Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет194/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   832
83-сурет. Грануляциялық тін. 
Жұқа қабырғалы тамырлардың арасында шала толысқан дәнекер тіндік 
жасушалар мен аргирофилді талшықтар көп.
 
Күміспен импрегнация

Дәнекер тін өзі зақымдалғанда ғана емес, басқа тіндердің шала регенерациясы 
кезінде, беріштенгенде (мысалы, инкапсуляция), жарақат жазылғанда, өнімдік 
қабынудың ақырында жаңадан қалыптасады. 
Грануляциялық тіннің жетілу барысы 
ауытқуы
мүмкін. Грануляциялық тін 
қабынса, оның жетілуі кідіріп, ал фибробластылардың синтездік қабілеті үдесе, 
коллаген талшықтары тым көп түзіліп, айқын бейнелі гиалиноз дамиды. 
Ондайда, теріде ісік тәрізді томпайып тұратын, көкшіл қызыл түсті тыртықтық 
тін – 
келоид
қалыптасады. Келоидты тыртық терінің әртүрлі, әсіресе күйгендегі 
жарақатында пайда болады. 
Майлы тіннің регенерациясы
кезінде дәнекер тіндік жасушалар түзіліп, 
цитоплазмасына май жиыла келе, майлы жасушаларға, яғни адипозоциттерге 
айналады. Майлы жасушалар шоғырланып, қантамырлы және жүйкелік 
сабақтар араласқан дәнекер тін жолақтарымен шектелген бөлікшелер түзеді. 
Майлы тін май жасушасының ядросы сақталған қалдықтары арқылы да 
жаңғыра алады. 
Сынған 
сүйек тіні регенерациясының
сапасы сүйектің сыну сипатына, 
қаншалықты 
дұрыс 
түйістірілуіне 
(репозиция), 
жергілікті 
жағдайға 
(қанайналымы, қабыну, т.б.) байланысты. Сүйектің сынықтары орнынан 


Нуржігіт Алтынбеков 
172
таймаған, яғни 
асқынбаған сынықтар
біріншілік жалғасу арқылы қалпына 
келеді. Сынған жер мен гематомадағы сүйек сынықтарының арасын алдымен 
жас мезенхималық элементтер мен тамырлар жайлайды. Сөйтіп, 
алғашқы 
дәнекер тіндік сүйел
(84-сурет) пайда болып, онда сүйек тіні қалыптаса 
бастайды. Зақымдалған жердің периосты мен эндостындығы остеобластылар 
жанданып, көбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет