Нуржігіт Алтынбеков
132
Хилоторакс
кезінде көкірек қуысына хилездік сұйықтық жиналады. Оның
дамуына көкірек қуысындағы лимфалық өзектің зақымы, тромбымен немесе
ісікпен бітелуі себеп болады.
Лимфалық жүйе
жеткіліксіздігінің
зардаптары
мен
маңызы
– ең алдымен
лимфалық жүйенің ғана емес, веналық жүйе (веналық іркілу) жеткіліксіздігінен
тіндік метаболизмнің бұзылуында. Нәтижесінде тіндік гипоксия жедел
лимфедемадан дамыса, дистрофия мен некробиоздық үдерістер,
лимфа
ағысының іркілуі созылмалы болса, атрофия мен склероз дамиды. Сөйтіп,
лимфа іркілсе де, қан іркілсе де гипоксия дамитындықтан, мүшелер мен тіндер
стереотипті (таптаурынды) өзгереді. Лимфалық және қанаайналымдық
жүйелердің құрылым-қызметтік үйлесімділікте
болтынын ескерсек, бірқатар
патологиялық үдерістердің патогенездік механизмдерінің ортақтығы және
сабақтастығы түсінікті жайт.
Тіндік сұйықтық мөлшерінің өзгерістері
Тіндік сұйықтықтың мөлшері
қанайналымы мен лимфаайналымының және
қан тамыры-тінаралық өткізгіштіктің деңгейіне тәуелді. Сондай-ақ, ол қан мен
лимфаның және тіндік сұйықтық жиналатын жасуша мен жасушааралық заттың
қалпына байланысты. Тіндік сұйықтықтың мөлшерін жүйке-гуморальдық
механизмдер
реттейді; әсіресе альдестерон мен гипофиздің антидиурездік
гармонының маңызы зор.
Тіндік сұйықтықта белок аз (1% шамасында) және жасушаларда ол белоктық
коллоидтармен, ал дәнекер тінде негізгі заттың белоктары және
гликозамингликандарымен қосылыс түзеді.
Сұйықтықтың негізгі бөлімі
жасушааралық затта. Тіндік сұйықтықтың алмасуы бұзылса, ол азаяды немесе
көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: