). Медицинаның организм тіршілік әрекетінің сөнуі мен қайта қалпына
келу заңдылықтарын зерттейтін ерекше саласы
Достарыңызбен бөлісу: