Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет147/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
131
лимфалық жүйенің бейімделу қарымы жетпей, капиллярлар мен тамырларды 
лимфа кернейді. Олардың қабырғалары жұқарып, саңылаулары тым кеңіп, 
лимфангиэктаздар
қалыптасады және лимфаны әкететін тамырлар көп 
бултықтанып, 
лимфалық 
тамырлар 
варикозды 
кеңейеді

Ақырында 
лимфаайналымының жеткіліксіздігінен лимфагендік суланып ісіну, яғни 
лимфедема дамиды. 
Лимфедеманың
(грекше: 
oidao
– ісінемін) біразы жедел ағымды (жедел 
лимфедема) болғанмен, көбі созылмалы ағымды (созылмалы лимфедема). 
Жедел лимфедема да, созылмалысы да жалпы және жергілікті (регионал) 
болады. 
Жедел жалпы лимфедема
сирек кездеседі. Мысалы, бұғанаастылық венаның 
екі жақтағысын да тромб бітегенде, қуыс веналардағы қысым артып, лимфа 
көкірек қуысындағы лимфалық өзекке ретроградты іркіледі де, кейін бұл үдеріс 
каппиллярлар жүйесін де қамтиды. 
Созылмалы жалпы лимфедема
— 
созылмалы веналық іркілу үдерісіне, яғни қанайналымының созылмалы 
бұзылуына тән құбылыс. Сондықтан оның клиникалық маңызы зор. 
Жедел жергілікті (регионарлық) лимфедема
лимфаны әкететін тамырлар 
бітелгенде (мысалы, рактық эмбол) немесе қысылғанда (операцияда байлау), 
жедел ағымды лимфадениттен, лимфалық тамырлар мен түйіндерді сылып 
тастағанда (экстирпация), тағы басқа да себептерден дамиды. Ол қайтымды; 
коллатеральдық лимфаайналымы қалыптасуымен лимфа ағысы калпына келеді. 
Созылмалы жергілікті (регионарлық) лимфедеманың
клиникалық маңызы 
ерекше; оның тума және жүре болатын түрлері бар. 
Тума
түрі лимфалық 
тамырлар шала жетілген (гипоплазия) немесе мүлде қалыптаспаған (аплазия) 
аяқта дамиды. 
Жүре болатын
түрі лимфалық тамырлар қысылғанда (ісік, 
липоматоз) немесе босап қалғанда (созылмалы қабыну, склероз), созылмалы 
қабынғанда, лимфалық түйіндер тобын алып тастағанда (сүт безіне толық 
ауқымды (радикал) операция), лимфалық тамырларды дәнекер тін жайлағанда 
(склероз), веналық тромбозда, флебиттен, артерия-веналық жыланкөз 
қалыптасқанда, т.б. себептерден дамиды. Лимфа ұзақ уақыт іркілгенде дамыған 
гипоксияның дәнекер тінді көбейтетін (
склерогенді
) әсері бар; сондықтан 
фибробластылардың коллаген түзетін қабілеті артып, олар көбейеді. Тін, әсіресе 
аяқтың терісі мен шел майы қалыңдап, қатаяды, сыртқы пішіні өзгереді; оны 
шораяқ
(
слоновость
) деп атайды (62-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет