Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Жеке тіндер мен мүшелердің регенерациясы



Pdf көрінісі
бет192/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   832
Жеке тіндер мен мүшелердің регенерациясы 
Қанның
репарациялық регенерациясының
физиологиялық регенерациядан 
басты айырмашылығы – оның қарқындылығында. Жілік майын жанданған 
сүйек кемігі ығыстырып (сүйек майының миелоидтық тінге айналуы), жілік 
қуысында қошқыл қоңыр түсті, шырынды қанжасам ұялары қалыптастады. Қан 
жасайтын түпкі жасушалар 
сүйек кемігінен
шығып, басқа мүшелер мен тіндерді 
жайлап, талақта, бауырда, лимфалық түйіндерде, кілегейлі қабықшаларда, май 
клетчаткасында 
экстрамедуллалық
(гетеротропиялық) 
қанжасам
ошақтарын
түзеді. 
Қан регенерациясының даму барысы 
күрт
тежелуі
(мысалы, сәулелік ауру, 
аплазиялық анемия, алейкия, агранулоцитоз) немесе 
бұрмалануы
(қатерлі 
анемия, полицитемия, лейкоз) мүмкін. Ондайда қанға жетілмеген, өз қызметін 
сапалы атқара алмайтын әрі жылдам ыдырайтын қан жасушалары араласады. 
Бұны 
қанның патологиялық регенерациясы
деп атайды. 
Қанжасам мүшелері мен иммунитетке жауапты жүйенің репарациялық 
мүмкіндігі біртекті емес. 
Сүйек
кемігінің
пластикалық мүмкіндігі өте жоғары, 
сондықтан ол зақымы ауқымды болса да бұрынғы қалпына келе береді. 
Лимфалық
 
түйіндер
олардың кірер және шығар лимфалық тамырлары 
төңірегіндегі дәнекер тінмен байланысын жоғалтпаса ғана толық қалпына 
келеді. Ал, 
талақ
зақымдалса, әдетте регенерация шала болып, жойылған тіннің 
орнын тыртық басады. 
Қан
мен 
лимфалық
тамырлардың
регенерациясы
олардың калибріне қарай, 
әртүрлі. Микротамырдың регенерациялық қарымы ірі тамырдың мүмкіндігінен 
басымдау. Микротамыр 
бүршіктену
арқылы
(82-сурет) немесе аутогенді 
жаңғырады. Тамырдың регенерациясы бүршіктену арқылы жүзеге асса, 
олардың қабырғаларынан эндотелийлік жасушалар (ангиобластылар) қарқынды 
өсіп, тізбек түзеді. Кейін бұл тізбектердің арасында саңылау қалыптасып, 
эндотелиймен астарланып, түтікке айналады да, оған «аналық» бастау тамырдан 
қан немесе лимфа құйылады. Қан тамыры қабырғасының басқа элементтері 
эндотелий мен тамырды қоршаған дәнекер тін жасушаларынан туындайды. 
Жаңа жүйкелік тармақтар бұрынғы жүйкелік сабақтардан жайылады. Тамырлар 
аутогенді жолмен 
жаңарса, дәнекер тінде толыспаған жасушалар 
шоғырыланып, арасында пайда болған саңылауға бұрынғы капиллярлардан қан 
жүреді. Дәнекер тіннің өндіршін элементтерінен қан тамырының эндотелийлік 
астары мен басқа да элементтері қалыптасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет