Нуржігіт Алтынбеков
133
мөлдір сұйықтық ағады.
Ми
суланып ісінген кезде субарахноидтық кеңістіктері
мен қарыншаларын мөлдір сұйықтық кернеп, ұлғаяды. Мидың паренхимасы
жылтыр, кескенде капиллярларынан шыққан қан, оның айналасына жиналған
сұйықтыққа араласып, жайыла ағады. Кейде мидың суланып ісінуі мен
паренхималық ісінуі қосарланады. Ісінген мидың, әсіресе ақ затында су тым
көбейіп, иірімдері тегістеліп, қарыншалары кішірейеді. Кескенде мидың
паренхимасы пышаққа жабысатын болады. Мидың өзі мен бассүйегінің ішіндегі
қысым жоғарлап, мишық шүйделік үлкен тесікке кептеледі. Суланып ісінген
бүйрек
те ұлғайып, қабығы оңай сыдырылатын болады, үстіңгі беті мен
кесіндісі бозғылт тартады. Суланып ісінген кілегейлі қабықшалар, көмескі
тартып, желатина тәрізденеді.
Микробейнесі.
Сіңген сұйықтық аралық затты сұйылтып, жасушалардың
арасын ажыратып, коллагендік, эластикалық және ретикулалық талшықтар
жіңішкелеу талшықтарға тарамдалады. Сулы ісінгенде жасуша сұйықтықпен
сығымдалады немесе, керісінше, ісінеді, цитоплазмасы мен ядросында
вакуольдер пайда болып, некробиоздық өзгерістер дамиды; ақыры жойылады.
Дене
қуыстарының
сірі
қабықшасының
мезотелийі
ісініп;
кейде
қабыршықтанып сыдырылады. Бірде, кеңіген лимфалық тамырдың қабырғасы
жыртылып, лимфаррагия дамып, сулы сұйықтыққа лимфа араласады. Сулы
ісіну кезінде
өкпенің
алдымен аралық тіні, кейін альвеолалары, мидың
тамырлары мен жасушаларының айналасы (периваскулалық, перицеллюлалық
суланып ісіну) суланады. Ісінген мидың глиялық талшықтары деструкцияға
ұшырап, миелині ыдырап, астроциттері ісінеді.
Достарыңызбен бөлісу: