Нуржігіт Алтынбеков 171
82-сурет. Қан тамырының бүршіктену арқылы жаңғыруы. Ірі тамырлардың пластикалық мүмкіндігі шамалы, сондықтан олардың
зақымдалған (атеросклероз, артериит, аортит, аневризма, жарақаттан) ішкі
қабаты ғана, яғни эндотелийлік астары ғана толық қалпына келе алады, ал
ортаңғы және сыртқы қабаттарын дәнекер тін жайлап, кейде тамырдың
саңылауын тарылтады немесе мүлде бітеп тастайды.
Дәнекер тіннің регенерациясы мезенхималық жас жасушалар мен
микротамырлардың көбеюінен басталып, құрамында жасушалар мен жұқа
қабырғалы капиллярлар көп, өзіндік сыртқы бітімі бар, өндіршін дәнекер тін
қалыптасады. Ол қошқыл қызыл түсті, шырынды, үсті ірі гранулалы, сондықтан
оны
грануляциялық тін деп атайды. Гранулаларды грануляциялық тіннің негізін
құрайтын, жараның беткейінен шығынқылау жайғасқан жұқа қабырғалы жаңа
тамырлар иірімдері құрайды. Тамырлардың арасындағы дәнекер тінді
лимфоцитке ұқсайтын толыспаған жасушалар, лейкоциттер, плазмалы
жасушалар мен лаброциттер жайлайды (83-сурет). Кейін
грануляциялық тіннің жетілу барысында жасушалық элементтер, талшықты құрылымдар мен
тамырлар толысады. Құрамындағы гематогендік элементтер азайып,
фибробластылар көбейеді. Фибробластылар коллаген түзіп,
аргирофилді , кейін
коллагенді талшықтар пайда
болады.
Фибробластылар
түзген
гликозамингликандар
дәнекер
тіннің
негізгі затына жұмсалады.
Фибробластылар жетіле келе, коллаген талшықтары көбейіп, буда-буда болып
топтасады. Бұл үдерістің барысында қан тамырларының саны азайып, толысып,
артериялар мен веналарға айналады. Ақырында жетілген грануляциялық тіннің
орнын
жуан талшықты тыртықтық тін басады.